Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі
29
Nov
18

Phystech.International олимпиадасы



25 қыркүйектен бастап 30 қарашаны қоса алған мерзімде Мәскеу физика-техникалық институты (мемлекеттік университет) оқушылар арасында физика мен математика пәндері бойынша «Phystech.International» атты халықаралық олимпиаданы өткізеді, іс-шара Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының істері, шетелде тұратын азаматтары мен  халықаралық гуманитарлық ынтымақтастығы жөніндегі федералды агенттігінің қолдауымен (Ресей ынтымақтастық ұйымы) өтеді.

Phystech.International олимпиадасының жүлдегерлері МФТИ-ге түсу кезінде қосымша артықшылықтарға ие болады.

МФТИ (Физтех) — Ресейдің алдыңғы қатарлы техникалық жоғары оқу орындарының бірі, ол жыл сайын халықаралық рейтингтерде өз орнын күшейтіп отырады. 2018 жылы Times Higher Education сәйкес МФТИ дамушы елдердің ең үздік университеттері қатарындағы Ресейдің екінші университеті болды. Сонымен қатар, ол QS и Times Higher Education нұсқаларына сәйкес физика мен computer science бойынша пәндік рейтингтер  бойынша ең үздік 100 университет қатарына кіреді. Superjob рейтинг мәліметтері бойынша МФТИ түлектері ІТ-саласында ең жоғары жалақы алатын мамандардың ішінде. Физтехтың түлектері арасында 10 нобель лауреаты, Forbes журналының ресей тізімінің 20 астам қатысушысы, сондай-ақ танымал ғалымдар мен кәсіпкерлер бар. Мысалы, Давид Ян (ABBYY компаниялар тобының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің мүшесі), Сергей Белоусов (халықаралық Acronis ІТ-компаниясының негізін қалаушы), Николай Стронский (Revolut атты еуропаның болашағы зор финтех стартаптардың негізін қалаушылардың бірі) және басқалар. Әйгілі «Физтех жүйесі»: терең іргелі білім және нақты жобалар мен ғылыми-зерттеушілік қызметке қатысу. Түлектердің өздері Физтех оларға кез келген салада қандай да бір міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін негізді бергенін атап өтеді.

МФТИ ерекшелігі оның бір уақытта математика пәнінен университеттік курстың және физика пәні бойынша университеттік курстың оқытылатындығын атап өту қажет. Содан кейін сондай-ақ нақты мамандық оқытылады. Бұл жағдайлар физика-математикалық кең көзқарасты қалыптастыруға, ой-өрісті кеңейтуге, әдістер мен әдістемелерді таңдауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ жаңа физика-математика салаларын динамикалық тұрғыдан меңгеруге мүмкіндік береді.

Мәскеу физика-техникалық институтында келесі бағыттар бойынша дайындықты жүзеге асыратын 6 физтех-мектеп бар:

  • Қолданбалы математика мен физика;
  • Қолданбалы математика мен информатика;
  • Жүйелі талдау мен басқару;
  • Информатика мен есептеуіш техника;
  • Қозғалыс пен навигацияны басқару жүйелері;
  • Биотехнология;
  • Терең ғылыми технологиялар мен инновациялар экономикасы;

және мамандықтар:

  • Компьютерлік қауіпсіздік.

Олимпиаданы өткізу тәртібі.

Олимпиаданың қорытынды кезеңі математика мен физика пәндері бойынша бөлек оқушының жеке қатысуымен екі күн ішінде өтеді. Олимпиадаға қатысу тегін, Олимпиада орыс тілінде өтеді.

 Phystech.International олимпиадасынің қорытынды кезеңі өтетін күні мен уақыты төменде көрсетілген:

Математика – 2018 ж. 8 желтоқсан, 13:00

Физика – 2018 ж. 9 желтоқсан, 13:00

Тапсырмаларды орындау уақыты – 4 астрономиялық сағат.

Қорытынды кезеңге олимпиаданың онлайн турынан өткен оқушылар жіберіледі, ал РФММ оқушылары алдын-ала онлайн турдан өтпей жіберіледі.

Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

28
Jun
24

РФММ-нің болашақ оқушылары назарына!

РФММ-нің болашақ оқушылары назарына! Алматы қаласындағы РФМШ-нің ақылы және грант бөліміне қабылданған оқушылардың құжаттарын қабылдау 5 тамыздан бастап басталатынын хабарлаймыз! Құжаттарды қабылдау басталатын…

11
Jun
24

Оқу триумфы: сертификаттар болашақтың қолында

2023 жылдың 1 қыркүйегінен 2024 жылдың 25 мамырына дейін Алматы және Астана оқушылары Python бағдарламалау тілін, деректер құрылымын және Python кітапханасын терең зерттеді….

11
Jun
24

Физика пәні бойынша Азия олимпиадасында (APhO) күміс медаль

Қазақстандық оқушылар құрамасы Азия физика олимпиадасында (APhO) тамаша нәтиже көрсетіп, жеті жүлдеге ие болды: бір күміс, алты қола медаль және бір мақтау қағазы….

31
May
24

«РФММ» Алматы КеАҚ филиалына ақылы негізде түсу үшін емтихандарға бойынша онлайн тіркелу ашылады

Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер!   2024 жылдың 01 шілдесінен бастап 05 тамызына дейін сайтта https://admissions.fizmat.kz «РФММ» Алматы КеАҚ филиалына ақылы негізде түсу үшін…

15
May
24

2024 жылы 24-28 наурыз аралығында Алматы қаласында информатика және география пәндері бойынша республикалық олимпиада өтті.

Біздің оқушыларымыз мақтан тұтарлық нәтижелерге қол жеткізді. Информатика: 1 место: Анри Жан, 9  G Цой Максим, 10 K Талкат Дінмұхаммед, 10 M 2…

15
May
24

7-21 сәуір аралығында Тіл білімі бойынша Asia Pacific Linguistics Olympiad (APLO) өтті.

Алматы қ. РФММ-нен олимпиадаға 11 “E” сынып оқушысы Есенкулов Елизар қатысып, APLO (Қазақстандағы 4-топ) дипломымен марапатталды және IOL халықаралық олимпиадасына сәтті өтті! Оның…

15
May
24

2024 жылы 17-21 наурыз аралығында Алматы қаласында математика және физика пәндерінен Республикалық олимпиада өтті.

Біздің оқушыларымыз 8 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль, барлығы 19 марапатқа ие болып, мектебіміздің атын абыроймен қорғады! Алтын: – Сахипов Амир…

15
May
24

2024 жылы 27-31 наурыз аралығында Павлодар қаласында химия және биология пәндерінен 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша дәстүрлі республикалық олимпиада өтті.

Алматы қ. РФММ оқушылары тамаша нәтижелер көрсетті: Биология: Биология: 1. Азизов Тимур – 2 орын 2. Ли-Цун-Е Никита – 3 орын 3. Береке…

13
May
24

Результаты заключительного этапа Городской Жаутыковкой Олимпиады 2024 г.Алматы

Результаты по математике Математика Результаты по физике Физика Результаты по информатике Информатика