Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі

АҒЫЛШЫН ТІЛІ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІ

Шетел тілдері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі (бұдан әрі – ӘБ) мектептің негізі қаланған күннен бастап әрекет етеді. Қазіргі таңда ӘБ құрамына 13 ұстаз кіреді, олардың төртеуі – жоғары санат мұғалімдері, төртеуі – бірінші санат мұғалімдері, үшеуі – екінші санат мұғалімдері және екеуі – жас мамандар. Кафедра мұғалімдерінің толық құрамы Қазақстан Республикасы педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалары бойынша курстардан өтті.

2017 жылдың 26 мамырынан бастап ағылшын тілі мұғалімдерінің ӘБ Акегожаева Леила Нурдановна басқарады.

2016-2017 оқу жылынан бастап осы кезге дейін ӘБ «100 нақты қадам» атты ұлт жоспарының 79 қадамын жүзеге асыру шеңберінде және орта білім берудің мазмұнын жүйелі жаңарту жағдайларында ағылшын тілін оқытудың инновациялық стратегиясын енгізу негізінде білім беру үрдісін жобалау» тақырыбында жұмыс істейді.

ӘБ жұмысының мақсаты: орта білім берудің мазмұнын жүйелі жаңарту жағдайларында білім беру үрдісін жобалау бойынша ағылшын тілін оқытудың инновациялық стратегиясын игеруде мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.