Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі
22
Feb
20

«Аудиокітапты тыңдай білудің өзі – миға керемет жаттығу…»



19.02.20 жылы Алматы РФММ интернатының кітапханасында F2F Guests жобасының кезекті қонағы – жас та болса ерекше қалыптасып үлгерген тұлға, сәулетші, ақын, зергер Даурен Баймурзинмен кездесу болды.

Алматыдағы бірнеше танымал және сәулетті ғимараттар жобасының авторы, Анкара қаласындағы Таяу Шығыс техникалық университетінде сәулетші мамандығы бойынша білім алған аз ғана санаулы қазақстандық түлектердің бірі Даурен ағалары жасөспірімдермен өз өмірі мен қазіргі атқаратын қызметі және өнері туралы шынайы әңгіме өрбітті. “Мен Ақтөбе қаласының тумасымын, мектепті 2008 жылы «Алтын белгімен» бітірдім, – деп бастады өмірдерегін ол – “Мектептің соңғы жылы қандай мамандыққа барамын деп ойландым, сол кезде мені гуманитарлық ғылым және техникалық бағыттағы салалар қызықтырды, сөйтіп, мен екеуін үйлестіретін мамандық іздедім, сәулетші болуға ұстазым кеңес берді. Университетке ҰБТ нәтижесімен қабылдандым. Шетелде оқу – өзіңе өзің жасаған алғашқы қатал сынақ. Себебі онда жаныңда моральдық және қаржылық жағынан дер кезінде қолдай қоятын ата-анаң болмайды. Алғаш мен онда бірден қомақты ақшамен бардым да, оны орынсыз жұмсап, тез тауысып алдым. Ол ата-анамның да білместігі еді. Ондай кезде бірге жүрген достарың ғана демеу болады. Ақшаны үнемдеуді қалтаң қағылғанда үйрене бастайсың. Бірінші семестрден кейін-ақ бәрін қалпына келтірдім.

Мықты сәулетші нормалар мен ережелерді сақтап, адамға өте ыңғайлы үй салады. Біздің елдегі сәулетшілердің екіге бөлініп жұмыс істейтіні мені таңғалдырды. Бірі – жоба жасайтын, олар үйдің бұрыштарын қалай бекітуді жақсы біледі, екіншісі – интерьер-дизайнерлер. Жоба жасайтын сәулетшілер эстетика мен әсемдіктің не екеніне мән бермейді, ал мен оқыған университетте ондай бөлу болған жоқ. Бізді әдемі әрі дұрыс жоба жасауға үйретті. Оқу күрделі болды. Барлық сабақ ағылшын тілінде өтті. Үш жыл Стамбулда жұмыс істедім. Қазіргі уақытта Қызылорда облысындағы Шалқия поселкесінен табылған мырыш кен орнының шахталық-құрылыс жобасының жетекші менеджерімін. Он бес күндік ауысыммен жұмыс істеймін. Үйге келген соң бір күн ұйықтаймын, содан соң әр күнімді, уақытымды тиімді пайдалануға жұмсаймын. Пәтерлер мен кеңселердің дизайнер-интерьерін жасаумен айналысамын. Менде де кейде барлық ісімді кейінге қалдыра беру әдеті болады. Ондай кезде ештеңеге үлгермеймін…Өкінішке орай, бізде тайм менеджментті үйретпейді. Уақытыңды тиімді пайдалансаң – сенде бәрі болады.

Менің дәнекерлеу жұмысына деген ынтам зергерлікке алып келді. Мен өз қолыммен өнер туындыларын жасауға қызығамын, зергерлікпен айналысқаныма екі жылдан асты. Өзімді аздап мақтап қойсам болады, мен жасаған әшекей бұйымдардан үшеуі қазір шетелге: Австрия, Америка, Түркияға сатылды. Зергерлік – ұқыптылық пен шыдамдылықты және ерік күшін қажет ететін қолөнер. Ал ақындыққа келетін болсам, сатиралық жанрда өлеңдер жазамын. Ол өте сирек және күлкілі жанр. Өлеңдерім мерзімді баспасөзде жарияланады және өзім де көпшілік алдында оқимын.

Біздің музыкалық аспаптарда ойнайтын азаматтардан құралған өз тобымыз бар. Олардың бәрі өмірде үлкен жетістіктерге жеткен адамдар. Мен ең жасымын. Гитарада ойнаймын. Онда домбыра, шаңқобыз, т.б. ұлттық аспаптар да бар. Бірақ негізі гитарада көп ойнаймыз. Аптасына, кейде айына бір рет демалыс күндері кездесіп тұрамыз. Өз әндеріміз бар.

Болашақта өзім қалаған белгілі бір маршруттармен әлемге саяхаттауды жоспарлап жүрмін. Мен сіздердің жастарыңызда өте көп оқыдым. Кітап оқу –жан дүниеңді рухани қуатқа, білімге толтырады. Аудиокітап оқу өте пайдалы. Оны тыңдай білудің өзі – миға керемет жаттығу. Ішкі жан-дүиең әдемі қалыптасқанда, сыртқы әлемнен өзіңе не керегін білесің. Мақсатың нақты айқындалады. Мақсатың айқын болғанда не жасау керек және неге қол жеткізетініңді де анық білесің».

Әрине, жас әрі өз ісінің білікті маманының оқушыларға айтқан танымдық білім аясындағы теориялық та, практикалық та кеңесі көп болды. Бұл кездесу өзінің зейінді тыңдаушыларына, сөз жоқ, өмірлік ғибратты сабақ сыйлады.

 

Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

28
Jun
24

РФММ-нің болашақ оқушылары назарына!

РФММ-нің болашақ оқушылары назарына! Алматы қаласындағы РФМШ-нің ақылы және грант бөліміне қабылданған оқушылардың құжаттарын қабылдау 5 тамыздан бастап басталатынын хабарлаймыз! Құжаттарды қабылдау басталатын…

11
Jun
24

Оқу триумфы: сертификаттар болашақтың қолында

2023 жылдың 1 қыркүйегінен 2024 жылдың 25 мамырына дейін Алматы және Астана оқушылары Python бағдарламалау тілін, деректер құрылымын және Python кітапханасын терең зерттеді….

11
Jun
24

Физика пәні бойынша Азия олимпиадасында (APhO) күміс медаль

Қазақстандық оқушылар құрамасы Азия физика олимпиадасында (APhO) тамаша нәтиже көрсетіп, жеті жүлдеге ие болды: бір күміс, алты қола медаль және бір мақтау қағазы….

31
May
24

«РФММ» Алматы КеАҚ филиалына ақылы негізде түсу үшін емтихандарға бойынша онлайн тіркелу ашылады

Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер!   2024 жылдың 01 шілдесінен бастап 05 тамызына дейін сайтта https://admissions.fizmat.kz «РФММ» Алматы КеАҚ филиалына ақылы негізде түсу үшін…

15
May
24

2024 жылы 24-28 наурыз аралығында Алматы қаласында информатика және география пәндері бойынша республикалық олимпиада өтті.

Біздің оқушыларымыз мақтан тұтарлық нәтижелерге қол жеткізді. Информатика: 1 место: Анри Жан, 9  G Цой Максим, 10 K Талкат Дінмұхаммед, 10 M 2…

15
May
24

7-21 сәуір аралығында Тіл білімі бойынша Asia Pacific Linguistics Olympiad (APLO) өтті.

Алматы қ. РФММ-нен олимпиадаға 11 “E” сынып оқушысы Есенкулов Елизар қатысып, APLO (Қазақстандағы 4-топ) дипломымен марапатталды және IOL халықаралық олимпиадасына сәтті өтті! Оның…

15
May
24

2024 жылы 17-21 наурыз аралығында Алматы қаласында математика және физика пәндерінен Республикалық олимпиада өтті.

Біздің оқушыларымыз 8 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль, барлығы 19 марапатқа ие болып, мектебіміздің атын абыроймен қорғады! Алтын: – Сахипов Амир…

15
May
24

2024 жылы 27-31 наурыз аралығында Павлодар қаласында химия және биология пәндерінен 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша дәстүрлі республикалық олимпиада өтті.

Алматы қ. РФММ оқушылары тамаша нәтижелер көрсетті: Биология: Биология: 1. Азизов Тимур – 2 орын 2. Ли-Цун-Е Никита – 3 орын 3. Береке…

13
May
24

Результаты заключительного этапа Городской Жаутыковкой Олимпиады 2024 г.Алматы

Результаты по математике Математика Результаты по физике Физика Результаты по информатике Информатика