Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі
28
Feb
22

«Жігіт Сұлтаны-2022»



25 ақпанда Алматы РФММ 50 жылдығына орай «Жігіт сұлтаны-2022» байқауы өтті. Серілер сынына білекті де жүректі 11 жігіт қатысып, мықтылықтарын танытты.

Таныстыру кезеңінде жігіттердің білім, біліктілігі, сөз саптау, сөйлеу мәнері сыналды. Қатысушылар өзін, ата-тегін, өскен жерін дүйім жұртқа таныстырды. Бұл кезеңде шаршы топтың алдына шығып  тосылғандар да болды, арыны қатты ақындар да болды.

Байқаудың екінші кезеңінде жігіттер өз өнерлерін паш етті. Бірі мәнерлеп оқыса, бірі ұлттық аспаптың құлағында ойнады, бірі көрініс көрсетті. Келесі «Сұрақ-жауап» кезеңінде үміткерлеріміз «Жеті қазына», «Бес асыл іс» және салт-дәстүрлер туралы сұрақтарға сүрінбей жауап берді.

Сайдың тасындай сап түзеген сайыпқырандар сайыстың төртінші кезеңінде ләңгі тебу ұлттық ойынына қатысты. Үміткерлердің бұл сынағы да тартысты болды. Бұл кезеңде 8 «М» сыныбының намысын қорғап келген Ерік Бейбарыс жолда қалдыратын жігіт табылмады. Жастайынан спортпен айналысатын ол ләңгіні 29 мәрте теуіп, қарсыластарынан оқ бойы озық шықты.

Ауыз толтырып айта кететін жайт – бұл таланды тартысқа өзге ұлт өкілдерінің қатысқаны. Тишкин Яромир және Быстрицкий Матвей атты қатысушыларымыз барлық кзееңдерде тек қазақша сөйлеп, көпшілік көзайымына айналды. Жігіттердің бұндай батыл қадамға баруы бізді қуантты. Быстрицкий Матвей өнер сайысында атақты «Дос-Мұқасан» ансамблінің «Той жыры» әнін гитараның сүйемелдеуімен орындап, көрермендердің көңілін көтерді.

Төрт кезең бойынша өткен сайыста 8 «А» сыныбының серісі Амангелдин Заңғар «Жігіт сұлтаны-2022» атанды. Оған арнайы дайындалған «Жігіт сұлтаны – 2022» алтын белдігі табыс етілді.

Тәуелсіз елдің ұландары осылайша мықтылықтарын танытып, «Жігіт сұлтаны» деген атқа лайық екендіктерін дәлелдеді.

  1. Амангелдин Заңғар 8 «А» – «Жігіт сұлтаны-2022»
  2. Қдырбаев Әбілмансұр 8 «В» – «Сері жігіт»
  3. Атамкул Жалгас 8 «С» – «Талантты жігіт»
  4. Боранбаев Ерасыл 8 «G» – «Жалынды жігіт»
  5. Қамытбек Дулат 8 «Н» – «Алғыр жігіт»
  6. Ерік Бейбарыс 8 «М» – «Сегіз қырлы, бір сырлы»
  7. Тишкин Яромир 8 «D» – «Шебер жігіт»
  8. Кайназаров Райыс 8 «Е» – «Сымбатты жігіт»
  9. Жәнібек Дінмұхамед 8 «F» – «Көрермендер көзайымы»
  10. Адамбеков Мате 8 «К» – «Дарынды жігіт»
  11. Быстрицкий Матвей 8 «L» – «Өнерлі жігіт»

 

 

Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

28
Jun
24

РФММ-нің болашақ оқушылары назарына!

РФММ-нің болашақ оқушылары назарына! Алматы қаласындағы РФМШ-нің ақылы және грант бөліміне қабылданған оқушылардың құжаттарын қабылдау 5 тамыздан бастап басталатынын хабарлаймыз! Құжаттарды қабылдау басталатын…

11
Jun
24

Оқу триумфы: сертификаттар болашақтың қолында

2023 жылдың 1 қыркүйегінен 2024 жылдың 25 мамырына дейін Алматы және Астана оқушылары Python бағдарламалау тілін, деректер құрылымын және Python кітапханасын терең зерттеді….

11
Jun
24

Физика пәні бойынша Азия олимпиадасында (APhO) күміс медаль

Қазақстандық оқушылар құрамасы Азия физика олимпиадасында (APhO) тамаша нәтиже көрсетіп, жеті жүлдеге ие болды: бір күміс, алты қола медаль және бір мақтау қағазы….

31
May
24

«РФММ» Алматы КеАҚ филиалына ақылы негізде түсу үшін емтихандарға бойынша онлайн тіркелу ашылады

Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер!   2024 жылдың 01 шілдесінен бастап 05 тамызына дейін сайтта https://admissions.fizmat.kz «РФММ» Алматы КеАҚ филиалына ақылы негізде түсу үшін…

15
May
24

2024 жылы 24-28 наурыз аралығында Алматы қаласында информатика және география пәндері бойынша республикалық олимпиада өтті.

Біздің оқушыларымыз мақтан тұтарлық нәтижелерге қол жеткізді. Информатика: 1 место: Анри Жан, 9  G Цой Максим, 10 K Талкат Дінмұхаммед, 10 M 2…

15
May
24

7-21 сәуір аралығында Тіл білімі бойынша Asia Pacific Linguistics Olympiad (APLO) өтті.

Алматы қ. РФММ-нен олимпиадаға 11 “E” сынып оқушысы Есенкулов Елизар қатысып, APLO (Қазақстандағы 4-топ) дипломымен марапатталды және IOL халықаралық олимпиадасына сәтті өтті! Оның…

15
May
24

2024 жылы 17-21 наурыз аралығында Алматы қаласында математика және физика пәндерінен Республикалық олимпиада өтті.

Біздің оқушыларымыз 8 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль, барлығы 19 марапатқа ие болып, мектебіміздің атын абыроймен қорғады! Алтын: – Сахипов Амир…

15
May
24

2024 жылы 27-31 наурыз аралығында Павлодар қаласында химия және биология пәндерінен 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша дәстүрлі республикалық олимпиада өтті.

Алматы қ. РФММ оқушылары тамаша нәтижелер көрсетті: Биология: Биология: 1. Азизов Тимур – 2 орын 2. Ли-Цун-Е Никита – 3 орын 3. Береке…

13
May
24

Результаты заключительного этапа Городской Жаутыковкой Олимпиады 2024 г.Алматы

Результаты по математике Математика Результаты по физике Физика Результаты по информатике Информатика