Білім мен тәрбиенің қара шаңырағы – РФММ

Жарты ғасырдан астам тарихы бар Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі – білімнің қара шаңырағы. Алғашқы ұстаздық жолымды 1988 жылы осы білім ордасында бастап, күні бүгінге дейін алтын ұя мектебімде қызмет етіп келемін. Сондықтан білім мен тәрбиенің қара шаңырағы аталған, талай атақты тұлғаларды тәрбиелеп, білім нәрімен сусындандырған физмат мектебі – мені де ұстаздық өмірдің ыстығы мен суығына шыңдап, баулыған, тәрбиелеген қасиетті, киелі оқу орны.
Ұстаздық еңбек жолымда мен де талай түлектерді оқытып, тәрбиелеп, үлкен өмір жолына қанат қақтырдым. Маған осындай дәрежеге жетуіме қолдау көрсеткен , әрине, ол – « бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған» біздің ұжым, біздің мектептің әкімшілігі.
Қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берумен қоса, сынып жетекші де болдым. Алғашқы сынып жетекші болған 11 «Е» сыныбының мектеп бітіргендеріне де биыл 32 жыл болады. Биылғы оқу жылында ұстаздық жолымдағы он бірінші рет сынып жетекшілік етуге бұйырған – 7 «А» сыныбы болды.
Біздің мектеп әрқашан тәрбие мен оқытуды қатар алып жүрді, өйткені тәрбие мен оқыту өзара тығыз байланысты, бір – бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас процесс. Осы үрдістің үздіксіз жалғасуын қамтамасыз еткен мектеп директоры М.Е.Меирбек, оқу ісі жөніндегі директордың орынбасарлары Н.Т.Кабулова, Б.Е.Токтасбаев, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Л.К.Жасыбаева, Қ.М. Тәукебаев, интернат меңгерушісі Е.О.Калдыбаев.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» –ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу–барлық кезеңде өзекті. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Өйткені тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры.
Арыға бармай-ақ осы биылғы оқу жылындағы, яғни, 7 «А» сыныбымен осы бағдарлама аясында қандай іс-шаралар жүргіздік деген мәселеге тоқталсам деп едім. Менің сыныбымда 31 оқушы бар, оның ішінде 12 оқушы қаладан қатынаса, 19 оқушы интернат тәрбиеленушілері. Бұл оқушылар қала, интернат деп бөлінбей, бір үйдің баласындай тәрбиеленіп келеді. Интернат тәрбиеленушілеріне тәрбиеші Коргасбекова Айман Нуракыновна жауапты. Ол кісі балаларға алыстағы ата-аналарын жоқтатпай, аналық махаббатын аямай, жан-тәнімен қызмет етеді.
Осы оқу жылында мектеп – сынып жетекші – тәрбиеші -ата-ана болып, мектеп ұйымдастырған «Балықты бұлақ» демалыс орнына балалармен бірге салауатты өмір салтын насихаттап, табиғат аясына демалуға бардық. Мәселен, тимбилдинг, «Медеу» . Мұндай іс-шараға басқа қалада тұратын ата-аналар да келеді. Сондықтан үлкендердің өзара бірлесе жұмыс жасағанын көрген сынып оқушылары да бір-бірімен тату, достық қарым-қатынастары жақсы дамыған деп айтуға болады.
Біздің мектепте «Мектеп – оқушы – ата-ана » деген үштағандық бағдарлама жүзеге асып жатыр десек, артық айтқандық емес. Ата-аналармен ынтымақтастыққа жұмыс жасаймыз, олар мектеп өміріндегі, сыныптағы іс-шараларға да белсене атсалысып, өздерінің балалаларына үлгі бола отырып, оларды бірлікке, еңбекқорлыққа тәрбиелейді. Атап айтсақ, мектепте өткен «Жұлдызды трио» байқауына сынып жетекші, оқушы Нұрислам, ата-ана Айгерім Саркытбаева қатысып, 2-орын алдық.
«Шабыт» жобасы бойынша сынып оқушылары: Нұрасыл, Аңсар, Ахмет Дастан, Амирлан мектептің домбыра оркестріне қатысады. Сондай-ақ Мектептің Гимнін айту байқауынан 1-орын алдық.
Мектепте ұлттық құндылықтарды дәріптеу үшін педагогтер, білім алушылар дүйсенбі күні ұлттық киіммен келу дәстүрге айналды.
«Еңбегі адал – жас өрен» жобасы бойынша мектеп әкімшілігі ұйымдас- тырған «Күзгі асар» жәрмеңкесіне де сыныбым, ата-аналарым белсене атсалысты. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, мұғалім- оқушы- ата-ана бірлесе жұмыс атқарса, алынбайтын қамал жоқ. Бұл жұмыс әрі қарай жалғасын таба бермек.
Сыныбымда Ералы Нұрислам Ғафизұлы «Зерде» республикалық жобалар жарысында « БАҚ пен жарнама мәтіндерінде: лингвистикалық нормалардың сақталу мәселесі» тақырыбында ғылыми жоба қорғап, Алтын медаль иегері атанып, 1-орын алды. Бұл да біздің мектептің оқыту мен тәрбиені қатар алып жүретіндігінің дәлелі десе болады.
Қорыта келе айтарым, «Ел болам десең, бесігіңді түзе» демекші, ел ертеңі болар бүгінгі балалар мен ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор жасөспірімдерді, жасампаз және адал, саналы азаматты тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы.
Сагадиева Майра Сатьжановна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
7 «А» сыныбының сынып жетекшісі
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Ақпараттық хат ҚЖО 2025
2025 жылдың 9-10 мамыр арасында Алматы және Астана қалаларында КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебінде» оқушылар арасында математика (6-8 сынып), физика (7-8 сынып), информатика (6-8…
Оқушыларымыз республикалық тілдер олимпиадасынан олжалы оралды
Көкшетау қаласында өткен ағылшын, неміс және француз тілдерінен Республикалық олимпиадада мектебіміздің 8 оқушысы қатысып, барлығы медаль мен мақтау қағазына ие болып, жетістікпен оралды!…
Абай мұрасы — мәңгілік.
Ұлы ойшылдың даналығына жүрекпен үңіліп, мұрасының терең мәнін зерделей білген шәкірттеріміз республикалық деңгейде мектебіміздің мерейін асқақтатты! VII Республикалық «Абайтану» олимпиадасында жеңімпаз атанған оқушыларымыз:…
Тәжікстанда топ жарған таланттар
Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен Western Asia Youth Chess Championship 2025 чемпионатында Швейцариялық жүйе бойынша өткен 7 турдың қорытындысы бойынша, рапид шахматынан Батыс Азия…
Мектеп президенті: 2025 жылғы сайлау
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде Мектеп президенті сайлауы сәтті өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Өмірзақ Саният көпшілік басым дауыспен жеңімпаз деп танылды.✨ *…
Fizmat Chess Open – 2025 қорытындысы
Республикалық физика-математика мектебі мен серіктестері – Қазақстан шахмат федерациясы, Фридом Банк ұйымдастырған Fizmat Chess Open 2025 халықаралық шахмат турнирі биыл төртінші рет өткізілді….
1–10 сынып оқушыларын Халықаралық IFSS Junior Turkey 2025 жазғы мектебіне шақырамыз!
Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) мен Fizmat Academy орталығы бірлесе отырып, Түркия елінде оқушыларға арнап қызықты демалыс ұйымдастырады Балаңызға оқу, теңіз, жаңа достар және…
Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания)
Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания) 20 шілде – 3 тамыз 2025 жыл. Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) Fizmat Academy орталығымен бірлесе отырып, 8–10…
Эдгар Мамедов — Қазақстан тарихында ең жас гроссмейстер халықаралық атағын иеленген шахматшы!
Испанияда өткен беделді IX Open Internacional Semana Santa San Vicente del Raspeig Costa Blanca 2025 A турнирінде Эдгар 9 мүмкіндіктен 7 ұпай жинап,…
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Алматы қаласындағы РФММ-де ұлттар достығын дәріптеген ерекше фестиваль өтті.
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына – 30 жыл. Біз бәріміз – түрлі тілде сөйлейтінімізге қарамастан, бір шаңырақ астында, ортақ тарих пен құндылықтарды бөліскен…