Жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша XI Президенттік олимпиаданың қорытындылары

2018 жылдың 13 қарашасынан бастап 16 қарашасын қоса алған мерзімде Қарағанды облысы Теміртау қаласында жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша XI Президенттік олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.
Олимпиада Тұңғыш Президент күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің күніне арналған іс-шаралар шеңберінде өткізіледі. Ағымдағы олимпиада дәстүрлі түрде Теміртау қаласында өтеді, мұнда Қарағанды металлургия кәсіпорнында Н. Ә. Назарбаев өзінің еңбек қызметін бастады.
Президенттік олимпиаданың мақсаты орта білім беретін ұйымдардың оқушылары арасында математика, физика, химия және биология пәндері бойынша дарынды оқушыларды анықтау және одан әрі зияткерлік дамуы және кәсіби бағдары үшін оңтайлы жағдайларды жасау болып табылады. Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқуға оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен қабілеттерін тереңдету болып келеді.
10 жыл ішінде олимпиадаға 25 274 астам түлек қатысты. Осы жылы олимпиадаға Қазақстанның барлық өңірлерінен 161 оқушы қатысты.
Алматы РФММ командасы жақсы нәтиже көрсетті, Алматы РФММ 11 сынып оқушысы Бекзат Баубек математика пәні бойынша күміс медалді, Алматы РФММ 11 сынып оқушысы Әдемі Калиакбарова физика пәні бойынша қола медалді жеңіп алды.
Біздің оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз және болашақта табыс тілейміз!
https://daryn.kz/blogs/view/4/2841
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Ақпараттық хат ҚЖО 2025
2025 жылдың 9-10 мамыр арасында Алматы және Астана қалаларында КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебінде» оқушылар арасында математика (6-8 сынып), физика (7-8 сынып), информатика (6-8…
Оқушыларымыз республикалық тілдер олимпиадасынан олжалы оралды
Көкшетау қаласында өткен ағылшын, неміс және француз тілдерінен Республикалық олимпиадада мектебіміздің 8 оқушысы қатысып, барлығы медаль мен мақтау қағазына ие болып, жетістікпен оралды!…
Абай мұрасы — мәңгілік.
Ұлы ойшылдың даналығына жүрекпен үңіліп, мұрасының терең мәнін зерделей білген шәкірттеріміз республикалық деңгейде мектебіміздің мерейін асқақтатты! VII Республикалық «Абайтану» олимпиадасында жеңімпаз атанған оқушыларымыз:…
Тәжікстанда топ жарған таланттар
Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен Western Asia Youth Chess Championship 2025 чемпионатында Швейцариялық жүйе бойынша өткен 7 турдың қорытындысы бойынша, рапид шахматынан Батыс Азия…
Мектеп президенті: 2025 жылғы сайлау
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде Мектеп президенті сайлауы сәтті өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Өмірзақ Саният көпшілік басым дауыспен жеңімпаз деп танылды.✨ *…
Fizmat Chess Open – 2025 қорытындысы
Республикалық физика-математика мектебі мен серіктестері – Қазақстан шахмат федерациясы, Фридом Банк ұйымдастырған Fizmat Chess Open 2025 халықаралық шахмат турнирі биыл төртінші рет өткізілді….
1–10 сынып оқушыларын Халықаралық IFSS Junior Turkey 2025 жазғы мектебіне шақырамыз!
Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) мен Fizmat Academy орталығы бірлесе отырып, Түркия елінде оқушыларға арнап қызықты демалыс ұйымдастырады Балаңызға оқу, теңіз, жаңа достар және…
Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания)
Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания) 20 шілде – 3 тамыз 2025 жыл. Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) Fizmat Academy орталығымен бірлесе отырып, 8–10…
Эдгар Мамедов — Қазақстан тарихында ең жас гроссмейстер халықаралық атағын иеленген шахматшы!
Испанияда өткен беделді IX Open Internacional Semana Santa San Vicente del Raspeig Costa Blanca 2025 A турнирінде Эдгар 9 мүмкіндіктен 7 ұпай жинап,…
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Алматы қаласындағы РФММ-де ұлттар достығын дәріптеген ерекше фестиваль өтті.
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына – 30 жыл. Біз бәріміз – түрлі тілде сөйлейтінімізге қарамастан, бір шаңырақ астында, ортақ тарих пен құндылықтарды бөліскен…