Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес
акционерлік қоғам
Республикалық физика-
математика мектебі
11
Jun
24

Оқу триумфы: сертификаттар болашақтың қолында



2023 жылдың 1 қыркүйегінен 2024 жылдың 25 мамырына дейін Алматы және Астана оқушылары Python бағдарламалау тілін, деректер құрылымын және Python кітапханасын терең зерттеді. Бұл қарқынды бағдарлама IT саласында кәсіби дағдылар мен жеке өсуді дамытуға бағытталған.

Оқушылар Python-да бағдарламалаудың қыр-сырын түсінді, заманауи технологияларды игерді және IT-компанияларда табысты мансап үшін қажетті практикалық тәжірибеге ие болды.

Құттықтауға және сертификаттарды табыстау үшін іс-шараға қатысқан арнайы қонақтар:
– Жанарбек О.Н., Алматы қаласы цифрландыру басқармасының басшысы
– Тарабукина А., Яндекс Go Әлеуметтік және қайырымдылық жобаларының жетекшісі
– Карибжанов А.О., HICVISION бас менеджері
– Меирбек М. Е., Алматы қаласындағы РФММ директоры
– Аубакирова Г.Г., Қазақстандағы Яндекс лицейінің үйлестірушісі
– Яндекс Лицейінің жаттықтырушылары: Жусупов Б.С., Султанова Ж., Султанов Р., Жусупов Б.С., Багдатов Ч.

200 – ге жуық оқушы Яндекс лицей-бағдарламалау мектебі мен Python алфавитін бітіргені туралы сертификат алды.

Яндекс Лицей, “Яндекс” компаниясының білім беру жобасы Қазақстанда 2017 жылдан бастап Астана мен Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің базасында жұмыс істейді. Биыл алтыншы шығарылым өтті, бағдарламаны барлығы 650-ден астам оқушы аяқтады.

Жоба 8-10 сынып оқушыларына Ресей мен Қазақстанның 162 қаласында 321 алаңда өнеркәсіптік бағдарламалауды оқытуды ұсынады. Оқытудың негізгі бағыты-бағдарламалау негіздерін үйрену, қолданбалы есептерді шешу, Алиса үшін қосымшаларды, боттар мен функцияларды құру.

Бүгінгі іс – шара Білім беру тек болашаққа инвестиция ғана емес, сонымен қатар әрбір қатысушының табысының кілті екенін растайды. Біз студенттеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз және олардың жаңа ашылулары мен кәсіби жеңістерін асыға күтеміз.

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    27
    Feb
    25

    Еліміздің Бас ұстазы Ғани Бейсембаев Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің педагогтарымен және Халықаралық олимпиада жеңімпаздарымен кездесті.

    Еліміздің Бас ұстазы Ғани Бейсембаев Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің педагогтарымен және Халықаралық олимпиада жеңімпаздарымен кездесті. Министр мектептің жаңа ғимаратының құрылысымен де танысып, оған…

      14
      Feb
      25

      Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестивалінде болып, мектеп оқушылармен жүздесті.

      Республикалық физика-математика мектебінің шәкірттері де Мемлекет Басшысымен кездесіп, сұқбаттасуға мүмкіндік алды. Оның қатарында «РФММ» КеАҚ Алматы қаласындағы филиалының оқушылары: Тұраш Әділет, Серикбаев Асанәлі,…

        05
        Feb
        25

        7-сыныпқа арналған негізгі емтиханға тіркелу жүріп жатыр!

        Құрметті 6-сынып оқушылары және ата-аналары! Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына арналған емтиханға тіркелу басталғанын хабарлаймыз! Емтиханның өтетін күні: 27 сәуір 2025 жыл. Тіркелу мерзімі:…

          05
          Feb
          25

          Жәутіков Олимпиадасының нәтижелері: Алматы РФММ оқушылары 17 медаль жеңіп алды

          05 ақпан сағат 11:00-де Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Жәутіков Олимпиадасының нәтижелері: Алматы РФММ оқушылары 17 медаль жеңіп алды» тақырыбында баспасөз-конференциясы өтеді….

            14
            Jan
            25

            Бүгін Impact Olympiad 2025 басталды!

            Құрметті достар, көптен күткен сәт келді! Бүгін Астанада мұғалімдер мен олимпиадалық резерв жаттықтырушыларына арналған Impact Olympiad халықаралық байқауы басталды. Impact Olympiad — бұл:…

              14
              Jan
              25

              Астанада 21 Халықаралық Жәутіков Олимпиадасы басталды

              Жиырма жыл қатарынан Республикалық-физика математика мектебінің ұйымдастыруымен Алматыда өткізіліп келген Халықаралық Жәутіков олимпиадасы биыл алғаш рет қатысушыларды Астана төрінде қабылдады. Олимпиаданың салтанатты ашылу…

                13
                Jan
                25

                Астана олимпиадашыларды қарсы алуда

                21 Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қатысушыларын «Республикалық физика-математика мектебінің ұжымы әуежайдан қазақ халқына тән ерекше қонақжайлылықпен қарсы алуда. Қазақстан жеріне алғашқы болып, Болгария елінің…

                  13
                  Jan
                  25

                  21-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы алғаш рет Астанада өтеді

                  2025 жылғы 13-17 қаңтар аралығында Астанада оқушыларға арналған математика, физика және информатика бойынша 21-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтеді. Олимпиадаға әлемнің 15 елінен 700-ге…

                    21
                    Dec
                    24

                    РФММ оқушысы SAT сынағының биігін бағындырды!

                    Республикандық физика-математикалық мектебінің Астана қаласындағы филиалының 10-сынып оқушысы Ади Құралов халықаралық SAT сынағында 1600 баллдан 1530 балл жинап, әлемнің ең үздік 1%-ына кірді!…

                      13
                      Dec
                      24

                      Бухаресте (Румыния) физика, химия және биология пәндері бойынша Халықаралық жаратылыстану-ғылыми жасөспірімдер олимпиадасы өтті

                      2-11 желтоқсан аралығында Бухаресте (Румыния) физика, химия және биология пәндері бойынша Халықаралық жаратылыстану-ғылыми жасөспірімдер олимпиадасы өтті. Қазақстан құрамасы 6 медаль жеңіп алды: 2…