Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі

Үздік мұғалімдер

«ҚР үздік педагогы»

2012 жылдан бастап жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «ҚР үздік педагогы» атағына конкурс өткізеді. Конкурс аясында педагогтің білім беруді дамытуға қосқан үлесі, педагог қызметінің нәтижелілігі және оның кәсіби шеберлігі ескеріледі. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен келген мұғалімдер, техникалық және кәсіптік білім беру педагогтары, аудандық, қалалық және облыстық турлардың жеңімпаз тәрбиешілері қатысады.

Республикалық конкурстық комиссияның құрамына қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналар қоғамының, «Атамекен» ҰКП өкілдері, журналистер, белсенді педагогтар, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының өкілдері және басқалар кіреді. Байқау аясында 500-ге жуық мектепке дейінгі және орта, техникалық және кәсіптік білім беру педагогтары марапатталады.

«Үздік педагог» атағының иегерлері төсбелгі мен 3 млн теңге (1000 АЕК) көлемінде ақшалай сыйақы алады. Сондай-ақ, «Педагог мәртебесі туралы» заң аясында әкімдіктер біржолғы ақшалай төлемдері бар жергілікті наградаларды тағайындады.

2014 жыл – Аубакирова Гульнур Габдувна, информатика  пәнінің мұғалімі

2016 жыл – Туякбаев Сабыр Туякбаевич, физика пәнінің мұғалімі

2016 жыл – Ордабаев Алмас Еркинович, химия пәнінің мұғалімі

2017 жыл – Саякова Бибигуль Муратпековна, математика пәнінің мұғалімі

2019 жыл – Долаев Архат Садырбаевич, математика пәнінің мұғалімі

2019 жыл – Довгаль Юрий Николаевич, физика пәнінің мұғалімі

2020 жыл – Шинасилова Сауле Сыздыковна, математика пәнінің мұғалімі

2020 жыл – Байсуйеуева Жанат Нурлыбаевна, математика пәнінің мұғалімі

«РФММ жылдың үздік мұғалімі»

2004 жылдан бастап жыл сайын Республикалық физика-математика мектебінің әкімшілігі «РФММ жылдың үздік мұғалімі» атағына, 2006 жылдан бастап «РФММ жылдың үздік тәрбиешісі» атағына, 2014 жылдан бастап «РФММ жылдың үздік жас мұғалімі» атағына, 2019 жылдан бастап «РФММ жылдың олимпиада резервінің үздік жаттықтырушысы» атағына конкурс өткізеді.

Байқаудың мақсаты – «РФММ» КеАҚ олимпиадалық резервінің табысты және белсенді мұғалімдерін, тәрбиешілері мен жаттықтырушыларын қолдау және көтермелеу. Конкурстың критерийлері –әкімшілік бақылау жұмыстарының нәтижелері бойынша оқушылардың жоғары рейтингі, өз пәні бойынша оқушылардың ҰБТ-ның жоғары орташа балы; республикалық, халықаралық олимпиаданың жүлдегер-оқушыларын даярлау; республикалық, халықаралық деңгейдегі ғылыми жобалардың жарыстарында жүлдегер-оқушыларды даярлау; республикалық, халықаралық деңгейдегі шығармашылық конкурстар мен жарыстарда жүлдегер; әдістемелік құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар әзірлеуге қатысу; республикалық, халықаралық деңгейдегі ғылыми-әдістемелік басылымдарда жарияланымдарының болуы, мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысу.

2018 жылдан бастап конкурс жүлдегерлері үшін ақшалай сыйлық – 250 000 теңгені құрайды.

2004 жыл – Долаев Архат Садырбаевич, математика пәнінің мұғалімі

2005 жыл – Аубакирова Гульнур Габдувна, информатика  пәнінің мұғалімі

2006 жыл – Алмабаева Ардак Касеновна,  химия пәнінің мұғалімі

2006 жыл – Бисембаева Улмекен Зейнуллаевна, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

2007 жыл – Досбулатова Улбосын Досбулатовна, тарих пәнінің мұғалімі

2007 жыл – Есмагамбетова Лязат Амиргалиевна, математика пәнінің мұғалімі

2008 жыл – Слободянюк Анна Сергеевна, физика пәнінің мұғалімі

2008 жыл – Бакынов Жакен Оралгазинович, физика пәнінің мұғалімі

2009 жыл – Туякбаев Сабыр Туякбаевич, физика пәнінің мұғалімі

2010 жыл – Байсуйеуева Жанат Нурлыбаевна, математика пәнінің мұғалімі

2010 жыл – Омарова Рауза Буркатовна, математика пәнінің мұғалімі

2011 жыл – Довгаль Юрий Николаевич, физика пәнінің мұғалімі

2012 жыл – Саякова Бибигуль Муратпековна, математика пәнінің мұғалімі

2013 жыл – Игисинов Асхат Сергалиевич, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

2014 жыл – Кабулова Нурбану Таргиновна,  биология пәнінің мұғалімі

2014 жыл – Курмантаева Кулсара Аскарбаевна, география пәнінің мұғалімі

2014 жыл – Сартаева Клара Каукербековна, математика пәнінің мұғалімі

2015 жыл – Баймаханова Жанар Адамбаевна, тарих пәнінің мұғалімі

2016 жыл – Уадилова Айгуль Дюсенбековна, математика пәнінің мұғалімі

2016 жыл – Кабдиев Болат Зарипович, физика пәнінің мұғалімі

2017 жыл – Утешева Бакыткуль Жумагалиевна, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

2018 жыл – Сагадиева Майра Сатьжановна, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

2018 жыл – Абилгазиев Жанарбек Нурбакытович, математика пәнінің мұғалімі

2019 жыл – Джумадуллаева Улдарай Сералиевна, информатика  пәнінің мұғалімі

2019 жыл – Ахметова Ғалия Зейноллақызы, математика пәнінің мұғалімі

2020 жыл – Жумагалиева Карлыгаш Канатовна, физика пәнінің мұғалімі

2020 жыл – Шинасилова Сауле Сыздыковна, математика пәнінің мұғалімі

2021 жыл – Алғазы Серік Сәбитұлы, информатика  пәнінің мұғалімі

2021 жыл – Серикбаева Шынар Байтуяковна, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

«РФММ жылдың үздік тәрбиешісі»

2006 жыл – Карсыбаева Рабига Смагуловна, тәрбиеші

2009 жыл – Искакова Амина Ашетовна, тәрбиеші

2016 жыл – Максутова Гульмира Жарылкаповна, тәрбиеші

2018 жыл – Ермекова Гульжан Таласовна, тәрбиеші

2020 жыл – Кайырбекова Ляззят Канаевна, тәрбиеші

2020 жыл – Рахимжанова Галия Сабеновна, тәрбиеші

«РФММ жылдың үздік жас мұғалімі»

2014 жыл – Зиябеков Бахнур Махсатович, ағылшын тілінің мұғалімі

2015 жыл – Байтасов Мейрамбек Калидоллаевич, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

2015 жыл – Шайжанова Меруерт Маратовна, ағылшын тілінің мұғалімі

2016 жыл – Кәрім Асхат Түлегенұлы, информатика  пәнінің мұғалімі

2017 жыл – Калыева Акмерей Рахимовна, химия пәнінің мұғалімі

2019 жыл – Султанов Ескендір Маратұлы, информатика  пәнінің мұғалімі

2020 жыл – Тыныштықбай Абылай Қанатұлы, математика пәнінің мұғалімі

2021 жыл – Мамутов Мусабек Сапахович, физика пәнінің мұғалімі

«РФММ жылдың олимпиадалық резервінің үздік жаттықтырушысы»

2019 жыл – Утешева Бакыткуль Жумагалиевна, орыс тілі және әдебиті пәнінің мұғалімі

2020 жыл – Мусатай Санат Сагатұлы,  физика пәнінің мұғалімі

2020 жыл – Кунгожин Нұрбек Манбетұлы, математика пәнінің мұғалімі

2021 жыл – Султанов Ескендір Маратұлы, информатика пәнінің мұғалімі

2021 жыл – Мамышев Бақыт Жанасұлы, қосымша білім беру педагогы