Некоммерческое
акционерное общество
Республиканская физико-
математическая школа
25
Mar
19

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың нәтижелері



15 наурыздан бастап 20 наурызды қоса алғанда Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтті. Бүкіл Қазақстаннан ең үздік 832 оқушы өздерінің білімдері мен қабілеттерін көрсетуге келді. Осы жылы Республикалық олимпиаданы өткізу мәртебесі Ақтөбе қаласына берілді, мұнда ол алғашқы рет өткен болатын. Жыл сайын олимпиада өркендей береді,  бәсекелестік өседі, ал есептер одан әрі күрделі де қызықты болады.

Біздің мектеп Республикалық олимпиадаға оның негізі қаланған сәттен бастап қатысады. Осы уақыт ішінде көптеген біздің олимпиадашылар мектептің намысын қорғап, көптеген медалдарды жеңіп алды. Осы жылы Алматы РФММ оқушылары 8 алтын, 10 күміс және11 қола медаль алды. Тек жалғыз мектеп осыншама көп медалді жеңіп алды.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, олимпиадаға біздің елдің болашақ бетке ұстар азаматтары қатысады. Бұл адамдардың асқақ мақсаттары бар, олар өздеріне жоғары талап қояды, оларды қызықтырған кез кезген іске жауапты қарайды, өз мақсаттарына мұқият көңіл бөледі, оларға жетудің дұрыс бағытын біледі, физикалық және психологиялық үлкен шыдамдылықты иеленеді. Кемшіліктер орын алған жағдайда да, олар еңсесін түсірмейді, өзінің сүйікті ісімен шұғылдануды жалғастырады және күрделі ұзақ дайындықтан кейін, біршама күш-жігерін жұмсап, орасан зор нәтижелерге жетеді.

 

Олимпиадашылардың өздері үшін бұл өз күштерінің ең қызықты сынағы болып табылады, ол сондай-ақ олардың өмірлерінің маңызды сатыларының бірі болып келеді. Турлардан және апелляциялардан кейінгі еліктіргіш сезім, барлық әсерлі сәттер нағыз жеңімпаздардың рухын шыңдайды!!!

Аты-жөні Сынып Пән Медаль
1 Батырхан Сакенов 9 Д Математика Алтын
2 Айдар Амрин 10 Б Математика Алтын
3 Алексей Янченко 10 Д Физика Алтын
4 Салим Кутлуш 11 Е Физика Алтын
5 Андрей Свинолупов 9 Д Информатика Алтын
6 Парасат Кызырканов 10 Б Информатика Алтын
7 Батыр Сардарбеков 11 Б Информатика Алтын
8 Данияр Закарин 11 В Информатика Алтын
9 Ярослав Топоров 8(9) Д Математика Күміс
10 Владимир Смирнов 10 Е Математика Күміс
11 Оразхан Хайдар 9 В Физика Күміс
12 Артем Шин 9 Д Физика Күміс
13 Ислам Амангелді 10 Б Физика Күміс
14 Давид Ли 11 Е Физика Күміс
15 Тимур Ратников 9 Д Информатика Күміс
16 Мансур Мукимбеков 9 И Информатика Күміс
17 Нархан Қамзабек 10 Г Информатика Күміс
18 Алихан Қуаныш 10 Б География Күміс
19 Мансур Нурмухаметов 10 Е Математика Қола
20 Асель Катаева 11 Д Математика Қола
21 Куат Утебаев 11 Д Математика Қола
22 Махмуд Әсентай 10 В Физика Қола
23 Алексей Коньяков 10 Д Физика Қола
24 Ерасыл Телман 11 В Физика Қола
25 Қанат Қабыл 10 Г Химия Қола
26 Екатерина Коробейникова 10 Е Информатика Қола
27 Азамат Панов 10 Ж Информатика Қола
28 Дінмұхаммед Шорманхан 11 В Информатика Қола
29 Иманғали Темірхан 11 В Информатика Қола
30 Дана Жусупова 9 Д Химия ҚГ
31 Баймырза Калмырзаев 10 Б Химия ҚГ
32 Берік Серікбай 10 (11) Г Химия ҚГ

Рубрики

Вам также может быть интересно:

19
Oct
20

Интернатта тұруға өтінім қабылдау

Құрметті Алматы РФММ-інің оқушылары мен ата-аналары! Физмат интернатында тұруға өтінім қабылдау басталды. Оқушының корпоративтік поштасын қолдана отырып, астындағы сілтеме арқылы өтінімді толтыруыңызды сұраймыз….

16
Oct
20

Берик Каниевтен Физмат-қа құттықтау

Құрметті РФММ отбасы! Жарты ғасырға жуық уақыт бойы біз Физмат туын абыроймен көтеріп келеміз. Осы уақыт аралығында көп нәрсе өзгерді, бірақ білім мен…

16
Oct
20

16.10 — РФММ ТУҒАН КҮНІ / ДЕНЬ РОЖДЕНИЯ РФМШ

«Страна РФМШ» деректі фильмді көруге ұсыныс білдіреміз. Предлагаем вашему вниманию документальный фильм «Страна РФМШ» https://www.youtube.com/watch?v=JhJLFggSvNI&list=PLuQSJlLbG6eJVMRF9Nac3P_ZJ1w4FKyZ5

13
Oct
20

Международная олимпиада “Phystech.International” по математике, физике и биологии для учащихся 9-11 классов

Московский физико-технический институт приглашает учащихся 9-11 классов принять участие в Международной олимпиаде “Phystech.International” по математике, физике и биологии.  Даты проведения олимпиады: 10 августа…

12
Oct
20

STEM МҰҒАЛІМДЕРІ РФММ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ОҚЫДЫ

2020 жылдың 10-11 қазанында жаратылыстану пәндерінің мұғалімдері үшін ашық онлайн тренингтер өтті. 76 оқытушы STEM жобасы шеңберінде республикалық физика-математика мектебінен келесі бағыттар бойынша…

05
Oct
20

11 “В”-мен өткен әсерлі жексенбі

11 В сынып оқушылары 4-қазан, жексенбі күні Аюсай сарқырамасына демалуға барып қайтты. Сынып жетекшісі, тәрбиеші, 30 оқушы және ата-аналардың басын қосқан саяхатымыз есте…

02
Oct
20

Бір-біріне жүрек жылуын сыйлап …

1 қазан күні «Мейірім» қарттар үйінде тұратын аға буын өкілдері үшін қарттар күнін мерекелеу аясында Айгүл Дүйсетайқызы Сетербаеваның жетекшілігімен «Аяулы Балапан» қайырымдылық үйірмесінің…

22
Sep
20

#FizmatFaces – Арай Жайсанбек

Арай – мектебіміздің ең тұрақты эко-белсендісі және үлкен тәжірибесі бар волонтер. Арайдың батылдығы күмән тудырмайды, ол мақтауды күтпестен мәселелерді шешуге кіріседі. Жоғары өзін-өзі…