МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНДЕРІ БОЙЫНША XIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘУТІКОВ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

2017 жылдың 17 қаңтарында Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де математика, физика және информатика пәндері бойынша оқушылардың XIIІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау және аталған олимпиаданың жабылу рәсімі өтті. Осы жылы олимпиадаға әлемнің 15 елінен 62 команда (401 қатысушы) қатысты: Қазақстан, Ресей, Беларусь, Әзербайжан, Грузия, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, Болгария, Румыния, Сербия, Чехия және Моңғолия.
Олимпиада қорытындылары
Олимпиаданың қорытындылары бойынша жақын және алыс шетелдің үздік мамандандырылған мектептерінің 7 командасы анықталды. Командалық есепте екінші жыл қатарынан Гран-приді №1329 мектеп Мәскеу қ. (Ресей Федерациясы) жеңіп алды. 1 орынды Белград математикалық гимназиясы, Белград қ. (Сербия). 2 орынды №239 физика-математика мектебі, Санкт-Петербург қ. және №31 Челябинск лицейі, Челябинск қ. (Ресей) бөлді. 3 орынды №199 Комаров физика-математика мектебі, Тбилиси қ. (Грузия), РФММ командасы (Қазақстан) және Мәскеу Мемлекеттік Университетінің Мамандандырылған ғылыми-практикалық орталығының командасы, Мәскеу қ. (Ресей) алды.
Марапатталған команданың әрбір қатысушысына бағалы естелік жүлделер берілді (ұялы телефон, планшет, фотоаппарат). Гран-приді жеңіп алған команданың барлық мүшелеріне ноутбуктер берілді.
Жеке біріншіліктің қорытындылары
Барлығы жеке біріншіліктің қорытындылары бойынша, олимпиада қатысушыларына 40 алтын медаль, 61 күміс медаль, 97 қола медаль берілді. Жалпы саны 198 медаль, солардың 56 медалін Қазақстанның оқушылары жеңіп алды: 7 алтын, 18 күміс, 31 қола. РФММ командасы Қазақстанның пайдасына 17 медаль әкелді: 1 алтын, 5 күміс, 11 қола. РФММ 10 сыныбының оқушысы Аружан Аманбаева математикадан алтын медальді жеңіп алды.
Қазылар алқасының тең төрағасы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылымдар академиясының академигі Асқар Серкұлұлы Жұмаділдаев сөз сөйледі және қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеруде өз қабілеттерін көрсетіп, олимпиаданың барлық қатысушыларын құттықтады.
Қазылар алқасының тең төрағасы ҚР ҰҒА академигі Асқар Жұмаділдаев атап өткендей, осы жылы қазақстандық оқушылардың дайындалу деңгейі өте қуантады. Осы жылы қиын және қызықты есептер болды, оларды үздік халықаралық профессорлар құрады. Олимпиаданың жеңімпаздарына және жүлдегерлеріне Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің және Қазақстан-Британ техникалық университетінің білім беру гранттарының берілу фактісі олимпиаданың жоғары деңгейін куәландырады. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ) сондай-ақ олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері деп атанған қазақстандық оқушыларға білім беру гранттарын ұсынды.
Сондай-ақ осы жылы РФММ тұңғыш рет Н.Каппаров атындағы арнайы жүлдені табыстады. Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі «Математика пәні бойынша есепті өзгеше шешу» номинациясында 2 арнайы сыйлықты ұсынды. Халықаралық Жәутіков Олимпиадасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының және «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ-ның басшылығы аясында және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті.
Прикрепленные файлы
13 ХЖО 2017 информатика пәні бойынша нәтижелер 13 ХЖО 2017 математика пәні бойынша нәтижелер 13 ХЖО 2017 физика пәні бойынша нәтижелер 13 ХЖО 2017 командалардың рейтингіВ статье упомянуты
- Стаж работы по специальности: 19 лет.
- Предмет: История и обществоведение
- О преподаватели:
учитель истории и обществоведения квалификации-«педагог- мастер», школьный тренер по внедрению новых подходов в обучении,окончила курсы обучения учителей по программе второго (базового) уровня в рамках уровневых программ повышения квалификации педагогических кадров Республики Казахстан;
Ее ученики являются победителями республиканской олимпиады по общеобра.
Автор программы “Культурно-политическая история Казахстана 18-19 веков” зовательным предметам.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Ақпараттық хат ҚЖО 2025
2025 жылдың 9-10 мамыр арасында Алматы және Астана қалаларында КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебінде» оқушылар арасында математика (6-8 сынып), физика (7-8 сынып), информатика (6-8…
Оқушыларымыз республикалық тілдер олимпиадасынан олжалы оралды
Көкшетау қаласында өткен ағылшын, неміс және француз тілдерінен Республикалық олимпиадада мектебіміздің 8 оқушысы қатысып, барлығы медаль мен мақтау қағазына ие болып, жетістікпен оралды!…
Абай мұрасы — мәңгілік.
Ұлы ойшылдың даналығына жүрекпен үңіліп, мұрасының терең мәнін зерделей білген шәкірттеріміз республикалық деңгейде мектебіміздің мерейін асқақтатты! VII Республикалық «Абайтану» олимпиадасында жеңімпаз атанған оқушыларымыз:…
Тәжікстанда топ жарған таланттар
Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен Western Asia Youth Chess Championship 2025 чемпионатында Швейцариялық жүйе бойынша өткен 7 турдың қорытындысы бойынша, рапид шахматынан Батыс Азия…
Мектеп президенті: 2025 жылғы сайлау
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде Мектеп президенті сайлауы сәтті өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Өмірзақ Саният көпшілік басым дауыспен жеңімпаз деп танылды.✨ *…
Fizmat Chess Open – 2025 қорытындысы
Республикалық физика-математика мектебі мен серіктестері – Қазақстан шахмат федерациясы, Фридом Банк ұйымдастырған Fizmat Chess Open 2025 халықаралық шахмат турнирі биыл төртінші рет өткізілді….
1–10 сынып оқушыларын Халықаралық IFSS Junior Turkey 2025 жазғы мектебіне шақырамыз!
Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) мен Fizmat Academy орталығы бірлесе отырып, Түркия елінде оқушыларға арнап қызықты демалыс ұйымдастырады Балаңызға оқу, теңіз, жаңа достар және…
Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания)
Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания) 20 шілде – 3 тамыз 2025 жыл. Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) Fizmat Academy орталығымен бірлесе отырып, 8–10…
Эдгар Мамедов — Қазақстан тарихында ең жас гроссмейстер халықаралық атағын иеленген шахматшы!
Испанияда өткен беделді IX Open Internacional Semana Santa San Vicente del Raspeig Costa Blanca 2025 A турнирінде Эдгар 9 мүмкіндіктен 7 ұпай жинап,…
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Алматы қаласындағы РФММ-де ұлттар достығын дәріптеген ерекше фестиваль өтті.
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына – 30 жыл. Біз бәріміз – түрлі тілде сөйлейтінімізге қарамастан, бір шаңырақ астында, ортақ тарих пен құндылықтарды бөліскен…