«Елім деп соққан жүрегім»

15 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Елім деп соққан жүрегім» атты мерекелік кеш өтті.
9В, 9D сыныптары ұйымдастырған мерекелік шараны мектеп әкімшілігі, ұстаздары, қызметкерлері және оқушылары тамашалады. Мектеп басшысы еліміздің Егемендік алған күнімен құттықтап, азат еліміздің ертеңіне үлкен үмітпен қарайтынын жеткізді. Сонымен қатар, салтанатты шарада мектеп қызметкерлері, ұстаздары елеулі еңбектері үшін алғыс хаттарымен, мақтау қағаздарымен марапатталды.
«Біздің мақсатымыз – оқушыларды патриоттық рухқа тәрбиелеу, еліне деген, жеріне деген сүйіспеншілік сезімін ояту, Отанын қастерлеуге тәрбиелеу. Бұл мәдени шарада тек мерекелік ән-күй емес, патриоттық сезімді оятатын әндер орындалды. Жас ұрпақ соны біліп, санасына тоқып өсуі керек», – деді ұйымдастырушылар.
Кеш барысында мемлекетіміздің Әнұраны орындалып, оқушылар сахнаға мемлекеттік рәміз – Көк байрақты алып шықты. Өнерпаздар ұлттық рухты көтеретін, патриоттық сарындағы әндер шырқап, мың бұрала би билеп, күмбірлеткен күйлерінен сусындатты. Осылайша сахна төрінде өнер көрсеткен мектеп оқушылары бейбіт өмір сыйлаған батырларға алғысын жеткізгендей.
Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай!
Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:
Математика, Физика және Информатика олимпиадалық резервінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларының V Халықаралық ашық Шығармашылық Байқауының – IMPACT Olympiad-2023 жабылуы
5 ақпанда Математика, Физика және Информатика олимпиадалық резервінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларының V Халықаралық ашық Шығармашылық Байқауының – IMPACT Olympiad-2023 жабылуы өтті. Биыл дәстүрге…
атематика, физика және информатика олимпиадалық резервінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларының V Халықаралық ашық шығармашылық байқауы – IMPACT Olympiad
2023 жылы 3-5 ақпанда Алматы қаласының Республикалық физика-математика мектебі математика, физика және информатика олимпиадалық резервінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларының V Халықаралық ашық шығармашылық байқауы…
Республикалық физика-математика мектебі ескі корпусын қайта жаңарту» жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеі конкурсын
Алматы қаласы Құрылыс басқармасы Бұхар жырау бульвары, 36 үй мекенжайында орналасқан Алматы қаласындағы, Республикалық физика-математика мектебі ескі корпусын қайта жаңарту» жобалау-сметалық құжаттаманы…
ХІХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының салтанатты ашылуы
2023 жылдың 1 ақпанында Алматы РФММ-інде математика, физика және информатика бойынша ХІХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының салтанатты ашылуы өтті. Биылғы жылы дәстүрлі олимпиадаға әлемнің…
Встреча с пилотом Air Astana
25 января 2023г. в РФМШ Алматы в рамках профориентационной работы прошла встреча учащихся 7-11 классов с пилотом Air Astana Амиром Медиевым. Наш гость…
Fizmat Hackathon 2022
17-18 декабря в честь Дня Независимости РК под эгидой Казахстанской Федерации Клубов ЮНЕСКО в школе прошел Fizmat Hackathon 2022 по созданию решений и…
“Таланттарды даярлау зертханасы” атты Халықаралық олимпиадасында I-орын
2022 жылғы 10 желтоқсаннан 15 желтоқсанға дейін Баку қаласында жасөспірімдер арасында жаратылыстану ғылымдары бойынша “Таланттарды даярлау зертханасы” атты Халықаралық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға аталған…
Үстел теннисінен іріктеу жарысы
5 – 9 желтоқсан арасында мектебімізде Теннис клубының президенті Рустамов Азизбек және көмекші Абдумуталипов Нұрсұлтан, оқушылар кенесінің спорт вице-министрі Болатбек Уалихан тарапынан ұйымдастырылған…
Fizmat Talks
Жұрт алдында сөйлеу дағдысы, бәрімізге керек болмаса да, оны игеру ешқашан да артық болмайды. 12 желтоқсан күні мектебімізде ҚР Тәуелсіздік күніне арналған Fizmat…