Интернаттық ұйымдарда сыныптан тыс және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу

28 сәуір күні Республикалық физика-математикалық мектеп-интернат тәрбиешілері «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ республикалық кәсіби даму институты тыңдаушыларына арнап «Интернаттық ұйымдарда сыныптан тыс және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу» атты семинар өткізді. Жиында көшпелі тәжірбиелік сабақ жүргізгендер: интернат меңгерушісі Қалдыбаев Ербол Омарұлы, «Педагогика» бірлестігінің жетекшісі Телебаева Лаура Сыдыққызы, тәрбиешілері: Мақсұтова Гүлмира Жарылқапқызы, Айтуарова Манат Бодаубайқызы және «Аяулы балапан» қайырымдылық үйірме жетекшісі Сетербаева Айгүл Дюсетайқызы. Таңдалған тақырыптарымыз тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес сегіз негізгі бағыт бойынша және Біріккен Ұлттар Ұйымының 17 тұрақты даму мақсаты бойынша жүзеге асырылатыны айтылды. Оқылған тақырыптарымыз: «Үш одақ» «Орта білім беру ұйымдарында гендерлік тәсілді іске асыруда жеке тұлғаның әлеуетін дамыту». «Сыныптан тыс жұмыс – үйірме жұмысы. «Аяулы балапан» үйірмесі негізінде».
Өрлеу орталығынан Көмекова Сандуғаш Оралханқызы, Айгүл Аманжолқызы лекторларының бастауымен келген дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиеті бағытындағы Абай мектеп интернаты, 17, 15, 10, мектеп-интернаттар тәрбиешілеріне біздің тәжірбиеден алары көп екені жайлы айтып, рефлексия кезінде жаңартылған білім жағдайында тәрбиеленушілердің бойына жоғары қазақстандық патриоттық сезімі бар, рухани-адамгершілік ұстанымы қалыптасқан, шығармашыл, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеп отырғанымызды айтты. Қазақтың “баланы сөзіңмен емес, ісіңмен тәрбиеле” деген ұлағатты сөзін ту етіп ұстаған әрбір тәрбиешінің жүрегі жұмсақ, өз ісіне адал, еңбекқор, жауапкершілігі мол. Білімі мен білігін қатар шыңдап, іс-жүзінде көрсетіп, оқушылардың ыстық ықыласына бөленіп жүрген тәрбиешілеріміз әлі үлкен семинарлар ұйымдастырып, биіктен көрінеді деп сенеміз.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Ақпараттық хат ҚЖО 2025
2025 жылдың 9-10 мамыр арасында Алматы және Астана қалаларында КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебінде» оқушылар арасында математика (6-8 сынып), физика (7-8 сынып), информатика (6-8…
Оқушыларымыз республикалық тілдер олимпиадасынан олжалы оралды
Көкшетау қаласында өткен ағылшын, неміс және француз тілдерінен Республикалық олимпиадада мектебіміздің 8 оқушысы қатысып, барлығы медаль мен мақтау қағазына ие болып, жетістікпен оралды!…
Абай мұрасы — мәңгілік.
Ұлы ойшылдың даналығына жүрекпен үңіліп, мұрасының терең мәнін зерделей білген шәкірттеріміз республикалық деңгейде мектебіміздің мерейін асқақтатты! VII Республикалық «Абайтану» олимпиадасында жеңімпаз атанған оқушыларымыз:…
Тәжікстанда топ жарған таланттар
Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен Western Asia Youth Chess Championship 2025 чемпионатында Швейцариялық жүйе бойынша өткен 7 турдың қорытындысы бойынша, рапид шахматынан Батыс Азия…
Мектеп президенті: 2025 жылғы сайлау
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде Мектеп президенті сайлауы сәтті өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Өмірзақ Саният көпшілік басым дауыспен жеңімпаз деп танылды.✨ *…
Fizmat Chess Open – 2025 қорытындысы
Республикалық физика-математика мектебі мен серіктестері – Қазақстан шахмат федерациясы, Фридом Банк ұйымдастырған Fizmat Chess Open 2025 халықаралық шахмат турнирі биыл төртінші рет өткізілді….
1–10 сынып оқушыларын Халықаралық IFSS Junior Turkey 2025 жазғы мектебіне шақырамыз!
Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) мен Fizmat Academy орталығы бірлесе отырып, Түркия елінде оқушыларға арнап қызықты демалыс ұйымдастырады Балаңызға оқу, теңіз, жаңа достар және…
Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания)
Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания) 20 шілде – 3 тамыз 2025 жыл. Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) Fizmat Academy орталығымен бірлесе отырып, 8–10…
Эдгар Мамедов — Қазақстан тарихында ең жас гроссмейстер халықаралық атағын иеленген шахматшы!
Испанияда өткен беделді IX Open Internacional Semana Santa San Vicente del Raspeig Costa Blanca 2025 A турнирінде Эдгар 9 мүмкіндіктен 7 ұпай жинап,…
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Алматы қаласындағы РФММ-де ұлттар достығын дәріптеген ерекше фестиваль өтті.
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына – 30 жыл. Біз бәріміз – түрлі тілде сөйлейтінімізге қарамастан, бір шаңырақ астында, ортақ тарих пен құндылықтарды бөліскен…