Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі
15
Nov
22

11.11.22 күні 10-11 сыныптар үшін Fizmat Autumn Charity Ball өтті



10ABCGDEFKL және 11СDEFK сыныптарынан 14 керемет жұп бал қонақтарының назарына полонез және вальс билеп, эстрадалық қойылымдарын көрсетті. Сонымен қатар, сайыскерлер шағын әңгімелесуді қолдай алу қабілетімен жарысты. Қазылар алқасы, өз кезегінде, ханымдар мен мырзалардың талғампаз киімдерін жоғары бағалады.

Конкурстық бөлімнің қорытындысы бойынша балдың патшасы мен патшайымы болып Гагик Ананян мен Фатима Албурина – 11D сыныбының жұбы таңдалды. Ал 10А сыныбының жұбы – Жамбыбай Шұғыла мен Абдрашитов Алан көрермен көзайымы атанды.

Бал 10-11 сынып оқушыларының әсем әндерімен аяқталды.

Қайырымдылық бал форматында іс-шара алғаш рет өткізіліп отыр. Билеттерден және қайырымдылық үлестерден жиналған 170 000 теңге мектеп кеңесінің командасы әзірлейтін FizmatApp қосымшасын әзірлеуге бағытталады. Жақында қосымша Playmarket және AppStore дүкендерінде қолжетімді болады.

Мектеп хореографы – Ж. Н. Қайырбекова мен мектеп кеңесінің мәдениет министрі – Жамиля Дүкенбаеваның жұмысын атап өткіміз келеді. Сондай-ақ, 10-11 сыныптардың барлық сынып жетекшілеріне, кезекші мұғалімдерге, мектеп кеңесіне, еріктілер мен бал қонақтарына алғыс білдіреміз.

11 сынып оқушылары Хрисиди Виктория мен Имбердинов Әлжанға жалпы сомасы 70 000 теңге қайырымдылық үлесі үшін ерекше алғыс айтқымыз келеді.

Айдарлар

Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

08
May
25

Ақпараттық хат ҚЖО 2025

2025 жылдың 9-10 мамыр арасында Алматы және Астана қалаларында КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебінде» оқушылар арасында математика (6-8 сынып), физика (7-8 сынып), информатика (6-8…

    06
    May
    25

    Оқушыларымыз республикалық тілдер олимпиадасынан олжалы оралды

    Көкшетау қаласында өткен ағылшын, неміс және француз тілдерінен Республикалық олимпиадада мектебіміздің 8 оқушысы қатысып, барлығы медаль мен мақтау қағазына ие болып, жетістікпен оралды!…

      06
      May
      25

      Абай мұрасы — мәңгілік.

      Ұлы ойшылдың даналығына жүрекпен үңіліп, мұрасының терең мәнін зерделей білген шәкірттеріміз республикалық деңгейде мектебіміздің мерейін асқақтатты! VII Республикалық «Абайтану» олимпиадасында жеңімпаз атанған оқушыларымыз:…

        06
        May
        25

        Тәжікстанда топ жарған таланттар

        Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен Western Asia Youth Chess Championship 2025 чемпионатында Швейцариялық жүйе бойынша өткен 7 турдың қорытындысы бойынша, рапид шахматынан Батыс Азия…

          06
          May
          25

          Мектеп президенті: 2025 жылғы сайлау

          Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде Мектеп президенті сайлауы сәтті өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Өмірзақ Саният көпшілік басым дауыспен жеңімпаз деп танылды.✨ *…

            06
            May
            25

            Fizmat Chess Open – 2025 қорытындысы

            Республикалық физика-математика мектебі мен серіктестері – Қазақстан шахмат федерациясы, Фридом Банк ұйымдастырған Fizmat Chess Open 2025 халықаралық шахмат турнирі биыл төртінші рет өткізілді….

              02
              May
              25

              1–10 сынып оқушыларын Халықаралық IFSS Junior Turkey 2025 жазғы мектебіне шақырамыз!

              Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) мен Fizmat Academy орталығы бірлесе отырып, Түркия елінде оқушыларға арнап қызықты демалыс ұйымдастырады Балаңызға оқу, теңіз, жаңа достар және…

                02
                May
                25

                Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания)

                Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания) 20 шілде – 3 тамыз 2025 жыл. Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) Fizmat Academy орталығымен бірлесе отырып, 8–10…

                  01
                  May
                  25

                  Эдгар Мамедов — Қазақстан тарихында ең жас гроссмейстер халықаралық атағын иеленген шахматшы!

                  Испанияда өткен беделді IX Open Internacional Semana Santa San Vicente del Raspeig Costa Blanca 2025 A турнирінде Эдгар 9 мүмкіндіктен 7 ұпай жинап,…

                    01
                    May
                    25

                    1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Алматы қаласындағы РФММ-де ұлттар достығын дәріптеген ерекше фестиваль өтті.

                    Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына – 30 жыл. Біз бәріміз – түрлі тілде сөйлейтінімізге қарамастан, бір шаңырақ астында, ортақ тарих пен құндылықтарды бөліскен…