Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі
03
Jul
19

Алматы РФММ оқушылары 1С компаниясында тағылымдамадан өтті



Алматы РФММ «1С-САПА СЛАВА ВЦ» компаниялар тобының қолдауымен «Инфо Софт Пром» (1С Қазақстан) ЖШС-мен бірлесіп 9 сыныптардың оқушыларына халықаралық қатысумен ақылы тағылымдамадан өтудің бірегей мүмкіндігін ұсынды.

Алматы РФММ-де ұйымдастырылған байқау іріктеуінің нәтижелері бойынша 1 С компаниясына тағылымдадан өтуге келесі 8 оқушы шақырылды:

  1. Авутов Руслан
  2. Адилхан Санжар
  3. Зуев Андрей
  4. Макаров Артем
  5. Огай Михаил
  6. Рахматулла Бекмухамед
  7. Сапа Артем
  8. Сыздык Арнур.

Екі апта ішінде балалар «1С Кәсіпорын» платформасында қолданбалы шешімдерді әзірлеу бойынша практикум»  курсын өтті. Жұмыс барысында бәсекелестікті арттыру үшін оқушыларды екі командаға бөлді, әрбір командаға ұялы қосымшасы жасау үшін жобаны ойлап табу ұсынылды.

Тағылымдамадан өтушілер өздерінің жобаларын жасаудың бағыттарын өз бетімен таңдады. Бірінші команда «Салауатты өмір салтымен» байланысты бағытты таңдады, ал екінші команда «Нарықтық қарым-қатынасқа» байланысты бағытты таңдады. «Бизнеске арналған IT шешімдер» біліктілігіндегі  WorldSkills тәуелсіз сарапшысы Павел Чистов (8 Кәсіпорын; 1С платформасы бойынша әдіскер; 1С:ЦСО сертификациялаудан өткен ұстаз; 1С фирмасының №1 Оқу орталығының ұстазы, (Ресей, Мәскеу) тәлімгер ретінде қызмет етті.

2019 жылдың 21 маусымында жобаларды қорғау өтті. Тағылымдамадан өткеннен кейін оқушылар «1С Кәсіпорын» платформасында қолданбалы шешімдерді әзірлеу бойынша практикум»  курсынан өткендері туралы сертификаттарды, сондай-ақ ақшалай сыйақыны алды. Осыдан өзге тәлімгер тағылымдамадан өткен оқушылардың ерекше ойлау қабілетін атап өтті, оларға ынтымақтастықты жалғастыруды және аяқталған жобаларды тиісті ұялы қосымшаларға (Google Play Market) орналастыруды ұсынды.

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    08
    May
    25

    Ақпараттық хат ҚЖО 2025

    2025 жылдың 9-10 мамыр арасында Алматы және Астана қалаларында КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебінде» оқушылар арасында математика (6-8 сынып), физика (7-8 сынып), информатика (6-8…

      06
      May
      25

      Оқушыларымыз республикалық тілдер олимпиадасынан олжалы оралды

      Көкшетау қаласында өткен ағылшын, неміс және француз тілдерінен Республикалық олимпиадада мектебіміздің 8 оқушысы қатысып, барлығы медаль мен мақтау қағазына ие болып, жетістікпен оралды!…

        06
        May
        25

        Абай мұрасы — мәңгілік.

        Ұлы ойшылдың даналығына жүрекпен үңіліп, мұрасының терең мәнін зерделей білген шәкірттеріміз республикалық деңгейде мектебіміздің мерейін асқақтатты! VII Республикалық «Абайтану» олимпиадасында жеңімпаз атанған оқушыларымыз:…

          06
          May
          25

          Тәжікстанда топ жарған таланттар

          Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен Western Asia Youth Chess Championship 2025 чемпионатында Швейцариялық жүйе бойынша өткен 7 турдың қорытындысы бойынша, рапид шахматынан Батыс Азия…

            06
            May
            25

            Мектеп президенті: 2025 жылғы сайлау

            Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде Мектеп президенті сайлауы сәтті өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Өмірзақ Саният көпшілік басым дауыспен жеңімпаз деп танылды.✨ *…

              06
              May
              25

              Fizmat Chess Open – 2025 қорытындысы

              Республикалық физика-математика мектебі мен серіктестері – Қазақстан шахмат федерациясы, Фридом Банк ұйымдастырған Fizmat Chess Open 2025 халықаралық шахмат турнирі биыл төртінші рет өткізілді….

                02
                May
                25

                1–10 сынып оқушыларын Халықаралық IFSS Junior Turkey 2025 жазғы мектебіне шақырамыз!

                Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) мен Fizmat Academy орталығы бірлесе отырып, Түркия елінде оқушыларға арнап қызықты демалыс ұйымдастырады Балаңызға оқу, теңіз, жаңа достар және…

                  02
                  May
                  25

                  Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания)

                  Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания) 20 шілде – 3 тамыз 2025 жыл. Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) Fizmat Academy орталығымен бірлесе отырып, 8–10…

                    01
                    May
                    25

                    Эдгар Мамедов — Қазақстан тарихында ең жас гроссмейстер халықаралық атағын иеленген шахматшы!

                    Испанияда өткен беделді IX Open Internacional Semana Santa San Vicente del Raspeig Costa Blanca 2025 A турнирінде Эдгар 9 мүмкіндіктен 7 ұпай жинап,…

                      01
                      May
                      25

                      1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Алматы қаласындағы РФММ-де ұлттар достығын дәріптеген ерекше фестиваль өтті.

                      Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына – 30 жыл. Біз бәріміз – түрлі тілде сөйлейтінімізге қарамастан, бір шаңырақ астында, ортақ тарих пен құндылықтарды бөліскен…