Математика, физика және информатика пәндері бойынша мерейтойлық XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасы

2019 жылдың 9 қаңтарынан бастап 15 қаңтарына дейін Алматы қаласында РФММ негізінде Математика, физика және информатика пәндері бойынша мерейтойлық XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Біздің мектептің атынан 9-11 сыныптың оқушылары қатысты. Екі турдың қорытындылары бойынша Алматы РФММ-нің 19 оқушысы медалдарды жеңіп алды. Бірінші кезекте біз олимпиадашыларымызды құттықтағымыз келеді: «Сіздер қиындықтарды жеңе алдыңыздар, өздеріңіздің ең үздік қасиеттеріңізді және ержүрек мінездеріңізді көрсете білдіңіздер. Біз сіздердің әрқайсыларыңыз үшін бұл олимпиада қаншалықты қиын болғанын білеміз».
Әрине, медалдар үшін күрделі сайыстарда өз орнын ала білген оқушылар ерекше алғыс сөздерге лайықты. Біздің олимпиадашыларды атап өтейік.
Данияр Закарин, 11 сыныптың оқушысы, информатика пәнінен XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасының алтын медалін жеңді. Даниярдың ең маңызды жетістіктеріне 2018 ж. Жапонияның Цукуба қаласында өткен информатика пәнінен «IOI-2018» атты Халықаралық олимпиадасында алған күміс медалі, информатика пәнінен X Еуразиялық олимпиадада алған алтын медалі жатады. Данияр XІIІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қола жүлдегері, XІV Халықаралық Жәутіков олимпиадасының күміс жүлдегері.
Батыр Сардарбеков, 11 сыныптың оқушысы, информатика пәнінен XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасының алтын жүлдегері. 2018 ж. XІV Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қола жүлдегері, 2018 ж. Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының күміс жүлдегері, информатика пәнінен X Еуразиялық олимпиаданың алтын жүлдегері.
Қуат Өтебаев, 11сыныптың оқушысы, жақсы нәтиже көрсетті, математика пәнінен XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасының күміс медалін жеңіп алды. Қуат 2016 ж. Ресейдің Мәскеу қаласында өткен «Математикалық көпсайыс» атты халықаралық математикалық жарыстың күміс жүлдегері болып табылады. Сонымен қатар, ол 2018 ж. Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қола жүлдегері.
Әсел Қатаева, 11 сыныптың оқушысы, математика пәнінен XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасының күміс медалін жеңіп алды. Ол Италияның Флоренция қаласында өткен қыздарға арналған «EGMO-2018» атты Еуропалық математикалық олимпиаданың қола медалінің иегері. 2018 ж. XIV Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қола медалінің иегері, 2016 ж. Ресейдің Мәскеу қаласында өткен «Математикалық көпсайыс» атты халықаралық математикалық жарыстың күміс жүлдегері.
Батырхан Сәкенов, 9 сыныптың оқушысы, математика пәнінен XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасының күміс жүлдегері, Қалалар сайысында 3 орынды жеңіп алды.
Владимир Смирнов, 10 сыныптың оқушысы, математика пәнінен XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қола жүлдегері. 2018 ж. қашықтан өткен геометрия пәнінен IV Иран олимпиадасында 1 орынды жеңіп алды.
Айдар Амрин, 10 сыныптың оқушысы, математика пәнінен XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қола жүлдегері. 2017 ж. Алматы қаласында қашықтан өткен математика пәнінен XXVIІI Азия-Тынық мұхит олимпиадасының (МАТМО) қола медалін, 2018 ж. Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының күміс медалін жеңіп алды.
Арсен Сейлхан, 11 сыныптың оқушысы, математика пәнінен XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қола жүлдегері. 2018 ж. Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қола жүлдегері.
Рустам Жұмажанов, 9 сыныптың оқушысы, математика пәнінен XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қола жүлдегері.
Давид Ли, 11 сыныптың оқушысы, физика пәнінен XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасының күміс жүлдегері. Нидерландының Неймеген қаласында өткен IJSO-2017 Жаратылыстану ғылымдары бойынша Халықаралық юниорлық олимпиадасының қола жүлдегері, 2018 ж. Алматы қаласында өткен XІV Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қола жүлдегері.
Амангелді Ислам, 10 сыныптың оқушысы, физика пәнінен XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасының күміс жүлдегері. Нидерландының Неймеген қаласында өткен IJSO-2017 Жаратылыстану ғылымдары бойынша Халықаралық юниорлық олимпиадасының күміс жүлдегері. 2018 ж. Шри-Ланканың Коломбо қаласында өткен ХХІІІ Халықаралық астрономиялық олимпиадада 3 орынды жеңіп алды. 2018 ж. Саха Республикасының Якутск қаласында өткен математике, физике, химия және информатика пәндері бойынша оқушылардың «Туймаада-2018» халықаралық олимпиадасының алтын жүлдегері. 2017 ж. Болгарияның София қаласында өткен тәжірибелік физика пәнінен V Ашық олимпиадасының алтын жүлдегері.
Кутлуш Салим, 11 сыныптың оқушысы, физика пәнінен XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасының күміс жүлдегері. 2017 ж. Болгарияның София қаласында өткен тәжірибелік физика пәнінен V Ашық олимпиадасының қола жүлдегері, 2017 ж. Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен физика пәнінен VІ Орал сайысының қола жүлдегері.
Алексей Янченко, 10 сыныптың оқушысы, физика пәнінен XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қола жүлдегері. 2018 ж. Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасында күміс медальді жеңіп алды.
Парасат Қызырқанов, 10 сыныптың оқушысы, информатика пәнінен XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасының күміс жүлдегері.
Камзабек Нархан, 10 сыныптың оқушысы, информатика пәнінен XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасының күміс жүлдегері.
Дінмұхаммед Шорманхан, 10 сыныптың оқушысы, информатика пәнінен XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қола жүлдегері.
Андрей Свинолупов, 9 сыныптың оқушысы, информатика пәнінен XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қола жүлдегері. 2018 ж. Павлодар облысының Баянауыл ауылында өткен Қ. Сәтпаев атындағы VIII Халықаралық олимпиаданың қола жүлдегері. 2018 ж. Астана қаласында өткен Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер (информатика, химия) бойынша республикалық юниорлық олимпиаданың қола жүлдегері.
Иманғали Темірхан, 10 сыныптың оқушысы, информатика пәнінен XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қола жүлдегері.
Тимур Ратников, 9 сыныптың оқушысы, информатика пәнінен XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қола жүлдегері.
Құрметті біздің олимпиадашылар!
Шын жүректен сіздерге зор денсаулық, табыс және олимпиадаларда жеңістер тілейміз!
Біздің үлкен тату мектебіміз сіздерді қолдайтынын, бар күшін салып жақтайтынын біліңіз!
Ешқашан қол түсірмеңіз, алдыңызда қандай қиындықтар тұрса да тоқтамаңыз, біз сіздерге қолдау көрсетуге әрқашан дайынбыз!
Сіздер көп күш-жігер салып биікке жеттіңдер және енді мектептің намысын қорғай аласыңдар, қол жеткізген жетістіктерің үшін алғыс білдіреміз!
Сіздерге табыстар, жеңіл бастаулар мен жеңісті мәрелер тілейміз!
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Ақпараттық хат ҚЖО 2025
2025 жылдың 9-10 мамыр арасында Алматы және Астана қалаларында КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебінде» оқушылар арасында математика (6-8 сынып), физика (7-8 сынып), информатика (6-8…
Оқушыларымыз республикалық тілдер олимпиадасынан олжалы оралды
Көкшетау қаласында өткен ағылшын, неміс және француз тілдерінен Республикалық олимпиадада мектебіміздің 8 оқушысы қатысып, барлығы медаль мен мақтау қағазына ие болып, жетістікпен оралды!…
Абай мұрасы — мәңгілік.
Ұлы ойшылдың даналығына жүрекпен үңіліп, мұрасының терең мәнін зерделей білген шәкірттеріміз республикалық деңгейде мектебіміздің мерейін асқақтатты! VII Республикалық «Абайтану» олимпиадасында жеңімпаз атанған оқушыларымыз:…
Тәжікстанда топ жарған таланттар
Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен Western Asia Youth Chess Championship 2025 чемпионатында Швейцариялық жүйе бойынша өткен 7 турдың қорытындысы бойынша, рапид шахматынан Батыс Азия…
Мектеп президенті: 2025 жылғы сайлау
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде Мектеп президенті сайлауы сәтті өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Өмірзақ Саният көпшілік басым дауыспен жеңімпаз деп танылды.✨ *…
Fizmat Chess Open – 2025 қорытындысы
Республикалық физика-математика мектебі мен серіктестері – Қазақстан шахмат федерациясы, Фридом Банк ұйымдастырған Fizmat Chess Open 2025 халықаралық шахмат турнирі биыл төртінші рет өткізілді….
1–10 сынып оқушыларын Халықаралық IFSS Junior Turkey 2025 жазғы мектебіне шақырамыз!
Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) мен Fizmat Academy орталығы бірлесе отырып, Түркия елінде оқушыларға арнап қызықты демалыс ұйымдастырады Балаңызға оқу, теңіз, жаңа достар және…
Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания)
Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания) 20 шілде – 3 тамыз 2025 жыл. Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) Fizmat Academy орталығымен бірлесе отырып, 8–10…
Эдгар Мамедов — Қазақстан тарихында ең жас гроссмейстер халықаралық атағын иеленген шахматшы!
Испанияда өткен беделді IX Open Internacional Semana Santa San Vicente del Raspeig Costa Blanca 2025 A турнирінде Эдгар 9 мүмкіндіктен 7 ұпай жинап,…
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Алматы қаласындағы РФММ-де ұлттар достығын дәріптеген ерекше фестиваль өтті.
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына – 30 жыл. Біз бәріміз – түрлі тілде сөйлейтінімізге қарамастан, бір шаңырақ астында, ортақ тарих пен құндылықтарды бөліскен…