XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасының жабылуы жөніндегі ақпарат

2019 жылдың 14 қаңтарында Алматы қаласындағы Ө. А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында математика, физика және информатика пәндері бойынша XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Олимпиаданың мақсаты: оқушылар арасында физика-математика ғылымдарын дәріптеу, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, әр түрлі елдердің мамандандырылған мектептері арасында достық қарым-қатынасты орнату, олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесімен алмасу, сондай-ақ Қазақстан білімінің және мәдениетінің деңгейін көрсету.
Осы жылы олимпиадаға 18 елден 82 команда келді. Қазақстанның атынан Қазақстанның әр түрлі өңірлерінен келген 23 команда қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 540 адамды құрады. Математика пәні бойынша 91 медаль (20 алтын, 26 күміс және 45 қола медаль), физика пәні бойынша 71 медаль (15 алтын, 21 күміс және 35 қола медаль), информатика пәні бойынша 74 медаль (14 алтын, 23 күміс және 37 қола медаль) ойналды. Қазақстанның оқушылары 9 алтын, 23 күміс және 43 қола медаль жеңіп алды.
ХЖО ерекшелігі жалпы қорытындының командалардың өзін көрсету нәтижелері бойынша есептелуінде болып табылады.
Команда | Үш пән бойынша команда мүшелері жинаған ұпайлар сомасы бойынша жалпы қорытынды | Орын |
№ 31 лицей (Челябинск, РФ) | 422 | Гран-при |
РФММ (Алматы, ҚР) | 416 | 1 |
LEPL Vladimir Komarovi Physics and Mathematics School (Тбилиси, Грузия) | 406 | 2 |
Mathematical Grammar School (Сербия) | 403 | 2 |
Sofia High School of Mathematics (София, Болгария) | 400 | 3 |
БГУ лицейі (Минск, Беларусь) | 385 | 3 |
High School of Mathematics and Natural Sciences Acad. Nikola Obreshkov (Болгария) | 370 | 3 |
Physical Mathematical School after Shahinyan (Армения) | 353 | Құрмет грамотасы |
РФММ (Алматы, ҚР) | 304 | Құрмет грамотасы |
TAJIK-RUSSIAN LYCEUM BOARDING SCHOOL “HOTAM & P.V.”, (Хиссор, Тәжікстан) | 300 | Құрмет грамотасы |
First Private Mathematical Gymnasium (Болгария) | 299 | Құрмет грамотасы |
Сонымен қатар, жабылу салтанатында «Fizmat Endowment Fund» қорының түлектері және «Келешек» мектебі атынан «Жыл дебюті», «Жеңіске ұмтылыс», «Математика, физика және информатика пәндері бойынша қазақстандық оқушылардың ең үздік нәтижесі» атты арнайы номинациялар табысталды. Сондай-ақ Қаппаров, Имамбеков және Сегалович атындағы арнайы сыйлықақылар табысталды.
«Информатика пәні бойынша қазақстандық оқушылардың ең үздік нәтижесі» атты номинация Алматы РФММ оқушысы Данияр Закаринге берілді, «Физика пәні бойынша қазақстандық оқушылардың ең үздік нәтижесі» атты номинация Павлодар НЗМ оқушысы Дияр Туленовке берілді, «Математика пәні бойынша» қазақстандық оқушылардың ең үздік нәтижесі» атты номинация Атырау БИЛ оқушысы Айбек Мырзатаевқа берілді. «Жеңіске ұмтылыс» номинациясы Моңғолияның Ұлан-Батыр қ. №1 мектебінің оқушысы Otgonbayar Misheel берілді. «Жыл дебюті» номинациясы «Maria Kruse Skole» даниялық мектептің оқушысы Jingdan Hua және «South Carolina Governor’s School of Science and Math» мектебінің оқушысы Matthew Walker берілді. Сонымен қатар, «Жыл дебюті» санатына «Maria Kruse Skole», Фарум, Дания; South Carolina Governor’s School of Science and Math», АҚШ және «VEFA» лицейі, Стамбул, Түркия мектептері ұсынылды.
Қаппаров атындағы сыйлықақыны 2019 ХЖО-ның математика пәні бойынша абсолютті чемпионы, Болгария командасының мүшесі, «Sofia High School of Matemathics» мектебінің оқушысы Evgeni Kayryakov алды. Имамбеков атындағы сыйлықақыны 2019 ХЖО-ның физика пәні бойынша абсолютті чемпионы, Ресей командасының чемпионы, Саранск қаласының Дарынды балаларға арналған республикалық лицейдің оқушысы Алексей Шишкин алды, ал Сегалович атындағы сыйлықақыны ХЖО-ның информатика пәні бойынша абсолютті чемпионы, Грузия командасының мүшесі, Тбилиси қаласының «LEPL Vladimir Komarovi Tbilisi Physics and Mathematics School» мектебінің оқушысы Nikoloz Birkadze алды.
XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасы ҚР БҒМ, «Дарын» РҒПО және ХАТУ қолдауымен өткізілді. Lancaster Group, Fizmat Endowment Fund, Nurlan Kapparov Foundation, Air Astana және Eurasian Resources Group олимпиадаға демеушілік көмекті көрсетті.
Жабылу салтанаты «Ұлытау» аспаптық этно тобының өнер көрсетуімен аяқталды.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Ақпараттық хат ҚЖО 2025
2025 жылдың 9-10 мамыр арасында Алматы және Астана қалаларында КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебінде» оқушылар арасында математика (6-8 сынып), физика (7-8 сынып), информатика (6-8…
Оқушыларымыз республикалық тілдер олимпиадасынан олжалы оралды
Көкшетау қаласында өткен ағылшын, неміс және француз тілдерінен Республикалық олимпиадада мектебіміздің 8 оқушысы қатысып, барлығы медаль мен мақтау қағазына ие болып, жетістікпен оралды!…
Абай мұрасы — мәңгілік.
Ұлы ойшылдың даналығына жүрекпен үңіліп, мұрасының терең мәнін зерделей білген шәкірттеріміз республикалық деңгейде мектебіміздің мерейін асқақтатты! VII Республикалық «Абайтану» олимпиадасында жеңімпаз атанған оқушыларымыз:…
Тәжікстанда топ жарған таланттар
Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен Western Asia Youth Chess Championship 2025 чемпионатында Швейцариялық жүйе бойынша өткен 7 турдың қорытындысы бойынша, рапид шахматынан Батыс Азия…
Мектеп президенті: 2025 жылғы сайлау
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде Мектеп президенті сайлауы сәтті өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Өмірзақ Саният көпшілік басым дауыспен жеңімпаз деп танылды.✨ *…
Fizmat Chess Open – 2025 қорытындысы
Республикалық физика-математика мектебі мен серіктестері – Қазақстан шахмат федерациясы, Фридом Банк ұйымдастырған Fizmat Chess Open 2025 халықаралық шахмат турнирі биыл төртінші рет өткізілді….
1–10 сынып оқушыларын Халықаралық IFSS Junior Turkey 2025 жазғы мектебіне шақырамыз!
Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) мен Fizmat Academy орталығы бірлесе отырып, Түркия елінде оқушыларға арнап қызықты демалыс ұйымдастырады Балаңызға оқу, теңіз, жаңа достар және…
Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания)
Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания) 20 шілде – 3 тамыз 2025 жыл. Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) Fizmat Academy орталығымен бірлесе отырып, 8–10…
Эдгар Мамедов — Қазақстан тарихында ең жас гроссмейстер халықаралық атағын иеленген шахматшы!
Испанияда өткен беделді IX Open Internacional Semana Santa San Vicente del Raspeig Costa Blanca 2025 A турнирінде Эдгар 9 мүмкіндіктен 7 ұпай жинап,…
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Алматы қаласындағы РФММ-де ұлттар достығын дәріптеген ерекше фестиваль өтті.
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына – 30 жыл. Біз бәріміз – түрлі тілде сөйлейтінімізге қарамастан, бір шаңырақ астында, ортақ тарих пен құндылықтарды бөліскен…