Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі
14
Dec
17

Математика, физика және информатика пәндерінің мұғалімдері мен тренерлерінің І Республикалық ашық шығармашылық байқауы туралы ақпарат



«Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «РФММ» КеАҚ) «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірге математика, физика және информатика пәндерінің мұғалімдері мен тренерлерінің І Республикалық ашық шығармашылық байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізеді. Байқау дарынды, шығармашылық жұмыс жасайтын мұғалімдерді және кәсіби құзыреттіліктерді оңтайлы меңгергенін көрсететін олимпиадалық резерв тренерлерін анықтауға, оларды қолдауға және мадақтауға бағытталған.

Байқау әрбір пән бойынша екі лигада өтеді: 1) меншік нысанына қарамастан орта білім беру ұйымдарының барлық түрлерінің мұғалімдері үшін, 2) мектептердің және білім беру орталықтарының олимпиадалық тренерлері үшін. Бірінші лигаға республикалық оқушылар олимпиадасының жүлдегерлерінің тәлімгерлері болып табылатын, апталық жүктемесі аптасына 10 сағаттан аз мұғалімдер; шетелдік мұғалімдер қатыса алмайды.

Байқау «РФММ» КеАҚ базасында математика, физика және информатика пәндері бойынша  Халықаралық Жәутіков олимпиадасы (2018ж. 11-14 қаңтар) кезінде келесі кестеге сәйкес өткізіледі:

Математика, физика және информатика пәндері бойынша XIV Халықаралық Жәутіков олимпиадасы

Күні

Математика, физика және информатика пәндерінің мұғалімдері мен тренерлерінің І Республикалық ашық шығармашылық байқауы

Келуі

10.01

Олимпиаданың ашылуы

11.01

Келуі

Тіркелу (12.00 – 15.00)

I тур

12.01

Тур (9.00 – 13.00)

II тур

13.01

Үйлестіру (9.00 – 12.00)

Сертификаттарды табыстау, жеңімпаздарды марапаттау
(17.00 – 18.00)

Үйлестіру

14.01

Кетуі

Жабылуы

15.01

Кетуі

16.01

 

Байқауға облыстық білім басқармалары, сондай-ақ Алматы қ. және Астана қ. білім басқармалары, НЗМ АБҰ және «РФММ» КеАҚ ұсынған мұғалімдер мен тренерлер қатысады, республиканың әрбір аймағы үшін квота – әрбір пәннің әрбір лигасы бойынша 1 адам (Алматы қ. үшін квота – 5 адам, қосымша білім беру орталықтары үшін квота ұйымдастыру комитетімен келісім бойынша).

Жүлделі орындарды алған жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Қатысушылардың іс-сапар шығыстары, 10 000 теңге мөлшеріндегі ұйымдастырушылық жарнасы жіберуші тараптың есебінен төленеді (ұйымдастырушылық жарнадан тек мемлекеттік меншік нысанының білім беру ұйымдарынан келген 1 лиганың қатысушылары босатылады).

Қаржылық шығыстарды қысқарту мақсатында Байқаудың қатысушыларын математика, физика және информатика пәндері бойынша XIV Халықаралық Жәутіков олимпиадасына қатысатын командалардың жетекшілері ретінде тағайындау ұсынылады.

Байқауға қатысу ерікті болып табылады, әрбір қатысушыға жеке код берілетін болады, қатысушы ол бойынша өзінің нәтижелерін біле алады. Байқаудың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне аймақтар бойынша рейтинг ұсынылады.

Облыстық білім басқармаларының, Алматы қ. және Астана қ. білім басқармаларының, НЗМ АБҰ басшыларының қолы және мөрі қойылған өтінімдерді (нысан бойынша) осы жылдың 20 желтоқсанына дейін келесі электронды поштаға: info@fizmat.kz. жіберуіңізді сұраймыз. Сұрақтарыңыз болса, келесі телефондар бойынша хабарласыңыз: 8(727)3950120, +7-702-5972041.

 

Математика, физика және информатика пәндерінің мұғалімдері мен тренерлерінің І Республикалық ашық шығармашылық байқауына қатысуға

Өтінім

Т.А.Ә.

Аймақ

Жұмыс орны

Лауазымы

Жұмыс өтілі

Байланыс телефонда-ры, е-mail

Қатысушының лигасы

             
             

Положение Конкурс каз

Положение Конкурс рус

Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

28
Jun
24

РФММ-нің болашақ оқушылары назарына!

РФММ-нің болашақ оқушылары назарына! Алматы қаласындағы РФМШ-нің ақылы және грант бөліміне қабылданған оқушылардың құжаттарын қабылдау 5 тамыздан бастап басталатынын хабарлаймыз! Құжаттарды қабылдау басталатын…

11
Jun
24

Оқу триумфы: сертификаттар болашақтың қолында

2023 жылдың 1 қыркүйегінен 2024 жылдың 25 мамырына дейін Алматы және Астана оқушылары Python бағдарламалау тілін, деректер құрылымын және Python кітапханасын терең зерттеді….

11
Jun
24

Физика пәні бойынша Азия олимпиадасында (APhO) күміс медаль

Қазақстандық оқушылар құрамасы Азия физика олимпиадасында (APhO) тамаша нәтиже көрсетіп, жеті жүлдеге ие болды: бір күміс, алты қола медаль және бір мақтау қағазы….

31
May
24

«РФММ» Алматы КеАҚ филиалына ақылы негізде түсу үшін емтихандарға бойынша онлайн тіркелу ашылады

Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер!   2024 жылдың 01 шілдесінен бастап 05 тамызына дейін сайтта https://admissions.fizmat.kz «РФММ» Алматы КеАҚ филиалына ақылы негізде түсу үшін…

15
May
24

2024 жылы 24-28 наурыз аралығында Алматы қаласында информатика және география пәндері бойынша республикалық олимпиада өтті.

Біздің оқушыларымыз мақтан тұтарлық нәтижелерге қол жеткізді. Информатика: 1 место: Анри Жан, 9  G Цой Максим, 10 K Талкат Дінмұхаммед, 10 M 2…

15
May
24

7-21 сәуір аралығында Тіл білімі бойынша Asia Pacific Linguistics Olympiad (APLO) өтті.

Алматы қ. РФММ-нен олимпиадаға 11 “E” сынып оқушысы Есенкулов Елизар қатысып, APLO (Қазақстандағы 4-топ) дипломымен марапатталды және IOL халықаралық олимпиадасына сәтті өтті! Оның…

15
May
24

2024 жылы 17-21 наурыз аралығында Алматы қаласында математика және физика пәндерінен Республикалық олимпиада өтті.

Біздің оқушыларымыз 8 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль, барлығы 19 марапатқа ие болып, мектебіміздің атын абыроймен қорғады! Алтын: – Сахипов Амир…

15
May
24

2024 жылы 27-31 наурыз аралығында Павлодар қаласында химия және биология пәндерінен 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша дәстүрлі республикалық олимпиада өтті.

Алматы қ. РФММ оқушылары тамаша нәтижелер көрсетті: Биология: Биология: 1. Азизов Тимур – 2 орын 2. Ли-Цун-Е Никита – 3 орын 3. Береке…

13
May
24

Результаты заключительного этапа Городской Жаутыковкой Олимпиады 2024 г.Алматы

Результаты по математике Математика Результаты по физике Физика Результаты по информатике Информатика