Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі

ФИЛОЛОГИЯ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІ

Филология әдістемелік бірлестігінде 11 ұстаз қызмет етеді, барлығы жоғары санат мұғалімдері. 2017-2018 оқу жылында ӘБ «Қазақ, орыс тілдері және әдебиеті облысында, оларды оқыту әдістемесінде ұстаздардың педагогикалық шеберлігінің деңгейін, олардың ой-санасын және құзыреттілігін үздіксіз жетілдіру» тақырыбында жұмыс жасайды. ӘБ жұмысының мақсаты:
  • ұстаздардың тұлғалық және кәсіби өсуі үшін, олардың жеке педагогикалық қабілеттерін ашу үшін қажетті жағдайларды жасау;
  • тіл және әдебиет сабақтарында танымдылық белсенділікті дамыту мақсатында оқуды дараландыруға бағытталған бағдарламаларды енгізу;
  • оқушылардың оқу сапасын арттыруға септігін тигізетін оқытудың инновациялық және дәстүрлі технологияларының тұтастық мүмкіндіктерін қолдану;
  • білім беруді жаңғырту жағдайларында жаңа технологияларды енгізу негізінде гуманитарлық пәндер мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін арттыру.
2017-2018 оқу жылына ӘБ міндеттері:
  • жаңа технологияларды және сабақтарда оларды практикалық қолдануды игеру;
  • әр түрлі деңгейдегі оқушыларға, олардың қабілеттеріне, жеке бейімділіктеріне және қажеттіліктеріне сәйкес толыққанды білім алуға тең қол жетімділікті орнатуға жағдай жасау;
  • оқу барысында дарынды және қабілеттері таныла бастаған балаларды анықтау;
  • оқушылардың жалпы оқу қабілеттерін және дағдыларын игеруін диагностикалау (пәндер бойынша бақылау, аралық бақылау, диагностикалық, жаттығулық жұмыстарды өткізу);
  • оқушыларды әр түрлі деңгейдегі байқауларға және олимпиадаларға қатыстыру арқылы олардың шығармашылық әлеуетін және ой-өрісін кеңейту;
  • семинарлар, біліктілікті арттыру курстары, ашық сабақтар, шеберлік-класстар, кәсіби байқаулар жүйесі арқылы мұғалімдердің біліктілік деңгейін арттыру;
  • мектепте «білімге» негізделген білім беру жүйесінің үлгісінен «қызметке» негізделген үлгіге ауысу (мұғалімдердің АКТ, зерттеушілік, денсаулық сақтайтын оқытудың проблемалық әдістерін қолдануы, жұмыстың белсенді түрлерін пайдалану,тестілеу, талдау және қорытынды аттестацияға дайындау әдістемесін енгізу);
  • әдістемелік көмек көрсету және мұғалімдер жұмысының тәжірибесін тапсыру жолымен жеке тұлғаға бағытталған білім берудің нәтижелігін арттыру.