ХV Халықаралық Жәутіков олимпиадасы

2019 жылдың 10 қаңтарында Ө. А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында математика, физика және информатика пәндері бойынша ХV Халықаралық Жәутіков олимпиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ашылуында 18 елден 82 команда салтанатты ұсынылды. Осы жылы қатысушылардың саны ең жоғары деңгейге – 540 оқушыға жетті.
Олимпиаданың географиясы жыл сайын кеңейіп келеді. Мерейтойлық олимпиадаға екі ел: АҚШ (South Carolina Governor’s School of Science and Math) және Дания (Maria Kruse Skole) қосылды.
South Carolina Governor’s School of Science and Math
Maria Kruse Skole
Алматы РФММ директоры Алмаз Кунгожин, Fizmat Endowment Fund қоғамдық қорының басқарушысы Бахыт Оспанов, сондай-ақ халықаралық қазылар алқасының мүшесі және РФММ-нің 1972 жылдың түлегі академик Асқар Жұмаділдаев олимпиаданың қатысушыларына және халықаралық қазылар алқасының мүшелеріне арналған құттықтау сөз сөйледі.
РФММ Алматы директоры — Алмаз Кунгожин
Fizmat Endowment Fund қоғамдық қорының басқарушысы — Бахыт Оспанов
Халықаралық қазылар алқасының мүшелері
Олимпиадада Қазақстанның атынан 175 оқушы қатысты, олардың ішінде РФММ оқушыларынан 50 қатысушы: Алматы қ. 3 команда, Астана қ. 2 команда. Халықаралық Жәутіков олимпиадасы ҚР БҒМ, «Дарын» РҒПО және ХАТУ қолдауымен өтті. Lancaster Group, Fizmat Endowment Fund, Nurlan Kapparov Foundation, Air Astana және Eurasian Resources Group олимпиадаға демеушілік көмек көрсетті.
Бұл олимпиаданың ерекшелігі оның физика-математика бағытындағы мамандандырылған мектептер арасында бірден үш пән бойынша өтуінді. Олимпиаданың қорытындылары бойынша жеке рейтинг, сондай-ақ мамандандырылған мектептердің ең мықты командаларының рейтингі шығарылады.
Олимпиаданың мақсаты: оқушылар арасында физика-математика ғылымдарын насихаттау, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, әр түрлі елдердің мамандандырылған мектептері арасында достық қарым-қатынастарды орнату, олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесімен алмасу, сондай-ақ Қазақстанның білім және мәдениет деңгейін көрсету.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестивалінде болып, мектеп оқушылармен жүздесті.
Республикалық физика-математика мектебінің шәкірттері де Мемлекет Басшысымен кездесіп, сұқбаттасуға мүмкіндік алды. Оның қатарында «РФММ» КеАҚ Алматы қаласындағы филиалының оқушылары: Тұраш Әділет, Серикбаев Асанәлі,…
7-сыныпқа арналған негізгі емтиханға тіркелу жүріп жатыр!
Құрметті 6-сынып оқушылары және ата-аналары! Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына арналған емтиханға тіркелу басталғанын хабарлаймыз! Емтиханның өтетін күні: 27 сәуір 2025 жыл. Тіркелу мерзімі:…
Жәутіков Олимпиадасының нәтижелері: Алматы РФММ оқушылары 17 медаль жеңіп алды
05 ақпан сағат 11:00-де Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Жәутіков Олимпиадасының нәтижелері: Алматы РФММ оқушылары 17 медаль жеңіп алды» тақырыбында баспасөз-конференциясы өтеді….
Бүгін Impact Olympiad 2025 басталды!
Құрметті достар, көптен күткен сәт келді! Бүгін Астанада мұғалімдер мен олимпиадалық резерв жаттықтырушыларына арналған Impact Olympiad халықаралық байқауы басталды. Impact Olympiad — бұл:…
Астанада 21 Халықаралық Жәутіков Олимпиадасы басталды
Жиырма жыл қатарынан Республикалық-физика математика мектебінің ұйымдастыруымен Алматыда өткізіліп келген Халықаралық Жәутіков олимпиадасы биыл алғаш рет қатысушыларды Астана төрінде қабылдады. Олимпиаданың салтанатты ашылу…
Астана олимпиадашыларды қарсы алуда
21 Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қатысушыларын «Республикалық физика-математика мектебінің ұжымы әуежайдан қазақ халқына тән ерекше қонақжайлылықпен қарсы алуда. Қазақстан жеріне алғашқы болып, Болгария елінің…
21-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы алғаш рет Астанада өтеді
2025 жылғы 13-17 қаңтар аралығында Астанада оқушыларға арналған математика, физика және информатика бойынша 21-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтеді. Олимпиадаға әлемнің 15 елінен 700-ге…
РФММ оқушысы SAT сынағының биігін бағындырды!
Республикандық физика-математикалық мектебінің Астана қаласындағы филиалының 10-сынып оқушысы Ади Құралов халықаралық SAT сынағында 1600 баллдан 1530 балл жинап, әлемнің ең үздік 1%-ына кірді!…
Бухаресте (Румыния) физика, химия және биология пәндері бойынша Халықаралық жаратылыстану-ғылыми жасөспірімдер олимпиадасы өтті
2-11 желтоқсан аралығында Бухаресте (Румыния) физика, химия және биология пәндері бойынша Халықаралық жаратылыстану-ғылыми жасөспірімдер олимпиадасы өтті. Қазақстан құрамасы 6 медаль жеңіп алды: 2…
Стартовала регистрация на пробный тест
Сегодня стартовала регистрация на пробный тест для поступления в 7-й класс! Тестирование пройдет в ОНЛАЙН-формате. Вы можете выбрать удобный для вас день и…