Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі
04
Mar
22

«Көктем Аруы-2022»



Қазақ халқы қашан да ұлын нарға, қызын арға балап, көңілінің дархандығын кең даласымен өлшеген. «Қызың өссе – өрісің» деп қызға ерекше құрмет көрсеткен. Бүгінгі қоғамда халқымыздың қыз бала тәрбиесіндегі қалыптасқан дәстүрін насихаттау басты назарда тұруы қажет.

Осы мақсатқа сәйкес және Алматы РФММ 50 жылдық мерейтойын тойлау аясында, 3 наурыз күні Алматы РФММ акт залында 8 сынып оқушылары  арасында «Көктем аруы-2022» байқауы өткізілді. Аталған байқауға қатысуға ниет білдірген 9 ару қатысты.

Арулар төмендегі сайыстар бойынша сынаққа түсті:

«Сәлем – сөздің атасы»  сахнада өзін-өзі ұстай білу мәдениетіне және берілген уақытта өзін-өзі таныстыру;

«Өнерлі өрге жүзер» сайысында өнерпаздық деңгейін бағалау, ән айту, би билеу, мәнерлеп өлең оқу бойынша өнерлері сыналды.

«Білгенге  маржан» сайысында салт дәстүрлер мен мақал-мәтелдер бойынша танымдық сұрақтар бойынша білімі бағаланды;

 «Қолөнер» атты қолөнер үлгісі бойынша сайыс, ою-өрнек, кесте тігу, ұршық иіру және дәмді тағамдар әзірлеу өнерін көрсету.

Таласқа толы байқауда ару қыздар өз өнерлерін барынша ортаға салып, жан-жақты қырларынан таныла білді. Сайыс соңында жеңімпаздарды әділқазылар құрамы анықтады.

Қазылар алқасының анықтауы бойынша, ерекше қырынан танылған арулар ретінде жеңімпаздар белгілі болып, марапаттауға ие болды. Байқауда жеңімпаз деп танылған арулар:

«Көктем аруы-2022» – 8 «А» сыныбының атынан қатысқан Булат Айзерек атанды. І-орынды «Инабатты ару» атанған 8 «К» сыныбының аруы Исаева Айзере иеленді. ІІ-орынды «Көрермен көзайымына» айналған 8 «С» сыныбының аруы Бүркітбай Нұрай жеңіп алса, ІІІ-орынды 8 «Н» сыныбының «Зерделі аруы» Лазар Ақманар иеленді.

  • 8 «В» Алтынбекова Айнұр «Білімді ару»
  • 8 «D» Жайсанова Айша «Көрікті ару»
  • 8 «G» Амренова Сабина «Сымбатты ару»
  • 8 «L» Тултанова Айжан «Өнерлі ару»
  • 8 «M» Пазилханова Нурикамал «Сүйкімді ару»

Аруларды жеңісімен құттықтаймыз!

 

Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

15
May
24

2024 жылы 24-28 наурыз аралығында Алматы қаласында информатика және география пәндері бойынша республикалық олимпиада өтті.

Біздің оқушыларымыз мақтан тұтарлық нәтижелерге қол жеткізді. Информатика: 1 место: Анри Жан, 9  G Цой Максим, 10 K Талкат Дінмұхаммед, 10 M 2…

15
May
24

7-21 сәуір аралығында Тіл білімі бойынша Asia Pacific Linguistics Olympiad (APLO) өтті.

Алматы қ. РФММ-нен олимпиадаға 11 “E” сынып оқушысы Есенкулов Елизар қатысып, APLO (Қазақстандағы 4-топ) дипломымен марапатталды және IOL халықаралық олимпиадасына сәтті өтті! Оның…

15
May
24

2024 жылы 17-21 наурыз аралығында Алматы қаласында математика және физика пәндерінен Республикалық олимпиада өтті.

Біздің оқушыларымыз 8 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль, барлығы 19 марапатқа ие болып, мектебіміздің атын абыроймен қорғады! Алтын: – Сахипов Амир…

15
May
24

2024 жылы 27-31 наурыз аралығында Павлодар қаласында химия және биология пәндерінен 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша дәстүрлі республикалық олимпиада өтті.

Алматы қ. РФММ оқушылары тамаша нәтижелер көрсетті: Биология: Биология: 1. Азизов Тимур – 2 орын 2. Ли-Цун-Е Никита – 3 орын 3. Береке…

13
May
24

Результаты заключительного этапа Городской Жаутыковкой Олимпиады 2024 г.Алматы

Результаты по математике Математика Результаты по физике Физика Результаты по информатике Информатика

10
May
24

Қорытынды кезең (күндізгі кезең) 2024 жылғы 11-12 мамырда өтеді

Қорытынды кезең (күндізгі кезең) 2024 жылғы 11-12 мамырда Алматы және Астана қалаларында Республикалық физика-математика мектебінің филиалдары базасында өтеді. Алматы қ., мекен-жайы: Бұқар Жырау…

06
May
24

Результаты отборочного этапа ГЖО 2024 по информатике

По результатам отборочного этапа ГЖО 2024 по информатике на финальный этап проходят участники решившие: 8 класс — количество решенных задач 3 и выше,…

05
May
24

Результаты отборочного этапа ГЖО 2024 по физике

По результатам отборочного этапа ГЖО 2023 по физике на заключительный этап проходят участники решившие: 8 класс — 5 баллов и выше, 7 класс…

04
May
24

Результаты отборочного этапа ГЖО 2024 по математике

По результатам отборочного этапа ГЖО 2024 по математике на заключительный этап проходят участники решившие: 8 класс — 8 баллов и выше, 7 класс…