Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі
13
May
19

«NAZARBAYEV UNIVERSITY» жазғы зерттеу бағдарламасының басталғаны туралы хабарлауға қуанышты



Жазғы зерттеу бағдарламасы

Nazarbayev University дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі – Университет) жоғары сынып оқушыларына арналған Жазғы зерттеу бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асырылуы туралы хабарлауға қуанышты. Бағдарлама 2019 жылдың 17-28 маусымы аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Бағдарлама дарынды оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамытуға, STEM білім беру бағдарламаларын насихаттауға, мансап мүмкіндіктерін ұсынуға бағытталған (№1 қосымшаны қараңыз).

Алдыңғы жылы, 2018 жылдың 16-30 маусымы аралығында осыған ұқсас бағдарлама әр түрлі қалалардан келген 200 НЗМ-нің 10 және 11 сыныптардың оқушыларына ұйымдастырылған еді. STEM пәндеріне бағытталған бағдарлама Университетте өткізілді. Қанағаттандыру сауалнамасына сәйкес қатысушылардың басым бөлігі жағымды тәжірибе жинады: олардың 80% бұл бағдарламаны сыныптастарына ұсынуға қалайтынын көрсетті.

Осы жылы Университет бағдарламаға қатысуға одан да көп дарынды жоғары сынып оқушыларын тартуды жоспарлап отыр, ол бағдарламаға қатысуға ниет білдірген Алматы қ. Республикалық физика-математика мектебінің ең көрнекті оқушыларына толық шәкіртақы ұсынуға шешті.

Бағдарламаның қатысушылары төменде келтірілген көрсеткіштерге сәйкес келуі керек:

  • 10-11 сынып оқушысы (10 сыныптан 10 оқушы, 11 сыныптан 10 оқушы);
  • Common European Framework of References for Languages (CEFR) сәйкес ағылшын тілінің деңгейі BI-B2;
  • оқу жетістіктері жоғары;
  • болашақта басты пәндер ретінде STEM пәндерін таңдаған оқушылар – олимпиадалардың және ғылыми жобалардың жеңімпаздары болуы қажет.

Жазғы зерттеу бағдарламасы туралы толығырақ ақпаратты келесі қосымшадан таба аласыз.

Айдарлар

Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

08
May
25

Ақпараттық хат ҚЖО 2025

2025 жылдың 9-10 мамыр арасында Алматы және Астана қалаларында КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебінде» оқушылар арасында математика (6-8 сынып), физика (7-8 сынып), информатика (6-8…

    06
    May
    25

    Оқушыларымыз республикалық тілдер олимпиадасынан олжалы оралды

    Көкшетау қаласында өткен ағылшын, неміс және француз тілдерінен Республикалық олимпиадада мектебіміздің 8 оқушысы қатысып, барлығы медаль мен мақтау қағазына ие болып, жетістікпен оралды!…

      06
      May
      25

      Абай мұрасы — мәңгілік.

      Ұлы ойшылдың даналығына жүрекпен үңіліп, мұрасының терең мәнін зерделей білген шәкірттеріміз республикалық деңгейде мектебіміздің мерейін асқақтатты! VII Республикалық «Абайтану» олимпиадасында жеңімпаз атанған оқушыларымыз:…

        06
        May
        25

        Тәжікстанда топ жарған таланттар

        Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен Western Asia Youth Chess Championship 2025 чемпионатында Швейцариялық жүйе бойынша өткен 7 турдың қорытындысы бойынша, рапид шахматынан Батыс Азия…

          06
          May
          25

          Мектеп президенті: 2025 жылғы сайлау

          Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде Мектеп президенті сайлауы сәтті өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Өмірзақ Саният көпшілік басым дауыспен жеңімпаз деп танылды.✨ *…

            06
            May
            25

            Fizmat Chess Open – 2025 қорытындысы

            Республикалық физика-математика мектебі мен серіктестері – Қазақстан шахмат федерациясы, Фридом Банк ұйымдастырған Fizmat Chess Open 2025 халықаралық шахмат турнирі биыл төртінші рет өткізілді….

              02
              May
              25

              1–10 сынып оқушыларын Халықаралық IFSS Junior Turkey 2025 жазғы мектебіне шақырамыз!

              Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) мен Fizmat Academy орталығы бірлесе отырып, Түркия елінде оқушыларға арнап қызықты демалыс ұйымдастырады Балаңызға оқу, теңіз, жаңа достар және…

                02
                May
                25

                Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания)

                Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания) 20 шілде – 3 тамыз 2025 жыл. Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) Fizmat Academy орталығымен бірлесе отырып, 8–10…

                  01
                  May
                  25

                  Эдгар Мамедов — Қазақстан тарихында ең жас гроссмейстер халықаралық атағын иеленген шахматшы!

                  Испанияда өткен беделді IX Open Internacional Semana Santa San Vicente del Raspeig Costa Blanca 2025 A турнирінде Эдгар 9 мүмкіндіктен 7 ұпай жинап,…

                    01
                    May
                    25

                    1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Алматы қаласындағы РФММ-де ұлттар достығын дәріптеген ерекше фестиваль өтті.

                    Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына – 30 жыл. Біз бәріміз – түрлі тілде сөйлейтінімізге қарамастан, бір шаңырақ астында, ортақ тарих пен құндылықтарды бөліскен…