Сыңғырла, күміс қоңырау

«Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамында 2017- 2018 оқу жылының басталуына орай «Сыңғырла, күміс қоңырау» атты салтанатты жиыны 2 қыркүйек күні өтті.
Мақсаты:
– «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын және оның құндылықтарын насихаттау;
– бірегейлік пен бірлікті нығайту;
– елі үшін мақтаныш сезімін нығайту.
Мектеп – кеме, ұстаз оның желкені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Тәрбие мен тәлімнің де бесігі,
Мектеп деген даналардың мекені!
Биылғы 2017-2018 жаңа оқу жылын ашу салтанаты дәстүрлі Білім күніне және Қазақстан Конституциясының кезекті мерекелік күніне арналды.
Кең- байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Асқар тау, жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың кетті,
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!
Биыл 30 тамызда Тәуелсіз еліміздің Ата заңы – Конституцияның қабылданғанына 22 жыл толды. Халықаралық қауымдастық өркениетті, зайырлы қоғамның тірегі есебінде мойындаған Ата заңымыз– туған еліміздің тарихының ажырамас бөлігі, бабалар жолы мен аманатының жалғасы іспетті.
Олимпиадалар ішінде ерекше атап өтуді қажет ететін олимпиада, ол – 12 – 23 шілде аралығында Рио де Жанейро қаласында (Бразилия) өткен 58 – Халықаралық математикалық олимпиада. Онда мектебіміздің 10 «Д» оқушысы Аманбаева Аружан қола медаль иегері атанып, мемлекетіміздің, мектебіміздің абыройын тағы да асқақтатты.
Ал ел ішіндегі республикалық пәндер олимпиадасында шәкірттер мектеп қоржынына 34 медаль салды. Оның ішінде 7 Алтын, 11 Күміс, 16 Қола және 4 грамота бар.
Қоңырау сыңғырымен кең-байтақ еліміздің түкпір-түкпірінде жаңа оқу жылы басталды. Қоңырау үні еліміздің жас ұландарын терең білімге, отансүйгіштікке, парасат пен пайым жолына шақырады.
Алғашқы қоңырау аяқталған соң оқушылар Білім күнінде өткізілген «Мен – өз елімнің патриотымын» атты сынып сағаттарына қатысты.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Білім мен тәрбиенің қара шаңырағы – РФММ
Жарты ғасырдан астам тарихы бар Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі – білімнің қара шаңырағы. Алғашқы ұстаздық жолымды 1988 жылы осы білім ордасында бастап,…
Еліміздің Бас ұстазы Ғани Бейсембаев Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің педагогтарымен және Халықаралық олимпиада жеңімпаздарымен кездесті.
Еліміздің Бас ұстазы Ғани Бейсембаев Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің педагогтарымен және Халықаралық олимпиада жеңімпаздарымен кездесті. Министр мектептің жаңа ғимаратының құрылысымен де танысып, оған…
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестивалінде болып, мектеп оқушылармен жүздесті.
Республикалық физика-математика мектебінің шәкірттері де Мемлекет Басшысымен кездесіп, сұқбаттасуға мүмкіндік алды. Оның қатарында «РФММ» КеАҚ Алматы қаласындағы филиалының оқушылары: Тұраш Әділет, Серикбаев Асанәлі,…
7-сыныпқа арналған негізгі емтиханға тіркелу жүріп жатыр!
Құрметті 6-сынып оқушылары және ата-аналары! Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына арналған емтиханға тіркелу басталғанын хабарлаймыз! Емтиханның өтетін күні: 27 сәуір 2025 жыл. Тіркелу мерзімі:…
Жәутіков Олимпиадасының нәтижелері: Алматы РФММ оқушылары 17 медаль жеңіп алды
05 ақпан сағат 11:00-де Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Жәутіков Олимпиадасының нәтижелері: Алматы РФММ оқушылары 17 медаль жеңіп алды» тақырыбында баспасөз-конференциясы өтеді….
Бүгін Impact Olympiad 2025 басталды!
Құрметті достар, көптен күткен сәт келді! Бүгін Астанада мұғалімдер мен олимпиадалық резерв жаттықтырушыларына арналған Impact Olympiad халықаралық байқауы басталды. Impact Olympiad — бұл:…
Астанада 21 Халықаралық Жәутіков Олимпиадасы басталды
Жиырма жыл қатарынан Республикалық-физика математика мектебінің ұйымдастыруымен Алматыда өткізіліп келген Халықаралық Жәутіков олимпиадасы биыл алғаш рет қатысушыларды Астана төрінде қабылдады. Олимпиаданың салтанатты ашылу…
Астана олимпиадашыларды қарсы алуда
21 Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қатысушыларын «Республикалық физика-математика мектебінің ұжымы әуежайдан қазақ халқына тән ерекше қонақжайлылықпен қарсы алуда. Қазақстан жеріне алғашқы болып, Болгария елінің…
21-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы алғаш рет Астанада өтеді
2025 жылғы 13-17 қаңтар аралығында Астанада оқушыларға арналған математика, физика және информатика бойынша 21-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтеді. Олимпиадаға әлемнің 15 елінен 700-ге…
РФММ оқушысы SAT сынағының биігін бағындырды!
Республикандық физика-математикалық мектебінің Астана қаласындағы филиалының 10-сынып оқушысы Ади Құралов халықаралық SAT сынағында 1600 баллдан 1530 балл жинап, әлемнің ең үздік 1%-ына кірді!…