Мерейтойлық ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасында бәске 344 медаль тігілді
2024 жылғы 13 қаңтарда “Алматы театр” ғимаратында математика, физика және информатика пәндері бойынша ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының салтанатты жабылуы өтті. Оған әлемнің 16 елінен 700 оқушы қатысты. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту Министрі Ғани Бейсембаев құттықтау сөз сөйледі.
«Олимпиада 20 жылдан бері ғылыми қызығушылықтарды дамытып, іргелі білімнің брендіне айналған Республикалық физика-математика мектебінің базасында өткізіліп келеді. Бұл білім ошағында көрнекті ғалым-математик, академик Орымбек Ахметбекұлы Жәутіковтың жетекшілігімен дарынды математиктердің тұтас буыны өсті. Сондықтан олимпиадаға осы ұлы ғалым мен ұстаздың есімі берілді. Бүгінде ол әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген талантты мектеп оқушыларын жинады. Олимпиада білім бәсекесіне айналып қана қоймай, қазақ мәдениеті мен дәстүрі әлеміне есік ашты. Қазақ халқының қонақжайлылығы мен ізгі ниеті олимпиаданың барлық қатысушылары мен қонақтары үшін ұмытылмастай есте қалды», – өз сөзінде ҚР Оқу-ағарту Министрі Ғани Бейсембаев атап өтті.
«Жаңа эмоциялар, жаңа әсерлер, қызықты сәттер, күрделі есептер мен Қазақстан жеріндегі жаңа достарға толы апталық осымен аяқталды. Алматы қаласының неше дүркін бойы осы олимпиаданы қабылдағанына қуаныштымын және де ол сіздердің өмірлеріңізде лайықты орын алатынына сенімдімін. Мұнда сіздер өздеріңізді сыннан өткізіп, ал көпшілігіңіз бірінші рет жеңіске жеттіңіздер», – деді РФММ КеАҚ директорлар кеңесінің төрағасы Берік Қаниев өз сөзінде.
Халықаралық қазылар алқасына 7 елдің мамандары қатысты: Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Оңтүстік Корея, Қытай, АҚШ. Олимпиаданың халықаралық қазылар алқасының төрағасы – Қазақстан Республикасы Президентінің ҚР Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті, академик Асқар Жұмаділдаев.
Олимпиадаға Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Болгария, Тәжікстан, Моңғолия, Грузия, Сербия, Түркия, Түрікменстан, Румыния және Индонезия сынды 16 елден 700-ге жуық оқушы қатысты.
Барлығы үш пән бойынша 344 қатысушы жүлдегер атанды. Бас жүлдеге Санкт-Петербург қаласынындағы № 239 Президенттік физико-математикалық лицей командасы ие болды. Бірінші орынды Мәскеу қаласындағы Овчинников В.Ф. атындағы «Екінші мектеп» лицейі иеленді, екінші орынды Тбилиси қаласындағы Комаров Л.В. атындағы № 199 спецмектеп және Долгопрудный қаласындағы Капицы П.Л. атындағы «Физтех-лицей» бөлісті, үшінші орынды Минск қаласындағы БМУ лицейі, София қаласындағы Sofia High School of Mathematics, Долгопрудный қаласындағы Капицы П.Л. атындағы «Физтех-лицей» және Алматы қаласындағы РФММ бөлісті.
Қазақстандық оқушылар 109 медаль (10 алтын, 43 күміс, 56 қола) жеңіп алды.
Гран-при жеңіп алған команданың барлық мүшелеріне кубок және Lenovo ноутбуктары табысталды. Барлық жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Әр пән бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар Нұрлан Қаппаров атындағы қордан арнайы сыйлықтар алды: математикадан Нұрлан Қаппаров атындағы сыйлықты Давид Клдиасшвили (Грузия), физикадан Әділет Имамбеков атындағы сыйлықты Даниил Гаврилов (Россия) және информатикадан Илья Сегалович атындағы сыйлықты Борис Михов (Болгария) алды.
Қыздар арасындағы ең жоғары нәтижелер де марапаттарға ие болды. Олар: математика пәні бойынша Беларусьтан Марина Ильина, физика пәні бойынша Румыниядан Куреа Александра-Мария, информатика пәні бойынша Ресейден Алена Иванова.
Қазақстандық оқушылар арасында үздік нәтиже көрсеткені үшін математикадан Амирлан Аманжолов (Алматы қ. РФММ), физикадан Артур Ким (Ақтөбе қ. БИЛ) және информатикадан Мансур Мамадахунов (Қызылорда қ. БИЛ) арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Ауыл оқушылары арасында математика пәнінен үздік нәтиже көрсеткені үшін Аділхан Ержанов (Бородулиха ауылы), физика пәнінен Ерсултан Есенгали (Алмалыбак ауылы) марапатталып сыйлықтар табысталды.
Өзбекстаннан келген ең жас қатысушы Азизбек Мамаджанов математикадан алтын иеленді.
Халықаралық Жәутіков олимпиадасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігі және “Дарын” РҒПО қолдауымен өткізілді. Республикалық физика-математика мектебі осы іс-шараның сәтті өтуіне үлкен үлес қосқан сенімді серіктестері мен демеушілеріне, соның ішінде олимпиаданың бас демеушілері Lancaster group, Freedom Holding Corp., “Freedom Шапағат” корпоративтік қоры, корпоративтік демеушілер Almaty Theatre, ресми демеушілер Fizmat Endowment Fund, ADD Invest Properties, TAS Group, «Аssyltas» қоғамдық қоры және олимпиада серіктестері Kapparov Foundation және Lenovo AvtoPark, SKILL MATRIX, UMAG и Zapis.kz. компанияларына үлкен алғысын білдіреді.
Олимпиаданың ресми нәтижелері олимпиада сайтында қолжетімді: https://izho.kz.
Вам также может быть интересно:
ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ
«Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ-ның Алматы және Астана қалаларында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. РФММ-гі «Ашық есік күніне» екі қала бойынша 1000-ға жуық оқушы мен…
VII Халықаралық FEMO International Математика Олимпиадасы
Құрметті 1-5 сынып оқушылары! ✅Сіздерді VII Халықаралық FEMO International Математика Олимпиадасының Қысқы турына қатысуға шақырамыз. ❄️ Олимпиада 2024 жылғы 8 желтоқсанда өтеді. Олимпиада…
Ашық есік күні – 2024
2024 жылдың 16 қарашасы РФММ-нің Алматы қаласындағы филиалында «Ашық есік күні» өтеді. Іс-шараға 5-6 сынып оқушылары мен олардың ата-аналарын шақырамыз. Қонақтарға келесідей бағдарлама ұсынылады: Мектеп өміріне…
Әдеби марафонның басталғанын қуана хабарлаймыз!
Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Әдеби марафонның басталғанын қуана хабарлаймыз! ✨ Сіздерді көркем әдебиет әлеміне қызықты саяхат күтуде. Кітаптар тізімі сынып жетекшілеріңізге жіберілді. 2025…
“Үздік сынып жетекші—2025” байқауына өтініштерді қабылдау басталды!
Алматы қ. РФММ-де жыл сайынғы “Үздік сынып жетекші—2025” байқауына өтініштерді қабылдау басталды! Бұл байқау сынып жетекшілерінің кәсіби дамуын қолдап, олардың қызметінің мәртебесін арттыруды,…
Волейболдан ата-аналар арасындағы дәстүрлі Чемпиондар Лигасы өтті
Білім беру және тәрбие процесінің жемісті болуы мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар арасындағы тығыз қарым-қатынасқа тікелей байланысты. Мұндай рухани байланысты берік ұстап тұру —…
Almaty Junior Olympiad in Informatics 2024
Almaty Junior Olympiad in Informatics 2024 – Қазақстанның әр өңірінен келген 7-9 сынып оқушылары үшін ICPC форматында өткізілетін спорттық бағдарламалау бойынша бірегей олимпиада!…
Президент тапсырмасына сәйкес Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлерін қабылдады.
Президент тапсырмасына сәйкес Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлерін қабылдады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жақында өткен депутаттардың республикалық форумында: «Балалар…
Бүгін біз сүйікті Республикалық физика-математика мектебіміздің 52 жылдық туған күнін атап өттік!
Бүгін біз сүйікті Республикалық физика-математика мектебіміздің 52 жылдық туған күнін атап өттік! Бұл күннің ерекшелігі — дәстүрлі торттар байқауы мен “Күзгі науқан” қайырымдылық…
Жүлдегер оқушысы көп ұстаз
«Педагог-шебер» Санат Мұсатай елімізде нақты пәндерді оқытуда көш басында тұрған, жарты ғасырдан астам тарихы бар О.Жәутіков атындағы республикалық физика-математика мектебінде физика пәнінен сабақ…