Қазақстанда Яндекс.Лицей оқушыларды оқуға шақырады

2018 жылғы 4 қыркүйек. Қазақстанда Яндекс.Лицейге жаңа іріктеу басталды. Бұл бағдарламалауды үйренгісі келетін оқушыларға арналған тегін курстар. Түсу үшін ағымдағы жылдың 9 қыркүйегіне дейін сауалнаманы толтырып, онлайн-тестілеуден өту қажет. Тестілеуден табысты өткен оқушылар сұхбатқа шақырылады.
Яндекс.Лицейге 8 немесе 9 сыныпта түсуге болады. Жасына қарамастан балалар жалпы бағдарлама бойынша екі жыл бойы оқиды. Сабақтарда олар Python бағдарламалау тілін меңгереді, бұл жаңадан үйренушілер үшін біршама жеңіл тіл, ол бірдей деңгейде IT-компанияларда және ғылыми ортада талап етіледі. Мұнда Яндекс компаниясында оқудан өткен тәжірибелі жергілікті ұстаздар сабақ береді.
Қазақстанда Яндекс.Лицей екінші рет іріктеу жүргізіп отыр. Өткен күзде жоба Республикалық физика-математика мектебімен ынтымақтастықта және бірден екі алаңда – Алматы қаласындағы мектептің бас ғимаратында және Астана қаласындағы филиалында жұмыс жасай бастады. 585 адам қатысуға өтінім жолдады, олардан 60 қабылданды. Күзде балалар екінші курста оқуды жалғастырады, ал көктемде курсты бітіруге дайындалады.
Осы жылы Яндекс.Лицей және РФММ ынтымақтастығын жалғастырып, одан да көп жаңа тыңдаушыларды қабылдауға дайын. Сабақтар аптасына екі рет сағат 15:00 кейін өтеді, сол себепті оларды мектепте оқумен бірге оңай үйлестіруге болады. Оқу жылы қазанның алғашқы күндері басталады.
Сонымен қатар, Яндекс.Лицей Петропавл және Орал қалаларындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мектептері желісінің оқушылары үшін арнайы курс түрінде жұмыс жасайтын болады. Түсу шарттары туралы оқу мекемелерінде біле аласыз.
«Яндекс.Лицейде оқушылар қарапайым бағдарламалардан бастап күрделі топтық жобаларға дейін өндірістік бағдарламалауды үйренетін болады. Жоба 2016 жылы пайда болды және жылдан-жылға оның ауқымы кеңейіп бара жатыр. Біз Калуга, Пенза, Саратов және Тамбов қалаларынан бастадық, сол қалаларда осы жылы бірінші шығарылым болды, ал бүгінде іріктеу 58 қалада ашылды» – дейді Яндекс.Лицейдің директоры Марина Суслова.
Яндекс.Лицей он жылдық тарихы бар Яндекс компаниясының «Деректерді талдау мектебі» (бұдан әрі – ДТМ) атты білім беру жобасының қатысуымен құрылды. Студенттер мен жоғары оқу орындардың түлектеріне арналған мектепте машиналық білім беру, компьютерлік көз және заманауи компьютерлік ғылымдардың басқа да бағыттары бойынша сабақ береді. 2007 жылы ДТМ IT-саласы үшін 600 астам маманды даярлап шығарды, олар қазірде ресей және шетелдік компанияларда жұмыс істейді. Мектеп 2014 жылы ашылған ЭЖМ ҒЗУ-нің Компьютерлік ғылымдар факультетінің оқу жоспарын әзірлеуге қатысты.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Ақпараттық хат ҚЖО 2025
2025 жылдың 9-10 мамыр арасында Алматы және Астана қалаларында КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебінде» оқушылар арасында математика (6-8 сынып), физика (7-8 сынып), информатика (6-8…
Оқушыларымыз республикалық тілдер олимпиадасынан олжалы оралды
Көкшетау қаласында өткен ағылшын, неміс және француз тілдерінен Республикалық олимпиадада мектебіміздің 8 оқушысы қатысып, барлығы медаль мен мақтау қағазына ие болып, жетістікпен оралды!…
Абай мұрасы — мәңгілік.
Ұлы ойшылдың даналығына жүрекпен үңіліп, мұрасының терең мәнін зерделей білген шәкірттеріміз республикалық деңгейде мектебіміздің мерейін асқақтатты! VII Республикалық «Абайтану» олимпиадасында жеңімпаз атанған оқушыларымыз:…
Тәжікстанда топ жарған таланттар
Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен Western Asia Youth Chess Championship 2025 чемпионатында Швейцариялық жүйе бойынша өткен 7 турдың қорытындысы бойынша, рапид шахматынан Батыс Азия…
Мектеп президенті: 2025 жылғы сайлау
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде Мектеп президенті сайлауы сәтті өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Өмірзақ Саният көпшілік басым дауыспен жеңімпаз деп танылды.✨ *…
Fizmat Chess Open – 2025 қорытындысы
Республикалық физика-математика мектебі мен серіктестері – Қазақстан шахмат федерациясы, Фридом Банк ұйымдастырған Fizmat Chess Open 2025 халықаралық шахмат турнирі биыл төртінші рет өткізілді….
1–10 сынып оқушыларын Халықаралық IFSS Junior Turkey 2025 жазғы мектебіне шақырамыз!
Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) мен Fizmat Academy орталығы бірлесе отырып, Түркия елінде оқушыларға арнап қызықты демалыс ұйымдастырады Балаңызға оқу, теңіз, жаңа достар және…
Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания)
Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания) 20 шілде – 3 тамыз 2025 жыл. Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) Fizmat Academy орталығымен бірлесе отырып, 8–10…
Эдгар Мамедов — Қазақстан тарихында ең жас гроссмейстер халықаралық атағын иеленген шахматшы!
Испанияда өткен беделді IX Open Internacional Semana Santa San Vicente del Raspeig Costa Blanca 2025 A турнирінде Эдгар 9 мүмкіндіктен 7 ұпай жинап,…
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Алматы қаласындағы РФММ-де ұлттар достығын дәріптеген ерекше фестиваль өтті.
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына – 30 жыл. Біз бәріміз – түрлі тілде сөйлейтінімізге қарамастан, бір шаңырақ астында, ортақ тарих пен құндылықтарды бөліскен…