«SCRUM Lego Almaty» тренингі

Ақпан айының басында РФММ интернат қабырғасында тәрбиеленушілері мен тәрбиешілеріне арналған «SCRUM Lego Almaty» атты бір күндік тренинг өтті. Тренингті EPAM Халықаралық IT-компаниясының Қазақстандық кеңсесі ұйымдастырды. SCRUM Lego Almaty тренингі “EPAM Kazakhstan” ЖШС басшылығының қолдауымен ақысыз негізде өтті. Іс-шараның демеушісі Физмат Эндаумент қоры болып табылды.
SCRUM туралы қысқа. Ол не?
Бұл тайм-менеджмент қағидаттарында құрылған жобаларды басқару әдіснамасы. Оның негізгі ерекшелігі процеске барлық қатысушыларды тарту болып табылады,және де әрбір қатысушының өзіндік рөлі бар. Бастапқыда Scrum әдісі IT-жобаларды әзірлеуге есептелгеніне қарамастан, бүгінгі күні ол басқа салаларда да қолданылады. Мысалы, Алфен – Ан-Ден-Рейн (Нидерланды) колледжінің химия және физика мұғалімі Вилли Вейнандс білім беру үдерісін басқаруға бағытталған eduScrum әдістемесін әзірледі.
Тренинг оқу залында сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін өтті. Оған 8-11 сыныптардың 20 оқушысы және 6 тәрбиеші қатысты. Кіріспе дәрістен кейін қатысушылар 6 командаға бөлініп, “спринттер” өтті, олардың барысында олар LEGO конструкторының көмегімен түсірілуі тиіс фильмдерге арналған идеяны әзірлеп, фильмді өздері түсіру қажет болды. Әрбір “спринттен” кейін “ретроспектива” жүргізілді, оның барысында “өнім Тапсырыс беруші” және “скрам-мастер” әзірлеушілер командасымен бірге “спринт”кезінде процестің әрбір қатысушысының іс-әрекеттерін талқылады. Осылайша, әрбір келесі “спринт” кезінде қатысушылар өз көрсеткіштері мен өнім сапасын жақсарту мүмкіндігіне ие болды.
Іс-шараның мақсаты Scrum-әдістемені қолдану арқылы жұмыстың барлық кезеңдерін көрсету, конструктор көмегімен фильмді түсірудің қарапайым мысалын көрсету болды. Тренинг қатысушылары қызықты тәжірибе алды, ол болашақта оқу, жобаларды дайындау және жұмыс қызметі кезінде қандай да бір міндеттерді орындау кезінде оларға пайдалы болады деп үміттенеміз.
Іс-шара соңында қорытынды шығарылып, тренинг ұйымдастырушыларына алғыс хаттар, сондай-ақ Қордың Эндаументінен fizmat фирмалық кепкалары табысталды, ал интернат тәрбиеленушілері мен тәрбиешілері EPAM символикасы бар қатысу сертификаттары мен естелік сыйлықтарын алды.
“EPAM Kazakhstan” ЖШС командасына алғыс білдіреміз, атап айтқанда:
– ұйымдастырушылар Баедилова Анна мен Дауылбай Мәлік;
– аға жаттықтырушы Нұрмақанов Әнуар;
– бапкерлер Елтаев қымбат, Алифанов Родион, Чесноков Анатолий, Бузурманқұлов Махамбет, Пойда Николай және Губашев Айжан*.
“EPAM Kazakhstan” ЖШС басшысы Алексей Аксеновке компанияның білім беру жобаларына қосқан үлесі үшін жеке алғысымызды білдіреміз.
* Губашева Айжан 2010ж РФММ интернаттың түлегі және тәрбиеленушісі болып табылады .
Больше фото по ССЫЛКЕ
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Ақпараттық хат ҚЖО 2025
2025 жылдың 9-10 мамыр арасында Алматы және Астана қалаларында КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебінде» оқушылар арасында математика (6-8 сынып), физика (7-8 сынып), информатика (6-8…
Оқушыларымыз республикалық тілдер олимпиадасынан олжалы оралды
Көкшетау қаласында өткен ағылшын, неміс және француз тілдерінен Республикалық олимпиадада мектебіміздің 8 оқушысы қатысып, барлығы медаль мен мақтау қағазына ие болып, жетістікпен оралды!…
Абай мұрасы — мәңгілік.
Ұлы ойшылдың даналығына жүрекпен үңіліп, мұрасының терең мәнін зерделей білген шәкірттеріміз республикалық деңгейде мектебіміздің мерейін асқақтатты! VII Республикалық «Абайтану» олимпиадасында жеңімпаз атанған оқушыларымыз:…
Тәжікстанда топ жарған таланттар
Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен Western Asia Youth Chess Championship 2025 чемпионатында Швейцариялық жүйе бойынша өткен 7 турдың қорытындысы бойынша, рапид шахматынан Батыс Азия…
Мектеп президенті: 2025 жылғы сайлау
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде Мектеп президенті сайлауы сәтті өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Өмірзақ Саният көпшілік басым дауыспен жеңімпаз деп танылды.✨ *…
Fizmat Chess Open – 2025 қорытындысы
Республикалық физика-математика мектебі мен серіктестері – Қазақстан шахмат федерациясы, Фридом Банк ұйымдастырған Fizmat Chess Open 2025 халықаралық шахмат турнирі биыл төртінші рет өткізілді….
1–10 сынып оқушыларын Халықаралық IFSS Junior Turkey 2025 жазғы мектебіне шақырамыз!
Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) мен Fizmat Academy орталығы бірлесе отырып, Түркия елінде оқушыларға арнап қызықты демалыс ұйымдастырады Балаңызға оқу, теңіз, жаңа достар және…
Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания)
Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания) 20 шілде – 3 тамыз 2025 жыл. Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) Fizmat Academy орталығымен бірлесе отырып, 8–10…
Эдгар Мамедов — Қазақстан тарихында ең жас гроссмейстер халықаралық атағын иеленген шахматшы!
Испанияда өткен беделді IX Open Internacional Semana Santa San Vicente del Raspeig Costa Blanca 2025 A турнирінде Эдгар 9 мүмкіндіктен 7 ұпай жинап,…
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Алматы қаласындағы РФММ-де ұлттар достығын дәріптеген ерекше фестиваль өтті.
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына – 30 жыл. Біз бәріміз – түрлі тілде сөйлейтінімізге қарамастан, бір шаңырақ астында, ортақ тарих пен құндылықтарды бөліскен…