Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі
16
Jan
24

Мерейтойлық ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасында бәске 344 медаль тігілді



2024 жылғы 13 қаңтарда “Алматы театр” ғимаратында математика, физика және информатика пәндері бойынша ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының салтанатты жабылуы өтті. Оған әлемнің 16 елінен 700 оқушы қатысты. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту Министрі Ғани Бейсембаев  құттықтау сөз сөйледі.

«Олимпиада 20 жылдан бері ғылыми қызығушылықтарды дамытып, іргелі білімнің брендіне айналған Республикалық физика-математика мектебінің базасында өткізіліп келеді. Бұл білім ошағында көрнекті ғалым-математик, академик Орымбек Ахметбекұлы Жәутіковтың жетекшілігімен дарынды математиктердің тұтас буыны өсті. Сондықтан олимпиадаға  осы ұлы ғалым мен ұстаздың есімі берілді. Бүгінде ол әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген талантты мектеп оқушыларын жинады. Олимпиада білім бәсекесіне айналып қана қоймай, қазақ мәдениеті мен дәстүрі әлеміне есік ашты. Қазақ халқының қонақжайлылығы мен ізгі ниеті олимпиаданың барлық қатысушылары мен қонақтары үшін ұмытылмастай есте қалды», – өз сөзінде ҚР Оқу-ағарту Министрі Ғани Бейсембаев атап өтті.

«Жаңа эмоциялар, жаңа әсерлер, қызықты сәттер, күрделі есептер мен Қазақстан жеріндегі жаңа достарға толы апталық осымен аяқталды. Алматы қаласының неше дүркін бойы осы олимпиаданы қабылдағанына қуаныштымын және де ол сіздердің өмірлеріңізде лайықты орын алатынына сенімдімін. Мұнда сіздер өздеріңізді сыннан өткізіп, ал көпшілігіңіз бірінші рет жеңіске жеттіңіздер», – деді РФММ КеАҚ директорлар кеңесінің төрағасы Берік Қаниев өз сөзінде.

Халықаралық қазылар алқасына 7 елдің мамандары қатысты: Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Оңтүстік Корея, Қытай, АҚШ. Олимпиаданың халықаралық қазылар алқасының төрағасы – Қазақстан Республикасы Президентінің ҚР Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті, академик Асқар Жұмаділдаев.

Олимпиадаға Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Болгария, Тәжікстан, Моңғолия, Грузия, Сербия, Түркия, Түрікменстан, Румыния және Индонезия сынды 16 елден 700-ге жуық оқушы қатысты.

Барлығы үш пән бойынша 344 қатысушы жүлдегер атанды. Бас жүлдеге Санкт-Петербург қаласынындағы № 239 Президенттік физико-математикалық лицей командасы ие болды. Бірінші орынды Мәскеу қаласындағы Овчинников В.Ф. атындағы «Екінші мектеп» лицейі иеленді, екінші орынды Тбилиси қаласындағы Комаров Л.В. атындағы № 199 спецмектеп және Долгопрудный қаласындағы Капицы П.Л. атындағы «Физтех-лицей» бөлісті, үшінші орынды Минск қаласындағы БМУ лицейі, София қаласындағы Sofia High School of Mathematics, Долгопрудный қаласындағы Капицы П.Л. атындағы «Физтех-лицей» және Алматы қаласындағы РФММ бөлісті.

Қазақстандық оқушылар 109 медаль (10 алтын, 43 күміс, 56 қола) жеңіп алды.

Гран-при жеңіп алған команданың барлық мүшелеріне кубок және Lenovo ноутбуктары табысталды. Барлық жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Әр пән бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар Нұрлан Қаппаров атындағы қордан арнайы сыйлықтар алды: математикадан Нұрлан Қаппаров атындағы сыйлықты Давид Клдиасшвили (Грузия), физикадан Әділет Имамбеков атындағы сыйлықты Даниил Гаврилов (Россия) және информатикадан Илья Сегалович атындағы сыйлықты Борис Михов (Болгария) алды.

Қыздар арасындағы ең жоғары нәтижелер де марапаттарға ие болды. Олар: математика пәні бойынша Беларусьтан Марина Ильина, физика пәні бойынша Румыниядан Куреа Александра-Мария, информатика пәні бойынша Ресейден Алена Иванова.

Қазақстандық оқушылар арасында үздік нәтиже көрсеткені үшін математикадан Амирлан Аманжолов (Алматы қ. РФММ), физикадан Артур Ким (Ақтөбе қ. БИЛ) және информатикадан Мансур Мамадахунов (Қызылорда қ. БИЛ) арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Ауыл оқушылары арасында математика пәнінен үздік нәтиже көрсеткені үшін Аділхан Ержанов (Бородулиха ауылы), физика пәнінен Ерсултан Есенгали (Алмалыбак ауылы) марапатталып сыйлықтар табысталды.

Өзбекстаннан келген ең жас қатысушы Азизбек Мамаджанов математикадан алтын иеленді.

Халықаралық Жәутіков олимпиадасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігі және “Дарын” РҒПО қолдауымен өткізілді. Республикалық физика-математика мектебі осы іс-шараның сәтті өтуіне үлкен үлес қосқан сенімді серіктестері мен демеушілеріне, соның ішінде олимпиаданың бас демеушілері Lancaster group, Freedom Holding Corp., “Freedom Шапағат” корпоративтік қоры, корпоративтік демеушілер Almaty Theatre, ресми демеушілер Fizmat Endowment Fund, ADD Invest Properties, TAS Group, «Аssyltas» қоғамдық қоры және олимпиада серіктестері Kapparov Foundation және Lenovo AvtoPark, SKILL MATRIX, UMAG и Zapis.kz. компанияларына үлкен алғысын білдіреді.

Олимпиаданың ресми нәтижелері олимпиада сайтында қолжетімді: https://izho.kz.

Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

19
Apr
24

Мемлекеттік білім беру гранты бойынша 7-сыныпқа қабылданған оқушылар үшін ақпарат.

РФММ-нің конкурстық іріктеу ережесіне сәйкес, қабылдау емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін конкурстан сәтті өткен талапкерлердің заңды өкілдері 2024 жылдың 10 мамырына дейін келесі құжаттарды…

18
Apr
24

8 сыныпқа білім беру гранты бойынша конкурстық іріктеуге тіркеу ашылды

Құрметті ата-аналар/заңды өкілдер! Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебіне 8 сыныпқа білім беру гранты бойынша түсуге конкурстық іріктеуге тіркеу ашылды. Тіркелу үшін сайтымыздағы “Қабылдау…

18
Apr
24

Қалалық Жәутіков олимпиадасы 2024

2024 жылдың 1 мамырда келесі пəндер бойынша: математика (6-8 сынып) физика (7-8 сынып) информатика (6-8 сынып) мектеп оқушылары арасында XXIII ашық қалалық Жəутіков олимпиадасының іріктеу кезеңі өтеді….

12
Apr
24

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы балаларға арналған жазғы мектеп

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерді қолдау мақсатында “Республикалық физика-математика мектебі” КеАҚ 7-8 сыныптардың 100 оқушысы үшін математика, физика, информатика және ағылшын тілі бойынша…

07
Apr
24

Хабарландыру!

Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер! “Республикалық физика-математика мектебі” КеАҚ филиалдарының 7 сыныбында оқу үшін білім беру грантын тағайындау бойынша конкурстық іріктеу қағидаларының 5.6 тармағына…

02
Apr
24

Международный конкурс «Science.Technology. Аlgorithmization. Programming»

Уважаемые учащиеся 6-11 классов! Приглашаем принять участие со своим проектом в открытом международном конкурсе «Science.Technology. Аlgorithmization. Programming» который будет проходить 25-26 апреля. Организатор…

20
Mar
24

Международный турнир по быстрым шахматам «Fizmat Chess Open Almaty 2024»

РЕГЛАМЕНТ Международного турнира по быстрым шахматам «Fizmat Chess Open 2024» 1. ЦЕЛИ И ЗАДАЧИ Популяризация и развитие шахмат в городе Алматы, Алматинской области и   Республике Казахстан…

14
Mar
24

Мамандандырылған мектептерге түсуге арналған қарқынды дайындық курсы

Құрметті ата-аналар! РФММ мектебі аясында жұмыс істейтін Fizmat Academy, қосымша білім беру орталығы 6-7 сынып оқушыларына арналған мамандандырылған мектептерге түсуге арналған қарқынды дайындық…

01
Mar
24

«Өрлеу» БАҰО мен Алматы қаласындағы РФММ арасында ынтымақтастық орнатылды

“Өрлеу” Алматы облысы бойынша филиалының директоры Қайсар Нұрлыбаев пен Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің директоры Мейірлан Мейірбекпен іскерлік кездесу өткізілді. Кездесуге Өрлеу Алматы…

29
Feb
24

РФММ-нің «Bolt.m3» командасы Хьюстонда өтетін робототехникадан әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды

Астанада робототехника бойынша Орталық Азиядағы ең ірі чемпионат аяқталды. Оған әлемнің 5 елінен 3000-нан астам оқушы қатысты. Олар Қазақстанда және шетелдерде өткен іріктеу…