Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі
22
Sep
18

22 қыркүйекте физмат оқушылары «The Princeton Review» өкілі Руслан Лусеромен кездесуге қатысты және SAТ сынақ тестін тапсырды



Біз күткендей мектептің акт залында бірде-бір бос орын қалған жоқ. 9, 10 және 11 сыныптардың оқушылары және олардың ата-аналары презентацияны мұқият тыңдап, Q&A (сұрақтар және жауаптар) сессиясына өте белсенді қатысты. Кездесу барысында Руслан келесі сұрақтарға толық жауап берді – SAT дегеніміз не, қашан∕кімге∕қайда∕неге оны тапсыру қажет, ACT тестімен (басқа тест) салыстыру, The Princeton Review (standardized test prep company) рөлі туралы ақпарат ұсынылды.

Осы күні Физмат оқушылары SAT сынақ тестін тапсыруда өз күшін сынады, тестілеу тегін болды. Тестті өткізудің толық форматы қолданыстағы стандарттарға сәйкес өткізілді және оқушылар тестілеу атмосферасын және тестті тапсыруға қойылатын талаптарды сезінді.

SAT Reasoning Test  (сондай-ақ «Scholastic Aptitude Test» және «Scholastic Assessment Test», сөзбе-сөз «Академиялық бағалау тесті») – АҚШ-тың жоғары оқу орындарына түсуге арналған стандартты тест. College Board коммерциялық емес ұйымы SAT тестін әзірлейді және басқарады. Емтихан студенттердің колледжге дайындығын бағалайды. 1900 жылы құрылған College Board үкіметтік емес ұйымы тестті әзірлейді және өткізеді, ол студенттердің оқу бағдарламаларына түсуге байланысты мәселелерін шешуде АҚШ-тың колледждері мен университеттерінің күштерін үйлестіруге арналған.

The Princeton Review — бұл Нью-Йорк қаласында орналасқан компания, ол білім беру саласында қызметтерді көрсетумен айналысады, оларға тесттерді тапсыруға дайындау, оқу бағдарламалары, оқуға түсіру бойынша қызметтер, кітаптарды, соның ішінде оқу мекемелері жөніндегі анықтамалықтарды басып шығару кіреді.

Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

28
Jun
24

РФММ-нің болашақ оқушылары назарына!

РФММ-нің болашақ оқушылары назарына! Алматы қаласындағы РФМШ-нің ақылы және грант бөліміне қабылданған оқушылардың құжаттарын қабылдау 5 тамыздан бастап басталатынын хабарлаймыз! Құжаттарды қабылдау басталатын…

11
Jun
24

Оқу триумфы: сертификаттар болашақтың қолында

2023 жылдың 1 қыркүйегінен 2024 жылдың 25 мамырына дейін Алматы және Астана оқушылары Python бағдарламалау тілін, деректер құрылымын және Python кітапханасын терең зерттеді….

11
Jun
24

Физика пәні бойынша Азия олимпиадасында (APhO) күміс медаль

Қазақстандық оқушылар құрамасы Азия физика олимпиадасында (APhO) тамаша нәтиже көрсетіп, жеті жүлдеге ие болды: бір күміс, алты қола медаль және бір мақтау қағазы….

31
May
24

«РФММ» Алматы КеАҚ филиалына ақылы негізде түсу үшін емтихандарға бойынша онлайн тіркелу ашылады

Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер!   2024 жылдың 01 шілдесінен бастап 05 тамызына дейін сайтта https://admissions.fizmat.kz «РФММ» Алматы КеАҚ филиалына ақылы негізде түсу үшін…

15
May
24

2024 жылы 24-28 наурыз аралығында Алматы қаласында информатика және география пәндері бойынша республикалық олимпиада өтті.

Біздің оқушыларымыз мақтан тұтарлық нәтижелерге қол жеткізді. Информатика: 1 место: Анри Жан, 9  G Цой Максим, 10 K Талкат Дінмұхаммед, 10 M 2…

15
May
24

7-21 сәуір аралығында Тіл білімі бойынша Asia Pacific Linguistics Olympiad (APLO) өтті.

Алматы қ. РФММ-нен олимпиадаға 11 “E” сынып оқушысы Есенкулов Елизар қатысып, APLO (Қазақстандағы 4-топ) дипломымен марапатталды және IOL халықаралық олимпиадасына сәтті өтті! Оның…

15
May
24

2024 жылы 17-21 наурыз аралығында Алматы қаласында математика және физика пәндерінен Республикалық олимпиада өтті.

Біздің оқушыларымыз 8 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль, барлығы 19 марапатқа ие болып, мектебіміздің атын абыроймен қорғады! Алтын: – Сахипов Амир…

15
May
24

2024 жылы 27-31 наурыз аралығында Павлодар қаласында химия және биология пәндерінен 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша дәстүрлі республикалық олимпиада өтті.

Алматы қ. РФММ оқушылары тамаша нәтижелер көрсетті: Биология: Биология: 1. Азизов Тимур – 2 орын 2. Ли-Цун-Е Никита – 3 орын 3. Береке…

13
May
24

Результаты заключительного этапа Городской Жаутыковкой Олимпиады 2024 г.Алматы

Результаты по математике Математика Результаты по физике Физика Результаты по информатике Информатика