Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі
22
Feb
20

Көшбасшы болу өнері – өміріңнің өзегі!



20.02.2020ж. күні Республикалық физика-математика мектебі интернатында «Сырғалым», «Қазақтың 100 әні», «Жаңалық жаршысы» үйірмелерімен бірге Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Педагогикалық шеберлік Академиясы оқушылар бойында көшбасшылықты дамытуға арналған «Көшбасшы болу өнері – өміріңнің өзегі!»  тақырыбында тренинг ұйымдастырды.

Жалпы   көшбасшылық адам бойында кездесетін ерекше қасиеттер, бірақ ол барлығымызда  біркелкі қалыптаса бермейді.

Сондықтан біздің мақсатымыз әр баланы жеке тұлға деп қарап, өзіне тән даму ерекшеліктерін анықтау.  Біздің ғасырымыз жаңа технологиялардың дәуірі болғандықтан, балаға өзін-өзі тануға мүмкіндік жасау.

Ал біз өз тарапымыздан осы откізіп отырған іс-шаралар арқылы бала бойындағы қасиеттерді ашу және оны ары қарай дамыту.

Өз өмірінде жемісті әрі бақытты өмір сүру үшін адам өмір бойы түрлі дағдыларды үйренуі маңызды екеніне басты назар аударылды.

Тренинг 3 секция бойынша жүргізілді. Атап айтсақ, оқушылардың логикалық ойлау деңгейін арттыру мақсатында «Жүзден жүйірік», қабілеттері мен өнерлерін  шыңдау мақсатында: «Менің бойымдағы сіздер білмейтін қасиет», көшбасшылық қабілетті өз бойынан көрсетуге мүмкіндік беру үшін  «Көшбасшылар көп ішінде шыңдалады».

Міне, осы бағыттар бойынша  көшбасшының ерекшелігі мен жауапкершілігін оның этикалық нормаларын үйреніп тренингтер, топтық жарыстар, ойындар, пiкiрлecу, oй бөлicу арқылы өте қызықты өтті.

Тренинг соңында белсенділігімен, батылдығымен және тапқырлығымен көзге түскен оқушылар грамота және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Келешекте де осындай танымдық шараларды көбірек, жиірек өткізіп тұрамыз деген ойдамыз.

Айдарлар

Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

24
Jun
25

Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер!

Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер! 2025 жылғы 24 маусым мен 05 тамыз аралығында https://admissions.fizmat.kz/ru/kak-postupit-dop-nabor/ сайтында Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалында ақылы негізде оқуға түсу…

    23
    Jun
    25

    РФММ-нің қос командасы — әлем чемпионатына жолдама алды!

    Республикалық физика-математика мектебінің екі командасы оқушылар арасындағы республикалық шахмат турнирінде жүлдегер атанып, АҚШ-тың Вашингтон қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды. Алматы РФММ-нің…

      18
      Jun
      25

      Үздік математикалық мектеп

      ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Шалтай Смағұлұлы Смағұловтың құрметіне арналған VIII Республикалық олимпиадада Алматы қаласындағы РФММ командасы «Үздік математикалық…

        12
        Jun
        25

        Маңызды ақпарат

        «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ Алматы филиалының 8-сыныбына арналған білім беру грантын тағайындау бойынша конкурстық іріктеу 2025 жылғы 11 маусымда ұйымдастырылды. 2025 жылғы 14…

          10
          Jun
          25

          ХАБАРЛАНДЫРУ

          Республикалық физика-математика мектебіне 8-сыныпқа қабылдау емтиханы 2025 жылғы 11 маусымда өтеді. Қабылдау емтиханы Астана, Алматы және Орал қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалдарында ұйымдастырылады. Рұқсатнама барлық үміткердің тіркелген кезде көрсеткен электрондық…

            01
            Jun
            25

            Естеліктерге толы ерекше кеш

            31 мамыр күні мектебіміздің қабырғасында мектептің әр жылдардағы 500-ге жуық мерейтойлық түлектері бас қосып, мектептегі естеліктерін, аяулы ұстаздары мен жанға жақын сыныптастарын еске…

              30
              May
              25

              Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі – еліміздегі ең үздік олимпиадалық мектеп атанды.

              2024–2025 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңінде Алматы Республикалық физика-математика мектебі (Алматы РФММ) 76 ұпаймен республикалық рейтингте…

                30
                May
                25

                TasIMO-2025: Жаңа жеңістерге жол ашқан Ташкент!

                2025 жылғы 18–20 мамыр аралығында Ташкент қаласында 48 ел мен Өзбекстанның 14 өңірінен келген 850-ден астам қатысушыны біріктірген TasIMO-2025 халықаралық олимпиадасы өтті. Алматы…

                  26
                  May
                  25

                  “Мектебім, саған мың алғыс”

                  Бүгін Алматы қаласындағы РФММ-де 11-сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау соғылып, “Мектебім, саған мың алғыс” атты салтанатты жиын өтті. Жас түлектерімізді бала шақтан болашаққа…

                    26
                    May
                    25

                    «Мектеп мақтанышы – 2025»

                    23 мамыр күні РФММ-де жыл сайынғы игі дәстүрге айналған «Білімім – Отанымa!» атты салтанатты жиыны өтті. Оның барысында үздік оқушыларға мектебіміздің ең беделді…