Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі
22
Feb
20

«Аудиокітапты тыңдай білудің өзі – миға керемет жаттығу…»



19.02.20 жылы Алматы РФММ интернатының кітапханасында F2F Guests жобасының кезекті қонағы – жас та болса ерекше қалыптасып үлгерген тұлға, сәулетші, ақын, зергер Даурен Баймурзинмен кездесу болды.

Алматыдағы бірнеше танымал және сәулетті ғимараттар жобасының авторы, Анкара қаласындағы Таяу Шығыс техникалық университетінде сәулетші мамандығы бойынша білім алған аз ғана санаулы қазақстандық түлектердің бірі Даурен ағалары жасөспірімдермен өз өмірі мен қазіргі атқаратын қызметі және өнері туралы шынайы әңгіме өрбітті. “Мен Ақтөбе қаласының тумасымын, мектепті 2008 жылы «Алтын белгімен» бітірдім, – деп бастады өмірдерегін ол – “Мектептің соңғы жылы қандай мамандыққа барамын деп ойландым, сол кезде мені гуманитарлық ғылым және техникалық бағыттағы салалар қызықтырды, сөйтіп, мен екеуін үйлестіретін мамандық іздедім, сәулетші болуға ұстазым кеңес берді. Университетке ҰБТ нәтижесімен қабылдандым. Шетелде оқу – өзіңе өзің жасаған алғашқы қатал сынақ. Себебі онда жаныңда моральдық және қаржылық жағынан дер кезінде қолдай қоятын ата-анаң болмайды. Алғаш мен онда бірден қомақты ақшамен бардым да, оны орынсыз жұмсап, тез тауысып алдым. Ол ата-анамның да білместігі еді. Ондай кезде бірге жүрген достарың ғана демеу болады. Ақшаны үнемдеуді қалтаң қағылғанда үйрене бастайсың. Бірінші семестрден кейін-ақ бәрін қалпына келтірдім.

Мықты сәулетші нормалар мен ережелерді сақтап, адамға өте ыңғайлы үй салады. Біздің елдегі сәулетшілердің екіге бөлініп жұмыс істейтіні мені таңғалдырды. Бірі – жоба жасайтын, олар үйдің бұрыштарын қалай бекітуді жақсы біледі, екіншісі – интерьер-дизайнерлер. Жоба жасайтын сәулетшілер эстетика мен әсемдіктің не екеніне мән бермейді, ал мен оқыған университетте ондай бөлу болған жоқ. Бізді әдемі әрі дұрыс жоба жасауға үйретті. Оқу күрделі болды. Барлық сабақ ағылшын тілінде өтті. Үш жыл Стамбулда жұмыс істедім. Қазіргі уақытта Қызылорда облысындағы Шалқия поселкесінен табылған мырыш кен орнының шахталық-құрылыс жобасының жетекші менеджерімін. Он бес күндік ауысыммен жұмыс істеймін. Үйге келген соң бір күн ұйықтаймын, содан соң әр күнімді, уақытымды тиімді пайдалануға жұмсаймын. Пәтерлер мен кеңселердің дизайнер-интерьерін жасаумен айналысамын. Менде де кейде барлық ісімді кейінге қалдыра беру әдеті болады. Ондай кезде ештеңеге үлгермеймін…Өкінішке орай, бізде тайм менеджментті үйретпейді. Уақытыңды тиімді пайдалансаң – сенде бәрі болады.

Менің дәнекерлеу жұмысына деген ынтам зергерлікке алып келді. Мен өз қолыммен өнер туындыларын жасауға қызығамын, зергерлікпен айналысқаныма екі жылдан асты. Өзімді аздап мақтап қойсам болады, мен жасаған әшекей бұйымдардан үшеуі қазір шетелге: Австрия, Америка, Түркияға сатылды. Зергерлік – ұқыптылық пен шыдамдылықты және ерік күшін қажет ететін қолөнер. Ал ақындыққа келетін болсам, сатиралық жанрда өлеңдер жазамын. Ол өте сирек және күлкілі жанр. Өлеңдерім мерзімді баспасөзде жарияланады және өзім де көпшілік алдында оқимын.

Біздің музыкалық аспаптарда ойнайтын азаматтардан құралған өз тобымыз бар. Олардың бәрі өмірде үлкен жетістіктерге жеткен адамдар. Мен ең жасымын. Гитарада ойнаймын. Онда домбыра, шаңқобыз, т.б. ұлттық аспаптар да бар. Бірақ негізі гитарада көп ойнаймыз. Аптасына, кейде айына бір рет демалыс күндері кездесіп тұрамыз. Өз әндеріміз бар.

Болашақта өзім қалаған белгілі бір маршруттармен әлемге саяхаттауды жоспарлап жүрмін. Мен сіздердің жастарыңызда өте көп оқыдым. Кітап оқу –жан дүниеңді рухани қуатқа, білімге толтырады. Аудиокітап оқу өте пайдалы. Оны тыңдай білудің өзі – миға керемет жаттығу. Ішкі жан-дүиең әдемі қалыптасқанда, сыртқы әлемнен өзіңе не керегін білесің. Мақсатың нақты айқындалады. Мақсатың айқын болғанда не жасау керек және неге қол жеткізетініңді де анық білесің».

Әрине, жас әрі өз ісінің білікті маманының оқушыларға айтқан танымдық білім аясындағы теориялық та, практикалық та кеңесі көп болды. Бұл кездесу өзінің зейінді тыңдаушыларына, сөз жоқ, өмірлік ғибратты сабақ сыйлады.

 

Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

02
Oct
24

IV Спартакиада “Fizmat Alumni Cup” среди выпускников РФМШ

Друзья! 12 октября 2024 г. при поддержке Fizmat Endowment Fund в стенах РФМШ будет проведена IV Спартакиада “Fizmat Alumni Cup” среди выпускников РФМШ….

02
Oct
24

ALMATY JUNIOR OLYMPIAD IN INFORMATICS

Almaty Junior Olympiad in Informatics программалау пәні бойынша мектеп оқушыларына арналған (7-9 сыныптар) бірінші олимпиада Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік…

18
Sep
24

Я работаю в лучшей школе страны!

Профессия учителя – это высокий статус в любой стране мира. Быть учителем – это очень тяжелый и благородный труд. Немало людей в нашей…

05
Sep
24

ОТБОР В ОЛИМПИЙСКИЙ РЕЗЕРВ ПО ХИМИИ

7-8 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ! УЧАЩИЕСЯ 7-8 КЛАССОВ! ‍ ХИМИЯДАН ОЛИМПИАДАЛЫҚ РЕЗЕРВКЕ ІРІКТЕУ ‍ОТБОР В ОЛИМПИЙСКИЙ РЕЗЕРВ ПО ХИМИИ Тіркелу мерзімі:/Срок регистрации: ⏰ 14:30, пятница/жұма,…

05
Sep
24

Ағылшын тілі пәнінен олимпиадалық резервке іріктеу (7-8 сыныптар)

Іріктеу 2024 жылы 7 қыркүйекте, жексенбі күні, сағат 11:45-тен 13:30-ге дейін өтеді. Қатысу үшін тіркеуден өтуіңіз керек (Google нысаны). https://forms.gle/cUFQCfspiZBSsRKY7

05
Sep
24

ИНФОРМАТИКАДАН ОЛИМПИАДАЛЫҚ РЕЗЕРВКЕ ІРІКТЕУ

7-8 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ! ‍ ИНФОРМАТИКАДАН ОЛИМПИАДАЛЫҚ РЕЗЕРВКЕ ІРІКТЕУ ‍ Тіркелу мерзімі: ⏰ 12:00, сенбі, 07.09.2024 Тіркелу сілтемесі: ТІРКЕЛУ ФОРМАСЫ https://forms.gle/PqancPZqdQeV41QG8 Іріктеу күні: 08.09.2024…

05
Sep
24

7-8 сынып оқушылары үшін математикадан олимпиадалық резервке іріктеу өтеді

Хабарландыру! 2024 жылы 7 қыркүйекте, сенбі күні, сағат 08:45-тен 12:00-ге дейін 7-8 сынып оқушылары үшін математикадан олимпиадалық резервке іріктеу өтеді. Іріктеуге қатысу үшін…

13
Aug
24

Құрметті 7-8 сынып оқушыларының ата-аналары

Құрметті 7-8 сынып оқушыларының ата-аналары РФММ мектебінің аясында жұмыс істейтін Fizmat Academy қосымша білім беру орталығы РФММ мектебінің 7-8 сыныбына қабылданған оқушыларға арналған…

08
Aug
24

Asia Pacific Open Championship халықаралық чемпионатында FIRST Tech Challenge категориясы бойынша жеңіс

Ағымдағы жылдың 11 – 14 ші шілде аралығында робототехника бойынша Австралияның Сидней қаласында “Masquarie”университетінде чемпионат өтті. Аталмыш жарыста Қазақстанның «Sana Team» кұрамасы FIRST…

08
Aug
24

Халықаралық жас натуралистер турнирінде (IYNT) 3-ші орын

2024 жылдың 23-28 шілдесі аралығында Грузияның Батуми қаласында 21 елден 160 команда қатысқан 11–ші Халықаралық жас натуралистер турнирі (Iynt) өтті. Біздің балалар командалық…