Некоммерческое
акционерное общество
Республиканская физико-
математическая школа
20
Sep
20

Жас физиктердің халықаралық турнирі IYPT-2020



Әлемдік жағдайдағы Covid-19-ға байланысты 33-ші IYPT осы жылдың 4 қыркүйегінен 8 қыркүйегіне дейін онлайн режимінде өтті. Грузия елінен жергілікті ұйымдастыру комитеті O-IYPT-2020 (http://www.iypt2020.ge/index.php) Discord-та ұйымдастырды.

Жас физиктердің халықаралық турнирі (IYPT https://www.iypt.org/ ) – бұл 9-11 сынып оқушыларына арналған командалық жарыс. Бірінші олимпиада 1988 жылы Мәскеуде өтті. Содан бері ол жыл сайын әлемнің әртүрлі елдерінде өтіп келеді. Әр команда бес жоғарғы сынып оқушыларынан және екі жетекшіден тұрады.

Турнир әлемдегі ең күрделі ғылыми жарыстардың бірі болып саналады. Халықаралық ұйымдастыру комитеті жарысқа дейін бір жыл бұрын 17 тапсырманы жариялайды, оларды шешу үшін көбінесе байланысты пәндерді білу қажет болады. Дайындық кезеңінде қатысушылар тәжірибелер жасап, теорияны талдайды, сарапшылармен кеңеседі және турнирде ұсынылатын баяндама жазады.

Жарыс барысында “Физикалық сайыс”деп аталатын пікірталастар өткізіледі. Әрбір команда кезекпен төрт рөлдің бірінде ойнайды: баяндамашы, оппнент, рецензент және бақылаушы. Бес іріктеу сайысынан кейін қорытынды сайысқа қатысатын финалистер анықталады.

Биылғы жылы осы жарыста біздің еліміздің атынан Алматы қ. РФММ келесі оқушылар: Шин Артем (11 “Д”), Конырбаев С. (10 “Д”), Кусаинов А. (10 “Д”), Искаков И. (10 “Д”) лайықты түрде қатысты және O-IYPT ұйымдастыру комитеті мен КХУ (Кутаиси Халықаралық университеті, Грузия) ректорынан алғыс пен сертификаттар алды. Біз сіздерді құттықтаймыз және мақтан тұтамыз, Жарайсыңдар!

Егер сіз осындай турнирлерге қатысқыңыз келсе, бізбен хабарласыңыз. Қазіргі уақытта біз 34-ші IYPT 2021 сайысына команда жинақтаудамыз.

Рубрики

Вам также может быть интересно:

26
Oct
20

НҰРЫ ПЕЙІШТЕ ШАЛҚЫҒАЙ

Республикалық физика-математика мектебінің ұжымы Ерғазиева Күнсая Ермекқызының туыстары мен жақындарына көңіл білдіреді. Күнсая Ермекқызы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ін журналистика мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ Оңтүстік…

19
Oct
20

Интернатта тұруға өтінім қабылдау

Құрметті Алматы РФММ-інің оқушылары мен ата-аналары! Физмат интернатында тұруға өтінім қабылдау басталды. Оқушының корпоративтік поштасын қолдана отырып, астындағы сілтеме арқылы өтінімді толтыруыңызды сұраймыз….

16
Oct
20

Берик Каниевтен Физмат-қа құттықтау

Құрметті РФММ отбасы! Жарты ғасырға жуық уақыт бойы біз Физмат туын абыроймен көтеріп келеміз. Осы уақыт аралығында көп нәрсе өзгерді, бірақ білім мен…

16
Oct
20

16.10 — РФММ ТУҒАН КҮНІ / ДЕНЬ РОЖДЕНИЯ РФМШ

«Страна РФМШ» деректі фильмді көруге ұсыныс білдіреміз. Предлагаем вашему вниманию документальный фильм «Страна РФМШ» https://www.youtube.com/watch?v=JhJLFggSvNI&list=PLuQSJlLbG6eJVMRF9Nac3P_ZJ1w4FKyZ5

13
Oct
20

Международная олимпиада “Phystech.International” по математике, физике и биологии для учащихся 9-11 классов

Московский физико-технический институт приглашает учащихся 9-11 классов принять участие в Международной олимпиаде “Phystech.International” по математике, физике и биологии.  Даты проведения олимпиады: 10 августа…

12
Oct
20

STEM МҰҒАЛІМДЕРІ РФММ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ОҚЫДЫ

2020 жылдың 10-11 қазанында жаратылыстану пәндерінің мұғалімдері үшін ашық онлайн тренингтер өтті. 76 оқытушы STEM жобасы шеңберінде республикалық физика-математика мектебінен келесі бағыттар бойынша…

05
Oct
20

11 “В”-мен өткен әсерлі жексенбі

11 В сынып оқушылары 4-қазан, жексенбі күні Аюсай сарқырамасына демалуға барып қайтты. Сынып жетекшісі, тәрбиеші, 30 оқушы және ата-аналардың басын қосқан саяхатымыз есте…

02
Oct
20

Бір-біріне жүрек жылуын сыйлап …

1 қазан күні «Мейірім» қарттар үйінде тұратын аға буын өкілдері үшін қарттар күнін мерекелеу аясында Айгүл Дүйсетайқызы Сетербаеваның жетекшілігімен «Аяулы Балапан» қайырымдылық үйірмесінің…