Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі

ФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА КАФЕДРАСЫ

Кафедра 20 ұстазды біріктіреді, олардың тоғызы жоғары санат мұғалімдері, екеуі бірінші санат мұғалімдері және тоғызы жас мамандар.

Кафедрада екі мұғалім – «Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, төрт мұғалім – «Білім беру ісінің үздіктері», үш мұғалім – жаратылыстану ғылымдарының магистрлері, бір мұғалім – педагогика ғылымдарының магистрі, бір физика магистрі, бір техника ғылымдарының магистрі қызмет етеді. Физика мұғалімі Тұяқбаев Сабыр Тұяқбайұлы – «Үздік педагог-2016» республикалық байқауының жеңімпазы, «Физика. 11 сынып» оқулығының және 10-11 сыныптарға арналған оқу-әдістемелік материалдардың авторы.

Физика және информатика кафедрасының меңгерушісі – Жұмағалиева Қарлығаш Қанатқызы.

Әдістемелік тақырып: «2017 жылғы, ҚР БҒМ №383 бұйрығымен бекітілген тәжірибелік бағдарламаны жүзеге асыру жағдайларында физика және информатика сабақтарын ұйымдастыруда қолданылатын заманауи тәсілдемелер»

Кафедра жұмысының мақсаты: жаңа педагогикалық технологияларды енгізу және педагогикалық қызметті өз бетімен талдау қабілеттерін жетілдіру есебінен кәсіби шеберліктің деңгейін арттыруға бағытталған кафедра ұстаздарының талпынысын дамытуға септігін тигізетін психологиялық-педагогикалық жағдайларды жасау.