Жазғы бағдарламада тегін білім алу үшін 100 грант бойынша оқушылар мен студенттерді қатысуға шақырамыз

Алматы қаласында 2018 жылдың 25 маусымынан бастап 11 тамызын қоса алғанда nFactorial Incubator жобасының 4-маусымы өтеді. Бұл кәсіби инженер-программисттерді дайындау және бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуді тегін оқыту бойынша Қазақстандағы ең ұзақ және ең ірі жоба. 3 жыл ішінде nFactorial жобасынан 14 елден және 40 университеттен 300 астам түлек оқудан өтті.
nFactorial Incubator (n17r.com) жобасы – бұл жыл сайынғы бастама, дарындар фабрикасы. Жоғары сапалы ұялы қосымшалар әзірлеушілерінің нарығына дайындау бойынша белсенді 7 апталық бағдарлама. Бағдарламаның үздіксіз ұйымдастырушысы – Zero To One Labs, ол Қазақстандағы ұялы қосымшаларды әзірлеудің жетекші студиясы болып табылады.
Бағдарлама бүкіл Қазақстаннан қатысушыларды: жұмыс істейтін кәсіби мамандарды, студенттерді және 15 жастан асқан оқушыларды қамтиды. Келесі іріктеу өлшемдері есепке алынады: қатысушының тесттен өтуі, жоғары сапалы жетістіктері, білімі, бағдарламалау тәжірибесі.
Жыл сайын жобаға қатысу үшін 1 000 астам сауалнама түседі, алайда тек 100 үздік әзірлеуші оқу гранттарын алады. Осылайша, барлық студенттер жылдан жылға толықтай тегін білім алады. Әрбір қатысушының мақсаты – 7 апта ішінде 10 000 рет жүктелген blockchain немесе machine learning қолданумен жасалған өзінің ұялы қосымшасын іске қосу болып табылады. Бағдарлама аяқталғаннан кейін үздік қатысушыларға Қазақстанның жетекші компанияларында жұмыс жасау ұсынылатын болады. Барлық түлектер дерлік жетекші қазақстандық және шетелдік компанияларда жұмыс жасайды, сондай-ақ UCLA, Duke, UC Berkeley, KAIST және тағы сондай сияқты беделді жоғары оқу орындарында оқиды.
Осы жылы келесі екі білім беру бағдарламасы таңдауға ұсынылған:
1) iPhone арналған тума қосымшаларды әзірлеу: iOS;
2) iOS және Android арналған кросс-платформалық қосымшаларды әзірлеу.
Келесі екі мамандық таңдауға ұсынылады:
1) Blockchain — орталықтандырылмаған қосымша (DApps);
2) Machine Learning (NLP, Computer vision) — машиналық білім алу технологиясын қосымшамен біріктіру.
nFactorial Incubator 2018 жобасы — бұл бағдарламалық жасақтаманы (iOS, React Native) әзірлеуге, Blockchain және ML қолданумен қосымшаны жасауға, пайдаланушылардың санын күрт өсіру үшін дизайн және маркетинг каналдарын қолдануға оқыту. Дүйсенбіден жұмаға дейін, күн сайын сағат 09:00 бастап 19:00 дейін терең, қарқынды оқыту түрінде 300+ жұмыс сағаты. Бағдарламаның соңында App Store және Play Market ұялы қосымшалар дүкенінде 100+ қосымшалар шығарылатын болады. Түлектердің кейбір қосымшаларымен келесі сілтемелер бойынша танысуға болады: https://demoday.n17r.com, http://bit.ly/n17rios (App Store), http://bit.ly/n17randroid (Play Market).
nFactorial жобасы екі кезеңнен тұрады. Ұзақтығы 4 апта болатын бірінші кезеңде барлық қатысушылар (таңдалған бағытына байланысты) CS, IOS, React Native, Blockchain, ML, UI/UX негіздерінің және қосымшаларды алға жылжытудың қарқынды курсын өтеді. Ұзақтығы 3 апта болатын екінші кезеңде әрбір қатысушы өзінің ұялы қосымшасын құрастырады және іске қосады.
Қазақстандық және шетелдік менторлардың командасы келесі 17 адамнан құралады: Facebook, Microsoft, YCombinator, Google, Check24, BMW, IBM компанияларында жұмыс тәжірибесі бар әзірлеушілер; әлемнің үздік жоғары оқу орындарының түлектері (Princeton University, Carnegie Mellon University, University of Oxford, Kepler University); бағдарламалау бойынша әлем чемпионатының финалға қатысушылары; бағдарламалау, дизайн және маркетинг бойынша менторлар.
Апта сайын қонақ ретінде келетін бизнес және технологиялар алыптарының (Forbes тізімі), бағдарлама серіктестерінің, жетекші ұялы технологиялар саласындағы кәсіпкерлердің, әзірлеушілердің, дизайнерлердің және маркетологтардың дәрістері көзделген.
Инкубатордың мәресі ұялы қосымшалардың nFactorial Demo Day 2018 үлкен жыл сайынғы фестивалі болады, онда nFactorial түлектері инвесторлардан, мемлекеттік және жеке компаниялардың басшыларынан, кәсіпкерлерден, рекрутерлерден, журналисттерден, профессорлардан, әзірлеушілерден және дизайнерлерден құралған үлкен қауымның алдына дайын ұялы қосымшаларды ұсынады.
«nFactorial бағдарламасының миссиясы ақпараттық технологиялар саласында Қазақстан Республикасының адамзат капиталын дамыту болып табылады. Біздің мақсатымыз – 10 000 программист дайындау, олар елдің экономикасына 1 млрд. АҚШ долларынан астам пайда әкеледі. Орта Азияда IT саласында кәсіби кадрларды дайындайтын және өңірде IT-аутсорсинг бойынша ең ірі орталықты құру», – деп атап өтеді бағдарлама ұйымдастырушысы Алмас Тұякбаев.
2015 жылы бағдарламаны Carnegie Mellon және Princeton түлектері, пікірлестер және жобаның негізін қалаушылар Алмас Тұякбаев және Арман Сүлейменов іске қосты.
«РФММ» КеАҚ 2017 жылғы «үздік түлегі» Сапар Ерсұлтан «nFactorial Demo Day!» 2017 байқауының қорытынды күнінің жеңімпазы болғанын атап өту қажет.
Нәтижелер сайтта жарияланған:
https://zerde.gov.kz/press/news/finalnyy-den-konkursa-nFactorial-Demo-Day/
Өтінімдер 17 маусымға дейін (қоса алғанда) келесі сайтта қабылданады: n17r.com
Ұйымдастыру комитеті: Жанар Аламанов 8 702 112 52 54, zhanara@021labs.com
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Ақпараттық хат ҚЖО 2025
2025 жылдың 9-10 мамыр арасында Алматы және Астана қалаларында КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебінде» оқушылар арасында математика (6-8 сынып), физика (7-8 сынып), информатика (6-8…
Оқушыларымыз республикалық тілдер олимпиадасынан олжалы оралды
Көкшетау қаласында өткен ағылшын, неміс және француз тілдерінен Республикалық олимпиадада мектебіміздің 8 оқушысы қатысып, барлығы медаль мен мақтау қағазына ие болып, жетістікпен оралды!…
Абай мұрасы — мәңгілік.
Ұлы ойшылдың даналығына жүрекпен үңіліп, мұрасының терең мәнін зерделей білген шәкірттеріміз республикалық деңгейде мектебіміздің мерейін асқақтатты! VII Республикалық «Абайтану» олимпиадасында жеңімпаз атанған оқушыларымыз:…
Тәжікстанда топ жарған таланттар
Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен Western Asia Youth Chess Championship 2025 чемпионатында Швейцариялық жүйе бойынша өткен 7 турдың қорытындысы бойынша, рапид шахматынан Батыс Азия…
Мектеп президенті: 2025 жылғы сайлау
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде Мектеп президенті сайлауы сәтті өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Өмірзақ Саният көпшілік басым дауыспен жеңімпаз деп танылды.✨ *…
Fizmat Chess Open – 2025 қорытындысы
Республикалық физика-математика мектебі мен серіктестері – Қазақстан шахмат федерациясы, Фридом Банк ұйымдастырған Fizmat Chess Open 2025 халықаралық шахмат турнирі биыл төртінші рет өткізілді….
1–10 сынып оқушыларын Халықаралық IFSS Junior Turkey 2025 жазғы мектебіне шақырамыз!
Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) мен Fizmat Academy орталығы бірлесе отырып, Түркия елінде оқушыларға арнап қызықты демалыс ұйымдастырады Балаңызға оқу, теңіз, жаңа достар және…
Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания)
Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания) 20 шілде – 3 тамыз 2025 жыл. Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) Fizmat Academy орталығымен бірлесе отырып, 8–10…
Эдгар Мамедов — Қазақстан тарихында ең жас гроссмейстер халықаралық атағын иеленген шахматшы!
Испанияда өткен беделді IX Open Internacional Semana Santa San Vicente del Raspeig Costa Blanca 2025 A турнирінде Эдгар 9 мүмкіндіктен 7 ұпай жинап,…
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Алматы қаласындағы РФММ-де ұлттар достығын дәріптеген ерекше фестиваль өтті.
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына – 30 жыл. Біз бәріміз – түрлі тілде сөйлейтінімізге қарамастан, бір шаңырақ астында, ортақ тарих пен құндылықтарды бөліскен…