Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі

Ата-аналар комитеті

СЫНЫПТЫҢ АТА-АНАЛАР КОМИТЕТІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ 

  1. Жалпы ереже

Ата-аналар комитеті балаларға жалпы орта білім беру ұйымдарында мектепке және отбасыға көмек көрсету мақсаттарында құрылады. Олар оқушыларда ғылым негіздері туралы терең және берік білімді қамтамасыз етуде, оқушыларда жоғары адамгершілік қасиеттерін, еңбекке зерделі көзқарасты, жауапкершілікті және тәртіпті, өзін ұстау мәдениетін тәрбиелеуде, оқушылардың құқықтық, эстетикалық, физикалық тәрбиесінде, олардың денсаулығын сақтауда педагогикалық ұжымға көмек көрсетеді.

Сыныптың ата-аналар комитеті өз жұмысында Ата-аналар комитеті туралы ережені, жұмыс жоспарын, ата-аналар жиналыстарының шешімдерін, педагогикалық кеңестің, мектеп директорының және сынып жетекшілерінің ұсынымдарын басшылыққа алады.

  1. Ата-аналар комитетінің міндеттері мыналар болып табылады:
  • мектептің педагогикалық ұжымы мен отбасының балаларға бірлесіп тәрбиелік әсерді белгілеу мақсаттарында отбасы мен мектеп арасында байланыстарды жан-жақты нығайту;
  • ата-аналар жұртшылығын мектептің өміріне белсенді қатысуға, ата-аналар мен халық арасында педагогикалық насихаттауды ұйымдастыруға тарту;
  • мектептің шаруашылық және оқу-материалдық базасын нығайтуда көмек көрсету;
  • әлеуметтік қорғалмаған оқушыларды анықтауда және қорғауда көмек көрсету.
  1. Ата-аналар комитеттерінің жұмысын ұйымдастыру және оның мазмұны

3.1. Сыныптың ата-аналар комитеті сыныптың ата-аналарының жалпы жиналысында төраға және 2 мүшесі құрамында сайланады.

3.2. Жалпы мектеп ата-аналар комитетінің басшылығымен мектепте жұмыстың бөлек тараулары (педагогикалық насихаттауды өткізу, еңбек тәрбиесі және қоғамға пайдалы еңбекті ұйымдастыру, мәдени-көпшілік жұмыс, шаруашылық, спорттық-сауықтыру және т.б. жұмыстар) бойынша тұрақты немесе уақытша комиссиялары құрылуы мүмкін. Комиссиялардың құрамы және олардың жұмысының мазмұны ата-аналар комитетімен анықталады.

3.3. Ата-аналар комитеті келесідей көмек көрсетеді:

  • педагогикалық ұжымның оқушылардың ата-аналарымен және жұртшылықпен байланыстарын нығайту;
  • тамақтануды ұйымдастыру;
  • сабақтан тыс уақытта оқушылармен тәрбие жұмысында ата-аналарды тікелей қатысуға тарту;
  • оқушылардың кәсіптік бағдары бойынша жұмыс;
  • мектеп Жарғысын орындау бойынша, оқушылардың жеке пәндерді тереңдеп зерттеуі бойынша бақылауды жүзеге асыру;
  • жиналыстарды, ата-аналарға арналған баяндамаларды, дәрістерді оқуды, отбасылық тәрбие тәжірибесімен алмасу жөніндегі сұхбаттарды ұйымдастыру және өткізу,
  • мектептің шаруашылық және оқу-материалдық базасын нығайту, көріктендіру және онда қалыпты санитарлық-гигиеналық жағдайларды жасау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;
  • демалыс кезеңінде оқушылармен сауықтыру және мәдени-көпшілік іс-шараларын өткізу.

3.4  Ата-аналар комитеті жарты жылдық және жылдық жұмыс жоспарын құрастырады. Оның нақты мазмұны сыныптың ішкі жағдайлары мен міндеттерін ескере отырып анықталады.

3.5   Сыныптың ата-аналар комитеті отырыста оның кемінде 2-3 мүшесі болған кезде өз шешімдерін қабылдауға құқылы.

3.6   Сыныптың ата-аналар комитеті сыныптың ата-аналар жиналысы алдында өз жұмысы туралы есеп береді.