Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі
03
Nov
23

РФММ Алматы Ашық есік күнін өткізді



2023 жылдың 1 қарашасында Алматы қаласының Республикалық физика-математика мектебінде қала мектептерінің 5-6 сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына арналған «Ашық есік күні» және білім беру орталықтарының көрмесі өтті. Қонақтарға мектептің негізгі және жаңа ғимараты, стадион, «Zertte Studio», спорттық алаңдар, асхана, оқу кабинеттері, мұражай және акт залы бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

Шараның негізгі бөлігі акт залында өтіп, мектеп директоры Меирбек Меирлан Едигерулы мектеп туралы баяндама жасап, оқуға қабылдау шарттары, қабылдау емтихандары және оқушыларға қолжетімді қосымша білім алу мүмкіндіктері туралы ақпаратпен бөлісті. Ата-аналар мен оқушылардың РФММ-ғе түсу үшін сұрақтар қойып, толық ақпарат ала алды.

Бағдарлама бойынша мектептің өзін-өзі басқару өкілдері, мектептің вице-президенті Ргымбай Нурай, информатика пәнінен олимпиада жеңімпазы Татаринов Даниил сөз сөйлеп, оқуы мен жетістіктеріне тоқталды. Математикадан олимпиада жүлдегері, халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Аманжолов Амирлан және математикадан олимпиадалық резерв жаттықтырушы Мамышев Бахыт мектеп оқушыларының түрлі интеллектуалдық сайыстардағы жетістіктеріне тоқталды.

Қонақтардың алдында «Tesla Education», «Baiterek», «MetaStudy» және «Fizmat Academy» сияқты білім беру орталықтарының шақырылған өкілдері сөз сөйлеп, оқушыларды РФММ мектебіне қалай дайындайтыны туралы айтып берді.

Шара Алматы қаласының қосымша білім беру орталықтары өкілдері және  РФММ КеАҚ Басқарма Төрағасының Бірінші Орынбасары А.М.Күнғожиннің қатысуымен өткен дөңгелек үстелмен аяқталып, онда сынақ және қабылдау емтихандарын ұйымдастыру, олардың ерекшеліктерін талқылап, одан әрі ынтымақтастық туралы сөз қозғады.

Бұл шараның басты артықшылықтарының бірі оқушылар, мұғалімдер және мектеп ұжымымен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі болды, олар өздерінің білімдері мен тәжірибелерімен қуана бөлісті. Ашық есік күнін ұйымдастыру мен өткізуге РФММ бүкіл ұжымы белсене қатысты, бұл келушілерге мектеп атмосферасын жақсырақ түсінуге және оның дайындық деңгейін бағалауға мүмкіндік берді.

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    08
    May
    25

    Ақпараттық хат ҚЖО 2025

    2025 жылдың 9-10 мамыр арасында Алматы және Астана қалаларында КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебінде» оқушылар арасында математика (6-8 сынып), физика (7-8 сынып), информатика (6-8…

      06
      May
      25

      Оқушыларымыз республикалық тілдер олимпиадасынан олжалы оралды

      Көкшетау қаласында өткен ағылшын, неміс және француз тілдерінен Республикалық олимпиадада мектебіміздің 8 оқушысы қатысып, барлығы медаль мен мақтау қағазына ие болып, жетістікпен оралды!…

        06
        May
        25

        Абай мұрасы — мәңгілік.

        Ұлы ойшылдың даналығына жүрекпен үңіліп, мұрасының терең мәнін зерделей білген шәкірттеріміз республикалық деңгейде мектебіміздің мерейін асқақтатты! VII Республикалық «Абайтану» олимпиадасында жеңімпаз атанған оқушыларымыз:…

          06
          May
          25

          Тәжікстанда топ жарған таланттар

          Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен Western Asia Youth Chess Championship 2025 чемпионатында Швейцариялық жүйе бойынша өткен 7 турдың қорытындысы бойынша, рапид шахматынан Батыс Азия…

            06
            May
            25

            Мектеп президенті: 2025 жылғы сайлау

            Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде Мектеп президенті сайлауы сәтті өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Өмірзақ Саният көпшілік басым дауыспен жеңімпаз деп танылды.✨ *…

              06
              May
              25

              Fizmat Chess Open – 2025 қорытындысы

              Республикалық физика-математика мектебі мен серіктестері – Қазақстан шахмат федерациясы, Фридом Банк ұйымдастырған Fizmat Chess Open 2025 халықаралық шахмат турнирі биыл төртінші рет өткізілді….

                02
                May
                25

                1–10 сынып оқушыларын Халықаралық IFSS Junior Turkey 2025 жазғы мектебіне шақырамыз!

                Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) мен Fizmat Academy орталығы бірлесе отырып, Түркия елінде оқушыларға арнап қызықты демалыс ұйымдастырады Балаңызға оқу, теңіз, жаңа достар және…

                  02
                  May
                  25

                  Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания)

                  Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания) 20 шілде – 3 тамыз 2025 жыл. Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) Fizmat Academy орталығымен бірлесе отырып, 8–10…

                    01
                    May
                    25

                    Эдгар Мамедов — Қазақстан тарихында ең жас гроссмейстер халықаралық атағын иеленген шахматшы!

                    Испанияда өткен беделді IX Open Internacional Semana Santa San Vicente del Raspeig Costa Blanca 2025 A турнирінде Эдгар 9 мүмкіндіктен 7 ұпай жинап,…

                      01
                      May
                      25

                      1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Алматы қаласындағы РФММ-де ұлттар достығын дәріптеген ерекше фестиваль өтті.

                      Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына – 30 жыл. Біз бәріміз – түрлі тілде сөйлейтінімізге қарамастан, бір шаңырақ астында, ортақ тарих пен құндылықтарды бөліскен…