Некоммерческое
акционерное общество
Республиканская физико-
математическая школа
07
Sep
20

Информатика бойынша еуропалық жасөспірімдер олимпиадасындағы алтын медаль иегері (Грузия, Тбилиси, 2-6 қыркүйек)



Алматы РФММ 9 “F” сынып оқушысы Ли Ван Қазақстан құрама командасының құрамында 2-6 қыркүйек аралығында онлайн форматта өткен Информатика бойынша еуропалық жасөспірімдер олимпиадасына (European Junior Olympiad in Informatics (EJOI) қатысты. Пандемияға байланысты өткізу қиындықтарына қарамастан, биыл төртінші рет өткізілген олимпиаданы Грузия ұйымдастырды. Биыл олимпиадаға 27 елден 92 оқушы қатысты. Алдыңғы EJOI олимпиадалары Болгарияда (2017ж.), Татарстанда (2018ж.) және Словенияда (2019ж.) өткізілді.

Екі турдың нәтижесі бойынша Ван өте жақсы нәтиже көрсетіп, 92 қатысушы арасында бесінші орынды иеленіп, алтын медаль жеңіп алды. Қазақстан құрамасының қалған 3 қатысушысы да команданың қоржынына 1 күміс және 2 қола медаль әкелді.

Ли Ванды, оның туыстарын, сондай-ақ жаттықтырушы Ескендір Сұлтановты және РФММ барлық мұғалімдері мен оқушыларын халықаралық жарыстарда кезекті жеңісімен құттықтаймыз!

https://www.ejoi2020.ge/ https://www.ejoi2020.ge/static/assets/official/Rankings/Ranking.html

Рубрики

Вам также может быть интересно:

26
Oct
20

НҰРЫ ПЕЙІШТЕ ШАЛҚЫҒАЙ

Республикалық физика-математика мектебінің ұжымы Ерғазиева Күнсая Ермекқызының туыстары мен жақындарына көңіл білдіреді. Күнсая Ермекқызы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ін журналистика мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ Оңтүстік…

19
Oct
20

Интернатта тұруға өтінім қабылдау

Құрметті Алматы РФММ-інің оқушылары мен ата-аналары! Физмат интернатында тұруға өтінім қабылдау басталды. Оқушының корпоративтік поштасын қолдана отырып, астындағы сілтеме арқылы өтінімді толтыруыңызды сұраймыз….

16
Oct
20

Берик Каниевтен Физмат-қа құттықтау

Құрметті РФММ отбасы! Жарты ғасырға жуық уақыт бойы біз Физмат туын абыроймен көтеріп келеміз. Осы уақыт аралығында көп нәрсе өзгерді, бірақ білім мен…

16
Oct
20

16.10 — РФММ ТУҒАН КҮНІ / ДЕНЬ РОЖДЕНИЯ РФМШ

«Страна РФМШ» деректі фильмді көруге ұсыныс білдіреміз. Предлагаем вашему вниманию документальный фильм «Страна РФМШ» https://www.youtube.com/watch?v=JhJLFggSvNI&list=PLuQSJlLbG6eJVMRF9Nac3P_ZJ1w4FKyZ5

13
Oct
20

Международная олимпиада “Phystech.International” по математике, физике и биологии для учащихся 9-11 классов

Московский физико-технический институт приглашает учащихся 9-11 классов принять участие в Международной олимпиаде “Phystech.International” по математике, физике и биологии.  Даты проведения олимпиады: 10 августа…

12
Oct
20

STEM МҰҒАЛІМДЕРІ РФММ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ОҚЫДЫ

2020 жылдың 10-11 қазанында жаратылыстану пәндерінің мұғалімдері үшін ашық онлайн тренингтер өтті. 76 оқытушы STEM жобасы шеңберінде республикалық физика-математика мектебінен келесі бағыттар бойынша…

05
Oct
20

11 “В”-мен өткен әсерлі жексенбі

11 В сынып оқушылары 4-қазан, жексенбі күні Аюсай сарқырамасына демалуға барып қайтты. Сынып жетекшісі, тәрбиеші, 30 оқушы және ата-аналардың басын қосқан саяхатымыз есте…

02
Oct
20

Бір-біріне жүрек жылуын сыйлап …

1 қазан күні «Мейірім» қарттар үйінде тұратын аға буын өкілдері үшін қарттар күнін мерекелеу аясында Айгүл Дүйсетайқызы Сетербаеваның жетекшілігімен «Аяулы Балапан» қайырымдылық үйірмесінің…