ХІХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының салтанатты ашылуы
2023 жылдың 1 ақпанында Алматы РФММ-інде математика, физика және информатика бойынша ХІХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының салтанатты ашылуы өтті. Биылғы жылы дәстүрлі олимпиадаға әлемнің 25 елінен 1300-ге жуық қатысушы қатысып жатыр: Қазақстан, Аустрия, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Болгария, Вьетнам, Грузия, Индонезия, Қырғызстан, Моңғолия, Мысыр, Непал, Перу, Польша, Ресей, Румыния, Сербия, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Украина, Ұлы Британия, Үндістан, Өзбекстан. Еліміздің атынан Астана, Алматы, Шымкент және 17 облыстың командалары, сонымен қатар НЗМ және РФММ құрамалары қатысады.
Ашылу салтанатында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бірінші вице-министрі Каринова Шолпан Танатовна және Алматы РФММ директоры, математикадан PhD Кунгожин Алмаз Мухамбетович құттықтау сөз сөйледі. Қазылар алқасы атынан ҚР ҰҒА академігі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Жұмаділдәев Асқар Серқұлұлы, ҚазҰУ-інің физика-техникалық факультетінің деканы, қауымдастырылған профессор Бейсен Нұрзада Абдибекқызы және МФТИ доценті, Халықаралық қазылар алақасының мүшесі Гуденко Алексей Викторович сөз сөйледі.
Олимпиаданың мақсаты оқушылар арасында физика-математика ғылымдарын насихаттау, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, түрлі елдердің мамандандырылған мектептері арасында достық қарым-қатынас орнату, олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесімен алмасу, сондай-ақ Қазақстанның білім және мәдениет деңгейін көрсету.
ХЖО ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің қолдауымен “Дарын” РҒПО және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі. Олимпиадаға демеушілік көмек көрсетті: Lancaster group, Fizmat Endowment Fund, Nurlan Kapparov Foundation, “Қазпошта” АҚ, “Zapis KZ” ЖШС, Samal Lux, “АстанаБланкИздат” баспа-полиграфиялық кешені, “UMAG” ЖШС.
ХІХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қатысушыларына сәттілік!
Вам также может быть интересно:
РФММ оқушысы SAT сынағының биігін бағындырды!
Республикандық физика-математикалық мектебінің Астана қаласындағы филиалының 10-сынып оқушысы Ади Құралов халықаралық SAT сынағында 1600 баллдан 1530 балл жинап, әлемнің ең үздік 1%-ына кірді!…
Бухаресте (Румыния) физика, химия және биология пәндері бойынша Халықаралық жаратылыстану-ғылыми жасөспірімдер олимпиадасы өтті
2-11 желтоқсан аралығында Бухаресте (Румыния) физика, химия және биология пәндері бойынша Халықаралық жаратылыстану-ғылыми жасөспірімдер олимпиадасы өтті. Қазақстан құрамасы 6 медаль жеңіп алды: 2…
Стартовала регистрация на пробный тест
Сегодня стартовала регистрация на пробный тест для поступления в 7-й класс! Тестирование пройдет в ОНЛАЙН-формате. Вы можете выбрать удобный для вас день и…
Математика, физика және информатика пәндері бойынша мұғалімдер мен олимпиадалық резерв жаттықтырушыларының VII Халықаралық ашық шығармашылық байқауы – IMPACT Olympiad
Құрметті достар! “Республикалық физика-математика мектебі” коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен математика, физика және информатика пән мұғалімдері менолимпиадалық резервінің жаттықтырушыларының…
МӘРТЕБЕСІ БИІК МҰҒАЛІМ
Қайырлы күн, Санат Сағатұлы! Өзіңіз сияқты елімізге танымал, ең бастысы оқушыларының сүйікті мұғаліміне айналған ұлағатты ұстазбен кездесіп, сұқбат құру біз үшін үлкен мәртебе….
СЫНАҚ ЕМТИХАНЫ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! 2024 жылғы 9 желтоқcан күні 7-сыныпқа түсуге арналған онлайн форматта өтетін СЫНАҚ ЕМТИХАНЫНА тіркелу басталады! Толығырақ admissions.fizmat.kz сайтынан біле аласыздар.
ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ
«Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ-ның Алматы және Астана қалаларында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. РФММ-гі «Ашық есік күніне» екі қала бойынша 1000-ға жуық оқушы мен…
VII Халықаралық FEMO International Математика Олимпиадасы
Құрметті 1-5 сынып оқушылары! ✅Сіздерді VII Халықаралық FEMO International Математика Олимпиадасының Қысқы турына қатысуға шақырамыз. ❄️ Олимпиада 2024 жылғы 8 желтоқсанда өтеді. Олимпиада…
Ашық есік күні – 2024
2024 жылдың 16 қарашасы РФММ-нің Алматы қаласындағы филиалында «Ашық есік күні» өтеді. Іс-шараға 5-6 сынып оқушылары мен олардың ата-аналарын шақырамыз. Қонақтарға келесідей бағдарлама ұсынылады: Мектеп өміріне…
Әдеби марафонның басталғанын қуана хабарлаймыз!
Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Әдеби марафонның басталғанын қуана хабарлаймыз! ✨ Сіздерді көркем әдебиет әлеміне қызықты саяхат күтуде. Кітаптар тізімі сынып жетекшілеріңізге жіберілді. 2025…