Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі
10
Oct
19

«Тағам  –  тұлға…»



Қазіргі  таңда Салауатты тамақтану пирамидасы – мықты денсаулықты және ұзақ өмір сүруді қамтамасыз ететін тамақ рационының қандай болу керектігін білу өте қажет.  Осы мақсатта   9 қазан күні сағат 16.00-де РФММ интернатында «Сырғалым», «Рухани жаңғыру» және «Жаңалық жаршысы» үйірмелерінің ұйымдастыруымен «Салауатты тамақтану денсаулық пен сапалы білім кепілі» атты  тақырыпта  Ұлттық салауатты тамақтану орталығының ғылыми маманы, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ аға оқытушысы, медицина ғылымының кандидаты А. Н. Қожахметовамен кездесу болып өтті.

Кездесу барысында Айгүл Нағашбекқызы: «Бүгінгі, ертеңгі және ересек жастағы денсаулығың тұтынған тағамыңа тәуелді. Тағам  –  тұлға! Адамның мінез-құлқы ішіп жеген тағамына  байланысты» , –  дей келе, «Пайдалы тағам = денсаулық + ақыл + сұлулық, ал  зиянды тағам = аурулар + шаршау + толықтықпен байланысты екенін оқушыларға бейнероликтер  арқылы  кеңінен түсіндірді. Әсіресе мектеп жасындағы оқушыларға Қазақстанда жасалған ұлттық тағамдардың пайдасы туралы көбірек тоқталып, күнделікті пайдаланатын тағамдар құрамында 400 гр шикі көкөністер мен жемістер, жармалар, ет немесе балық, сүт өнімдері, қара нан, сонымен қатар жасанды бояғыштары болмаса табиғи тағам өнімдерін кезектестіріп қолданудың маңызды екендігін  атап өтті.

Балалар, дана қазақ  «Дұрыс тамақ ішерсің –  қуат алып жүрерсің!» дегендей, салауатты тамақтану түрлі аурулардан қорғайтынын, ақылды және көрікті болып өсуге көмектесетінін біле жүріп, салауатты өмірді таңдап, дәмді және дұрыс тамақтанайық!

Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

02
May
24

6-11 сынып оқушылары арасында «Science.Technology. Algorithmization. Programming» атты ашық халықаралық конференциясы сәтті өтті

25 сәуірде 6-11 сынып оқушылары арасында «Science.Technology. Algorithmization. Programming» атты ашық халықаралық конференциясы сәтті өтті. Конференцияға Ресейдің әртүрлі аймақтарынан, сондай-ақ РФММ, НЗМ, БИЛ,…

19
Apr
24

Мемлекеттік білім беру гранты бойынша 7-сыныпқа қабылданған оқушылар үшін ақпарат.

РФММ-нің конкурстық іріктеу ережесіне сәйкес, қабылдау емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін конкурстан сәтті өткен талапкерлердің заңды өкілдері 2024 жылдың 10 мамырына дейін келесі құжаттарды…

18
Apr
24

8 сыныпқа білім беру гранты бойынша конкурстық іріктеуге тіркеу ашылды

Құрметті ата-аналар/заңды өкілдер! Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебіне 8 сыныпқа білім беру гранты бойынша түсуге конкурстық іріктеуге тіркеу ашылды. Тіркелу үшін сайтымыздағы “Қабылдау…

18
Apr
24

Қалалық Жәутіков олимпиадасы 2024

2024 жылдың 1 мамырда келесі пəндер бойынша: математика (6-8 сынып) физика (7-8 сынып) информатика (6-8 сынып) мектеп оқушылары арасында XXIII ашық қалалық Жəутіков олимпиадасының іріктеу кезеңі өтеді….

12
Apr
24

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы балаларға арналған жазғы мектеп

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерді қолдау мақсатында “Республикалық физика-математика мектебі” КеАҚ 7-8 сыныптардың 100 оқушысы үшін математика, физика, информатика және ағылшын тілі бойынша…

07
Apr
24

Хабарландыру!

Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер! “Республикалық физика-математика мектебі” КеАҚ филиалдарының 7 сыныбында оқу үшін білім беру грантын тағайындау бойынша конкурстық іріктеу қағидаларының 5.6 тармағына…

02
Apr
24

Международный конкурс «Science.Technology. Аlgorithmization. Programming»

Уважаемые учащиеся 6-11 классов! Приглашаем принять участие со своим проектом в открытом международном конкурсе «Science.Technology. Аlgorithmization. Programming» который будет проходить 25-26 апреля. Организатор…

20
Mar
24

Международный турнир по быстрым шахматам «Fizmat Chess Open Almaty 2024»

РЕГЛАМЕНТ Международного турнира по быстрым шахматам «Fizmat Chess Open 2024» 1. ЦЕЛИ И ЗАДАЧИ Популяризация и развитие шахмат в городе Алматы, Алматинской области и   Республике Казахстан…

14
Mar
24

Мамандандырылған мектептерге түсуге арналған қарқынды дайындық курсы

Құрметті ата-аналар! РФММ мектебі аясында жұмыс істейтін Fizmat Academy, қосымша білім беру орталығы 6-7 сынып оқушыларына арналған мамандандырылған мектептерге түсуге арналған қарқынды дайындық…

01
Mar
24

«Өрлеу» БАҰО мен Алматы қаласындағы РФММ арасында ынтымақтастық орнатылды

“Өрлеу” Алматы облысы бойынша филиалының директоры Қайсар Нұрлыбаев пен Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің директоры Мейірлан Мейірбекпен іскерлік кездесу өткізілді. Кездесуге Өрлеу Алматы…