Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес
акционерлік қоғам
Республикалық физика-
математика мектебі
01
Mar
25

Білім мен тәрбиенің қара шаңырағы – РФММ



Жарты ғасырдан астам тарихы бар Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі – білімнің қара шаңырағы. Алғашқы ұстаздық жолымды 1988 жылы осы білім ордасында бастап, күні бүгінге дейін алтын ұя мектебімде қызмет етіп келемін. Сондықтан білім мен тәрбиенің қара шаңырағы аталған, талай атақты тұлғаларды тәрбиелеп, білім нәрімен сусындандырған физмат мектебі – мені де ұстаздық өмірдің ыстығы мен суығына шыңдап, баулыған, тәрбиелеген  қасиетті, киелі оқу орны.

Ұстаздық еңбек жолымда мен де талай түлектерді оқытып, тәрбиелеп, үлкен өмір жолына  қанат қақтырдым. Маған осындай дәрежеге жетуіме қолдау көрсеткен , әрине, ол – « бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған» біздің ұжым, біздің мектептің әкімшілігі.

Қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берумен қоса,  сынып жетекші де болдым. Алғашқы сынып жетекші болған 11 «Е» сыныбының мектеп бітіргендеріне де биыл 32 жыл болады. Биылғы оқу жылында ұстаздық жолымдағы он бірінші рет сынып жетекшілік етуге бұйырған  – 7 «А» сыныбы болды.

Біздің мектеп әрқашан   тәрбие мен оқытуды қатар алып жүрді, өйткені  тәрбие мен оқыту өзара тығыз байланысты, бір – бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас процесс.  Осы үрдістің үздіксіз жалғасуын қамтамасыз еткен  мектеп директоры М.Е.Меирбек, оқу ісі жөніндегі директордың орынбасарлары Н.Т.Кабулова, Б.Е.Токтасбаев, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Л.К.Жасыбаева, Қ.М. Тәукебаев, интернат меңгерушісі Е.О.Калдыбаев.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» –ұлттық, адами құндылықтарға  негізделген. Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу–барлық кезеңде өзекті.  Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Өйткені тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры.

Арыға бармай-ақ осы биылғы оқу жылындағы, яғни, 7 «А» сыныбымен осы бағдарлама аясында қандай іс-шаралар жүргіздік деген мәселеге тоқталсам деп едім. Менің сыныбымда 31 оқушы бар, оның ішінде 12 оқушы қаладан қатынаса,  19 оқушы интернат тәрбиеленушілері.  Бұл оқушылар қала, интернат деп бөлінбей, бір үйдің баласындай тәрбиеленіп келеді. Интернат тәрбиеленушілеріне тәрбиеші Коргасбекова Айман Нуракыновна жауапты. Ол кісі балаларға алыстағы ата-аналарын жоқтатпай, аналық махаббатын аямай, жан-тәнімен қызмет етеді.

Осы оқу жылында мектеп – сынып жетекші – тәрбиеші -ата-ана болып, мектеп ұйымдастырған «Балықты бұлақ» демалыс орнына балалармен бірге  салауатты өмір салтын насихаттап, табиғат аясына демалуға бардық. Мәселен, тимбилдинг, «Медеу» . Мұндай іс-шараға басқа қалада тұратын ата-аналар да  келеді. Сондықтан үлкендердің өзара бірлесе жұмыс жасағанын көрген сынып оқушылары да бір-бірімен тату, достық қарым-қатынастары жақсы дамыған  деп айтуға болады.

Біздің мектепте «Мектеп – оқушы – ата-ана » деген үштағандық бағдарлама жүзеге асып жатыр десек, артық айтқандық емес. Ата-аналармен ынтымақтастыққа жұмыс жасаймыз,  олар мектеп өміріндегі, сыныптағы іс-шараларға да белсене атсалысып, өздерінің балалаларына үлгі бола отырып, оларды бірлікке, еңбекқорлыққа тәрбиелейді. Атап айтсақ, мектепте өткен «Жұлдызды трио» байқауына сынып жетекші, оқушы Нұрислам, ата-ана Айгерім Саркытбаева қатысып, 2-орын алдық.

«Шабыт» жобасы бойынша сынып оқушылары: Нұрасыл, Аңсар, Ахмет Дастан, Амирлан мектептің домбыра оркестріне қатысады. Сондай-ақ  Мектептің Гимнін айту байқауынан 1-орын алдық.

Мектепте ұлттық құндылықтарды дәріптеу үшін  педагогтер, білім алушылар дүйсенбі күні  ұлттық киіммен келу дәстүрге айналды.

«Еңбегі адал – жас өрен» жобасы бойынша мектеп әкімшілігі ұйымдас- тырған «Күзгі асар» жәрмеңкесіне де сыныбым, ата-аналарым белсене атсалысты. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, мұғалім- оқушы- ата-ана бірлесе жұмыс атқарса, алынбайтын қамал жоқ. Бұл жұмыс әрі қарай жалғасын таба бермек.

Сыныбымда Ералы Нұрислам Ғафизұлы «Зерде» республикалық жобалар жарысында « БАҚ пен жарнама мәтіндерінде: лингвистикалық нормалардың сақталу мәселесі» тақырыбында ғылыми жоба қорғап, Алтын медаль иегері атанып, 1-орын алды. Бұл да біздің мектептің оқыту мен тәрбиені қатар алып жүретіндігінің дәлелі десе болады.

Қорыта келе айтарым, «Ел болам десең, бесігіңді түзе» демекші, ел ертеңі болар бүгінгі балалар мен ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор жасөспірімдерді, жасампаз және адал, саналы азаматты тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы.

 

Сагадиева Майра Сатьжановна

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

7 «А» сыныбының сынып жетекшісі

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    27
    Feb
    25

    Еліміздің Бас ұстазы Ғани Бейсембаев Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің педагогтарымен және Халықаралық олимпиада жеңімпаздарымен кездесті.

    Еліміздің Бас ұстазы Ғани Бейсембаев Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің педагогтарымен және Халықаралық олимпиада жеңімпаздарымен кездесті. Министр мектептің жаңа ғимаратының құрылысымен де танысып, оған…

      14
      Feb
      25

      Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестивалінде болып, мектеп оқушылармен жүздесті.

      Республикалық физика-математика мектебінің шәкірттері де Мемлекет Басшысымен кездесіп, сұқбаттасуға мүмкіндік алды. Оның қатарында «РФММ» КеАҚ Алматы қаласындағы филиалының оқушылары: Тұраш Әділет, Серикбаев Асанәлі,…

        05
        Feb
        25

        7-сыныпқа арналған негізгі емтиханға тіркелу жүріп жатыр!

        Құрметті 6-сынып оқушылары және ата-аналары! Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына арналған емтиханға тіркелу басталғанын хабарлаймыз! Емтиханның өтетін күні: 27 сәуір 2025 жыл. Тіркелу мерзімі:…

          05
          Feb
          25

          Жәутіков Олимпиадасының нәтижелері: Алматы РФММ оқушылары 17 медаль жеңіп алды

          05 ақпан сағат 11:00-де Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Жәутіков Олимпиадасының нәтижелері: Алматы РФММ оқушылары 17 медаль жеңіп алды» тақырыбында баспасөз-конференциясы өтеді….

            14
            Jan
            25

            Бүгін Impact Olympiad 2025 басталды!

            Құрметті достар, көптен күткен сәт келді! Бүгін Астанада мұғалімдер мен олимпиадалық резерв жаттықтырушыларына арналған Impact Olympiad халықаралық байқауы басталды. Impact Olympiad — бұл:…

              14
              Jan
              25

              Астанада 21 Халықаралық Жәутіков Олимпиадасы басталды

              Жиырма жыл қатарынан Республикалық-физика математика мектебінің ұйымдастыруымен Алматыда өткізіліп келген Халықаралық Жәутіков олимпиадасы биыл алғаш рет қатысушыларды Астана төрінде қабылдады. Олимпиаданың салтанатты ашылу…

                13
                Jan
                25

                Астана олимпиадашыларды қарсы алуда

                21 Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қатысушыларын «Республикалық физика-математика мектебінің ұжымы әуежайдан қазақ халқына тән ерекше қонақжайлылықпен қарсы алуда. Қазақстан жеріне алғашқы болып, Болгария елінің…

                  13
                  Jan
                  25

                  21-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы алғаш рет Астанада өтеді

                  2025 жылғы 13-17 қаңтар аралығында Астанада оқушыларға арналған математика, физика және информатика бойынша 21-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтеді. Олимпиадаға әлемнің 15 елінен 700-ге…

                    21
                    Dec
                    24

                    РФММ оқушысы SAT сынағының биігін бағындырды!

                    Республикандық физика-математикалық мектебінің Астана қаласындағы филиалының 10-сынып оқушысы Ади Құралов халықаралық SAT сынағында 1600 баллдан 1530 балл жинап, әлемнің ең үздік 1%-ына кірді!…

                      13
                      Dec
                      24

                      Бухаресте (Румыния) физика, химия және биология пәндері бойынша Халықаралық жаратылыстану-ғылыми жасөспірімдер олимпиадасы өтті

                      2-11 желтоқсан аралығында Бухаресте (Румыния) физика, химия және биология пәндері бойынша Халықаралық жаратылыстану-ғылыми жасөспірімдер олимпиадасы өтті. Қазақстан құрамасы 6 медаль жеңіп алды: 2…