Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Алматы қ. филиалы
19
Jan
26

FIZMAT Education Fair – 2026



Алматы қаласында XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында FIZMAT Education Fair – 2026 білім беру көрмесі өтті.

Іс-шараға 25 жоғары оқу орны мен білім беру ұйымдары қатысты. Көрмеде Nazarbayev University, Satbayev University / City University, Narxoz University, Алматы технологиялық университеті, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (ҚазГАСА), Ядролық зерттеулер ұлттық университеті МИФИ-дің Қазақстандағы филиалы (КФ МИФИ), Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Yasawi University), Солтүстік Қазақстан университеті (Манаш Қозыбаев атындағы), сондай-ақ Arizona State University, MBZUAI (Mohamed bin Zayed University of Artificial Intelligence), Xiamen University Malaysia сияқты шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері болды.

Сонымен қатар көрмеге EducationUSA, American Space, QS Ranking, Interpress Study Abroad, Swiss Institute of Technology and Entrepreneurship, Czech Educational Center, Hansan білім беру орталығы, Fizmat Academy қатысып, халықаралық білім беру мүмкіндіктерін таныстырды.

Тілдік және академиялық дайындық бағытында IDP IELTS, IELTS Embassy, TOEFL (Macmillan баспамен бірлесіп), Француз Альянсы өз бағдарламаларын ұсынды.

Қатысушы ұйымдар екі мыңнан аса оқушыға білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары мен академиялық мүмкіндіктер туралы кең көлемді ақпарат беріп, кәсіби бағдарға қатысты кеңес ұсынды.

FIZMAT Education Fair – 2026 дарынды оқушылар үшін жоғары білім кеңістігін бағдарлауға бағытталған маңызды алаңға айналып, халықаралық олимпиада аясындағы білім беру мазмұнын толықтырды.


Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    14
    Jan
    26

    FIZMAT Education Fair – 2026

    Алматы қаласында XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында FIZMAT Education Fair – 2026 білім беру көрмесі өтті. Іс-шараға 25 жоғары оқу орны мен білім…

      10
      Jan
      26

      Алматыда Жәутіков олимпиадасы қатысушыларын салтанатты қарсы алу

      Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасына келген халықаралық командалар мен қатысушыларды Қазақстанның ұлттық өнері мен қонақжай дәстүріне…

        10
        Jan
        26

        Алматыда Математика, физика және информатика бойынша Халықаралық Жәутіков олимпиадасы IZhO2026 өтеді

        2026 жылғы 10-15 қаңтар аралығында Алматыда оқушыларға арналған математика, физика және информатика бойынша 22-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтеді. Олимпиадаға әлемнің 16 елінен 622…

          10
          Jan
          26

          FIZMAT Education Fair – 2026

          XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында өтетін «FIZMAT Education Fair – 2026» халықаралық білім беру көрмесіне барлық оқушыларды шақырамыз ✨ «FIZMAT Education Fair –…

            09
            Dec
            25

            Байқау тесті басталды!

            Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына түсуді жоспарлап жүрген барлық оқушылар үшін байқау тестінің алғашқы нұсқасы жарияланды. Байқау тесті барлық оқушылар үшін қолжетімді. Тест онлайн…

              08
              Dec
              25

              VIII Халықаралық ашық шығармашылық IMPACT Olympiad байқауы

              ✨Құрметті достар!✨ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы математика, физика және информатика пәндері бойынша дарынды, шығармашыл ұстаздар…

                07
                Dec
                25

                VIII Fizmat Elementary Math Olympiad (FEMO) халықаралық олимпиадасының қысқы кезеңі

                FEMO (Fizmat Elementary Math Olympiad) — Республикалық физика-математика мектебі мен Астана қаласындағы Fizmat Academy жүзеге асырып отырған авторлық халықаралық білім жобасы. Биыл бұл…

                  05
                  Dec
                  25

                  Жүлдегерлерді марапаттау

                  Жүлдегерлерді марапаттау: 6 желтоқсан сағат 11:00. Өтетін орны: РФММ мәжіліс залы. Үйлестіру: 5 желтоқсан (онлайн) 17:00-20:00. Геометрия https://meet.google.com/tdf-kbzz-fid Физика https://meet.google.com/gkx-fcjs-dtb Информатика https://meet.google.com/tpx-bmhy-mqm

                    04
                    Dec
                    25

                    XXVI Ашық Қалалық Жәутіков олимпиадасының іріктеу кезеңі!

                    2025 жылдың 20 желтоқсанында төмендегі пәндер бойынша оқушыларға арналған онлайн-іріктеу өтеді: Математика (6–8 сынып) Физика (7–8 сынып) Информатика (6–8 сынып) Олимпиаданың мақсаты: талантты…

                      28
                      Nov
                      25

                      Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р

                       Республикалық физика-математика мектебі 2026–2027 оқу жылына оқушыларды 7-сыныптарға қабылдауға арналған конкурстық іріктеу бойынша маңызды мерзімдердің бекітілгенін хабарлайды.  6-сынып оқушыларына арналған қабылдау емтиханына онлайн тіркелу 2026…