XVIII ашық қалалық Жәутіков Олимпиадасы

Құрметті олимпиадалардың әуесқойлары! Дәстүрлі болып отыратын Ашық Қалалық Жәутіков олимпиадасы келесі үш пән бойынша өтеді: математика (6-9 сынып), физика (7-8 сынып) және информатика (6-8 сынып).
Олимпиаданы ұйымдастырушы «РФММ» КеАҚ болып табылады.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері математикамен қызығатын оқушыларды анықтау, оларда шығармашылық қабілеттерді және ғылыми қызметке қызығушылықты дамыту, дарынды балаларды қолдау үшін қажетті шарттарды құру болып табылады.
Олимпиада екі кезең бойынша өтеді: І кезең – ғаламтор арқылы онлайн, ал ІІ кезең Алматы және Астана қалаларында орналасқан «РФММ» КеАҚ негізінде оқушылардың жеке қатысуы арқылы өтеді. Әрбір кезең екі тур бойынша өтеді.
I кезең (онлайн):
1 тур: 10 сәуірден бастап 21 сәуірді қоса алғанда келесі сілтеме арқылы http://olympiads.fizmat.kz/ сайтында қатысушыларды тіркеу. Тур 22 сәуірде өтеді:
- математика сағат 09:00 бастап сағат 11:00 дейін;
- физика сағат 12:00 бастап сағат 14:00 дейін;
- информатика сағат 15:00 бастап сағат 17:00 дейін.
2 тур: 23 сәуірден бастап 28 сәуірді қоса алғанда келесі сілтеме бойынша http://olympiads.fizmat.kz/ сайтында қосымша қатысушыларды тіркеу. 1 турдың қатысушылары автоматты түрде 2 турға тіркелетін болады. Тур 29 сәуірде өтеді:
- математика сағат 09:00 бастап сағат 11:00 дейін;
- физика сағат 12:00 бастап сағат 14:00 дейін;
- информатика сағат 15:00 бастап сағат 17:00 дейін.
Қандай да бір себептер бойынша олимпиаданың 1 онлайн турына қатыса алмаған оқушылар 2 онлайн турға тіркеліп қатыса алады.
І кезеңнің нәтижелері бойынша ІІ кезеңнің қатысушылары анықталады. Осы ретте екі турдың немесе тек екінші турдың нәтижелері ғана есепке алынатын болады. ІІ кезеңнің қатысушылары http://olympiads.fizmat.kz/ сайтында жарияланатын болады. XVII Ашық Қалалық Жәутіков олимпиадасының, Эйлер атындағы олимпиаданың қорытынды кезеңінің, «Бірлік формуласы/Үшінші мыңжылдық» олимпиадасының қорытынды кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері І (онлайн) кезеңге қатыспай-ақ, екінші (жеке қатысу) кезеңіне жіберіледі. Осындай оқушылар http://olympiads.fizmat.kz/ сайтына сканерден өткізілген дипломның көшірмесін жүктеу арқылы тіркелуі қажет!
ІІ кезең (жеке қатысу):
ІІ кезеңнен өткен қатысушылар 5 мамырда сағат 14:00 бастап сағат 17:30 дейін және 6 мамырда сағат 09:00 бастап сағат 12:00 дейін Алматы және Астана қалаларында «РФММ» КеАҚ негізінде көзбе-көз жеке турға қатысады.
Қатысушылар өзімен бірге келесі заттарды иеленуі тиіс: жазба құралдарын, 12 беттік тор көз дәптерді, қажет болса шағын тағамды. Қатысушылар барлық үш пән бойынша онлайн турларға қатысуы мүмкін.
Алайда жеке қатысатын турда қатысушы тек БІР пәнді ғана таңдау қажет.
Олимпиаданың қорытындылары жеке есепте көрсетіледі.
Аппелляция 11 мамырда сағат 15:00 бастап сағат 17:00 дейін өтеді.
Марапаттау 12 мамырда сағат 15:00 өтеді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер олимпиаданың ІІ кезеңінің екі турында шешілген тапсырмаларда жиналған балдардың сомасы бойынша анықталатын болады. Олимпиадада ең үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар I, II және III дипломдармен марапатталады.
XVIII Ашық Қалалық Жәутіков олимпиадасының І дәрежелі дипломының иегерлері, 6-7 сынып оқушылары «РФММ» КеАҚ-ға қабылдау емтихандарынсыз қабылданатын болады.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Ақпараттық хат ҚЖО 2025
2025 жылдың 9-10 мамыр арасында Алматы және Астана қалаларында КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебінде» оқушылар арасында математика (6-8 сынып), физика (7-8 сынып), информатика (6-8…
Оқушыларымыз республикалық тілдер олимпиадасынан олжалы оралды
Көкшетау қаласында өткен ағылшын, неміс және француз тілдерінен Республикалық олимпиадада мектебіміздің 8 оқушысы қатысып, барлығы медаль мен мақтау қағазына ие болып, жетістікпен оралды!…
Абай мұрасы — мәңгілік.
Ұлы ойшылдың даналығына жүрекпен үңіліп, мұрасының терең мәнін зерделей білген шәкірттеріміз республикалық деңгейде мектебіміздің мерейін асқақтатты! VII Республикалық «Абайтану» олимпиадасында жеңімпаз атанған оқушыларымыз:…
Тәжікстанда топ жарған таланттар
Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен Western Asia Youth Chess Championship 2025 чемпионатында Швейцариялық жүйе бойынша өткен 7 турдың қорытындысы бойынша, рапид шахматынан Батыс Азия…
Мектеп президенті: 2025 жылғы сайлау
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде Мектеп президенті сайлауы сәтті өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Өмірзақ Саният көпшілік басым дауыспен жеңімпаз деп танылды.✨ *…
Fizmat Chess Open – 2025 қорытындысы
Республикалық физика-математика мектебі мен серіктестері – Қазақстан шахмат федерациясы, Фридом Банк ұйымдастырған Fizmat Chess Open 2025 халықаралық шахмат турнирі биыл төртінші рет өткізілді….
1–10 сынып оқушыларын Халықаралық IFSS Junior Turkey 2025 жазғы мектебіне шақырамыз!
Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) мен Fizmat Academy орталығы бірлесе отырып, Түркия елінде оқушыларға арнап қызықты демалыс ұйымдастырады Балаңызға оқу, теңіз, жаңа достар және…
Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания)
Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания) 20 шілде – 3 тамыз 2025 жыл. Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) Fizmat Academy орталығымен бірлесе отырып, 8–10…
Эдгар Мамедов — Қазақстан тарихында ең жас гроссмейстер халықаралық атағын иеленген шахматшы!
Испанияда өткен беделді IX Open Internacional Semana Santa San Vicente del Raspeig Costa Blanca 2025 A турнирінде Эдгар 9 мүмкіндіктен 7 ұпай жинап,…
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Алматы қаласындағы РФММ-де ұлттар достығын дәріптеген ерекше фестиваль өтті.
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына – 30 жыл. Біз бәріміз – түрлі тілде сөйлейтінімізге қарамастан, бір шаңырақ астында, ортақ тарих пен құндылықтарды бөліскен…