Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі

МАТЕМАТИКА КАФЕДРАСЫ

Математика кафедрасы – дәстүрлерді құрметтейтін және бәсекеге қабілетті оқушыларды оқытуда және тәрбиелеуде РФММ ұстаздарының аға буындарының ісін жалғастыратын мектеп мұғалімдерінің ең үлкен бірлестігі.

Кафедрада қазіргі уақытта 29 мұғалім қызмет етеді, олардың 19 жоғары біліктілік санатын иеленеді; 1 PhD докторы, 4 ғылым кандидаты, 3 магистр; кафедраның бір мұғаліміне «Қазақстан Республикасының үздік педагогы» атағы берілді; 12 мұғалім математика мен физика мұғалімдерінің республикалық шығармашылық байқауының жүлдегерлері атанды.

2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап  кафедраны Абылғазиев Жанарбек Нұрбақытұлы басқарады.

2017-2018 оқу жылында математика кафедрасы «Тереңдетілген деңгейде математикадан, базалық деңгейде сызудан сабақ беруде білім беру үрдісін ұйымдастыруға бағытталған заманауи амалдар» тақырыбы бойынша жұмыс жасайды.

Мақсаты: білім беру үрдісінің әрбір қатысушысының өзін-өзі анықтаудағы және өзін-өзі танытудағы мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін, оқушылардың жеке ерекшеліктерін ашуға септігін тигізетін оңтайлы жағдайларды қамтамасыз ету.

Кафедра жұмысының басты бағыттары – бұл оқушыларға білім берудің сапасын арттыруға септігін тигізетін, білім берудің дәстүрлі және инновациялық технологиялары бірлестігінің мүмкіндіктерін қолдану; мұғалімдердің педагогикалық шеберлігінің, олардың математика, сызу облысындағы білімпаздығының және құзыреттілігінің әдістемелік, теориялық және кәсіби деңгейін үздіксіз жетілдіру.

Дарынды және талантты балалармен педагогикалық жұмыстың спецификасын ескере отырып, математика кафедрасына келесі заманауи талаптардың тұрғысынан коммуникативті және кәсіби құзыреттілікті дамыту мақсатында ұстаздардың біліктілігін арттыру міндеті қойылған: мұғалімнің портфолио құрамын толықтыру бойынша жұмыс; мұғалімнің өзінің және мұғалімнің жетекшілігімен оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу; компьютерлік сауаттылықты арттыру; математика және сызу сабақтарында үш тілділік элементтерін енгізу; физика мен математикаға қабілеттері бар оқушыларды оқытудың инновациялық технологияларын енгізу.