«Айкөне» жаттығулары
Осы тақырыппен РФММ интернатының кітапханасында «Рухани жаңғыру» үйірмесі мүшелерімен денсаулық сағаты өтті.
«Айкөне» – өзіндік ерекшелігі бар йога, цигун сияқты жаттығу десе де болады. Омыртқаның сау болуы – денсаулықтың кепілі. Бұл жаттығуда адам омыртқаны керу арқылы сыртқы ортаның әсерінсіз, терең бұлшық еттерге күш түсіріп қан айналымын кемеліне келтіре алады, небары 15 минуттың ішінде омыртқа қызып, ағзадан тер шығып, тәннің сауығуы күшейеді. Ежелгі қазақ даласында бұл әдіспен жауынгерлер, сынықшылар, емшілер айналысқан. Бүгінде оны қайта жаңғыртушы Абай Ақатұлы көп еңбегінің арқасында тек қазақ елінде ғана емес, шетелдерде де кең таныта бастады. Бұл туралы БАҚ құралдары мен интернеттегі әлеуметтік желілерде ақпараттар жетерлік, сондай–ақ National Geographic Қазақстан журналы да 2019 жылғы N8 санында жақсы мақала жариялады.
Үйірме жетекшісі Күнсая Ермекқызы: «Балалар, өздерің күнде көріп жүрген интернат дәлізінің қабырғасындағы бірнеше картиналарда бейнеленген қазақ руларының таңбалары – жай ғана сызық немесе сурет емес, өте ұзақ уақыттың ақпараттық жүгін арқалап тұрған, энергетикалық күші бар ғажайып құбылыс екен. Олай дейтініміз, Абай ағаларың өзі жаңғыртқан «Айкөне» жаттығуларының атауын Адай, Тама, Арғын, Жағалбайлы, Суан… деп атап, және осы атаулардың киесімен жаттығудың әсері жақсы жүретінін дәлелдеген. Ресейде бұл жаттығуды Денсаулық сақтау комитеті мақұлдаған. Бұл жаттығуларды жасау барысында адам атқа мінгендей, садақ тартып, немесе жайшылықта ер үстінде отырғандай күй кешеді. Бұдан жүйке жүйесі мықты болады екен.. Айкөне қазақ халқының игілігі, көне жәдігері. Сондықтан бұл жаттығу жүйесі туралы біліп жүргендерің еш артық емес, – деді.
Үйірме мүшелері денсаулық сағаты барысында «Айкөне» жаттығуларын жасап, көңіл күйлерін көтерді және бұл ешқандай мистика емес, әркімнің бойында өзіне ғана берілген қабілет-қасиеті барын, оны өмір қағидасын сақтаған жағдайда аша алатынына сенді.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Қалалық Жәутіков олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті
2025 жылдың мамыр айында қалалық Жәутіков олимпиадасының қорытынды кезеңі сәтті өткізілді. Олимпиаданың қорытынды кезеңіне жалпы саны 278 оқушы қатысты. Зияткерлік сайыстың нәтижесінде жоғары…
Ақпараттық хат ҚЖО 2025
2025 жылдың 9-10 мамыр арасында Алматы және Астана қалаларында КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебінде» оқушылар арасында математика (6-8 сынып), физика (7-8 сынып), информатика (6-8…
Оқушыларымыз республикалық тілдер олимпиадасынан олжалы оралды
Көкшетау қаласында өткен ағылшын, неміс және француз тілдерінен Республикалық олимпиадада мектебіміздің 8 оқушысы қатысып, барлығы медаль мен мақтау қағазына ие болып, жетістікпен оралды!…
Абай мұрасы — мәңгілік.
Ұлы ойшылдың даналығына жүрекпен үңіліп, мұрасының терең мәнін зерделей білген шәкірттеріміз республикалық деңгейде мектебіміздің мерейін асқақтатты! VII Республикалық «Абайтану» олимпиадасында жеңімпаз атанған оқушыларымыз:…
Тәжікстанда топ жарған таланттар
Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен Western Asia Youth Chess Championship 2025 чемпионатында Швейцариялық жүйе бойынша өткен 7 турдың қорытындысы бойынша, рапид шахматынан Батыс Азия…
Мектеп президенті: 2025 жылғы сайлау
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде Мектеп президенті сайлауы сәтті өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Өмірзақ Саният көпшілік басым дауыспен жеңімпаз деп танылды.✨ *…
Fizmat Chess Open – 2025 қорытындысы
Республикалық физика-математика мектебі мен серіктестері – Қазақстан шахмат федерациясы, Фридом Банк ұйымдастырған Fizmat Chess Open 2025 халықаралық шахмат турнирі биыл төртінші рет өткізілді….
1–10 сынып оқушыларын Халықаралық IFSS Junior Turkey 2025 жазғы мектебіне шақырамыз!
Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) мен Fizmat Academy орталығы бірлесе отырып, Түркия елінде оқушыларға арнап қызықты демалыс ұйымдастырады Балаңызға оқу, теңіз, жаңа достар және…
Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания)
Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания) 20 шілде – 3 тамыз 2025 жыл. Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) Fizmat Academy орталығымен бірлесе отырып, 8–10…
Эдгар Мамедов — Қазақстан тарихында ең жас гроссмейстер халықаралық атағын иеленген шахматшы!
Испанияда өткен беделді IX Open Internacional Semana Santa San Vicente del Raspeig Costa Blanca 2025 A турнирінде Эдгар 9 мүмкіндіктен 7 ұпай жинап,…