Физмат мектеп қабырғасында 17 мамыр күні ардагер ұстаз Қалдыбаева Ғалия Шарафиқызының мерейтойы атап өтілді

Бүгін той – әз ғылымның әлемінде
Бүгін той – «Физмат» атты бақ елінде!
Бүгін той – Ғалия апай 80 жаста
Ғылымнан тапқан дауа, жан емін де!
80 жыл – гүл көктем мерекесі
80 жыл – өмірдің берекесі!
Әлі күнге жүректе жаңғырып тұр,
Сан ғасырға татитын өнегесі.
Қуаныштан шаттанар бақытты елің
Жан жүректен жыр-шумақ ағытты елің.
Ғалия апай, қабыл ал, сізге арнап
Той жасап жатыр бүгін шәкірттерің!,- деген жыр жолдарын арнаумен басталған мектеп қабырғасында 17 мамыр күні ардагер ұстаз Қалдыбаева Ғалия Шарафиқызының мерейтойы атап өтілді. Ғалия Шарафиевна біздің мектептің іргетасы қаланған күннен бастап 2010 жылдарға дейін ерен еңбегімен математика пәнінің мұғалімі болып қана қоймай, тамаша сынып жетекшілігін және де көптеген қоғамдык жұмыстарды, әр жылдарда кәсіподақ ұйымының төрайымы қызметтерін атқарған Республикалық физика математика мектебіне жанашыр жандардың ішіндегі ерекше майталманы. Оған дәлел ретінде Қалдыбааева Ғалия апайдың еңбек жолына көз жүгіртсек болады:
<ul>
<li>қазіpгі жас буын үшін уақыт талабына сай оқулықтардың соавторы (Геометрия, 9, 7-сыныптар үшін) және қазақ тілінде геометрия пәнінен «Көпжақ қималары» тақырыбына диафильм шығарды;</li>
<li>газет, журнал беттерінде көптеген мақалалары жарияланып, Республика мұгалімдері үшін ашық сабақтар өткізді;</li>
<li>бірнеше жылдар мектептің ғылыми кiшi академиясын басқарып, Білім және ғылым министрлігінің оқу-әдістемелік кеңесінің мүшесі болды;</li>
<li>шалғай ауылдардың мұғалімдері мен оқушыларының қамын ойлап, республика көлемінде ең алғашқы периодикалық көмекші құрал ретінде «Репетитор – көмекші» журналының негізін қалап, бірнеше жылдар бойы бас құрастырушысы, редакторы қызметін атқарды</li>
</ul>
Әрине, Ғалия Шарафиқызының еңбегі елеусіз қалған жок, Қалдыбаева Ғ.Ш. оқушыларды халықаралық олимпиадаға дайындағаны үшін бірнеше рет Білім және ғылым министрлігінің Кұрмет грамотасымен және Президент Н.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды, бірнеше дүркін Ы. Алтынсарин медалімен, білім-ағарту ісінің үздігі төсбелгісімен, «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» атағына бөленген, және де Советтер Одағының «Еңбек ардагері» медалінің иегері атанды. Білім және ғылым министрлігі ардагер ұстаздың өмір жолы мен еңбек жолын жоғары бағалап 80 жылдық мерейтойына «Еңбек ардагері» медалін тарту етті.
Қатайып ұшқан сізден қаншама көз,
Ұстазым, қажымаңыз, шаршамаңыз!
Қамқоршы әр шәкіртке анасындай
Болсақ деп сіздей ұстаз тамсанамыз.
Білім деп арай таңы атқан күліп,
Ұл-қыздан сан мың шәкірт аттандырып.
Таусылмас азық берген Ғалия апай
Жүреміз есімізде мақтан қылып,- деген жүрек толғаныстарын жиып келген 200 ден астам Ғалия апайдың әр жылғы түлектері өлең шумақтары мен тамаша әндерін құттықтау салтанатының сахына төрінен жолдады. Ғалия Шарафиқызынан кезінде дәріс алып, бүгінгі күні отыз жылдай математика пәнінен РФМШ қабырғасында сабақ беріп жүрген бірнеше түлектердің бар екендігін де атап өткен жөн. «Ақын жанды адам ғана математик бола алады»,- деген қағиданы ұстанған апайдың түлектерінің қазіргі шәкірттерінің бірі 11 сынып оқушысы Мақсатбек Сейтқұлов те өзінің мерейтой иесіне деген арнауын өлеңмен орындады.
Кештің қорытындысы ретінде Ғалия апай мектеп жанынан ашылған музейге өзінің еңбек жолында құнды орын алған методикалық оқу құралдары мен тарихи маңызды кітаптар мен оқулықтарды сыйға тарту етті. Сонымен қатар, жас мұғалімдер қауымына Ғалия апай өзінің ұстазы – ғалым математик, РФМШ мектебінің іргетасын қалаушылардың бірі Аманов Төлеубай Идрисович айтып кеткен: «Сіздер елдің түкпір-түкпірінен жиналған штучный экземпляр – өте айрықша оқушылармен жұмыс істейтіндіктеріңді ешқашан ұмытпаңыздар, аса маңызды көзқараспен қараңыздар»,- деген өсиетін жеткізді.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Ақпараттық хат ҚЖО 2025
2025 жылдың 9-10 мамыр арасында Алматы және Астана қалаларында КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебінде» оқушылар арасында математика (6-8 сынып), физика (7-8 сынып), информатика (6-8…
Оқушыларымыз республикалық тілдер олимпиадасынан олжалы оралды
Көкшетау қаласында өткен ағылшын, неміс және француз тілдерінен Республикалық олимпиадада мектебіміздің 8 оқушысы қатысып, барлығы медаль мен мақтау қағазына ие болып, жетістікпен оралды!…
Абай мұрасы — мәңгілік.
Ұлы ойшылдың даналығына жүрекпен үңіліп, мұрасының терең мәнін зерделей білген шәкірттеріміз республикалық деңгейде мектебіміздің мерейін асқақтатты! VII Республикалық «Абайтану» олимпиадасында жеңімпаз атанған оқушыларымыз:…
Тәжікстанда топ жарған таланттар
Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен Western Asia Youth Chess Championship 2025 чемпионатында Швейцариялық жүйе бойынша өткен 7 турдың қорытындысы бойынша, рапид шахматынан Батыс Азия…
Мектеп президенті: 2025 жылғы сайлау
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде Мектеп президенті сайлауы сәтті өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Өмірзақ Саният көпшілік басым дауыспен жеңімпаз деп танылды.✨ *…
Fizmat Chess Open – 2025 қорытындысы
Республикалық физика-математика мектебі мен серіктестері – Қазақстан шахмат федерациясы, Фридом Банк ұйымдастырған Fizmat Chess Open 2025 халықаралық шахмат турнирі биыл төртінші рет өткізілді….
1–10 сынып оқушыларын Халықаралық IFSS Junior Turkey 2025 жазғы мектебіне шақырамыз!
Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) мен Fizmat Academy орталығы бірлесе отырып, Түркия елінде оқушыларға арнап қызықты демалыс ұйымдастырады Балаңызға оқу, теңіз, жаңа достар және…
Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания)
Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания) 20 шілде – 3 тамыз 2025 жыл. Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) Fizmat Academy орталығымен бірлесе отырып, 8–10…
Эдгар Мамедов — Қазақстан тарихында ең жас гроссмейстер халықаралық атағын иеленген шахматшы!
Испанияда өткен беделді IX Open Internacional Semana Santa San Vicente del Raspeig Costa Blanca 2025 A турнирінде Эдгар 9 мүмкіндіктен 7 ұпай жинап,…
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Алматы қаласындағы РФММ-де ұлттар достығын дәріптеген ерекше фестиваль өтті.
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына – 30 жыл. Біз бәріміз – түрлі тілде сөйлейтінімізге қарамастан, бір шаңырақ астында, ортақ тарих пен құндылықтарды бөліскен…