Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі
31
Oct
23

Астротурнирден алтын жүлде



2023 жылдың 26-31 қазан айы аралығында Бөбек Ұлттық ғылыми-практикалық және сауықтандыру орталығында мектеп оқушыларының арасында М. Әбділдин атындағы «Адам, Жер, Ғалам»  Қазақстандық астротурнирі өтті. Турнирге еліміздің 11 облысынан 17 топ қатысты.

Астротурнир мақсаты жас астрономдардың аспан әлемін зерттеуге қызығушылықтарын арттырумен қатар, ғылымды насихаттауға, астрофизика астрономия бойынша білімдерін шыңдауға бағытталған. Астротурнирда мектеп оқушылары астрономия бағытындағы жеке топтық күрделі зерттеулер мен ғылыми жобалары бойынша өз шешімдерін дәлелді ұсынып, оларды астрожарыстарда ғылыми пікірталас ретінде  қорғайды.

Осы беделді байқауда РФММ оқушылары ең көп ұпай жинап, алтын жүлдеге ие болды. Жеңімпаз команда оқушылары: топ капитаны Кылышбек Уалихан (11А сыныбы), Суннатов Заңғар (9G сыныбы), Күнғожина Ғазиза (10А сыныбы), Сабыржан Жанайым (10А сыныбы), Әлішер Диас (8D сыныбы).

РФММ ұжымы балаларды, физика пәнінің мұғалімі мен топ жетекшісі Кисыков Елдосты лайықты жеңісімен құттықтайды, сонымен қатар оларға ғылыми кеңес берген ф.-м.ғ.к Туреханова Кундыз Моминкызына алғыс білдереді. Мұндай беделді жарыста жеңіске жету тек команданың ғана емес, бүкіл РФММ жетістігі. Сіз басқа оқушыларды астрономия мен ғылымға қызығушылыққа шабыттандырып ынталандырасыз. 

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    10
    May
    25

    Қалалық Жәутіков олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті

    2025 жылдың мамыр айында қалалық Жәутіков олимпиадасының қорытынды кезеңі сәтті өткізілді. Олимпиаданың қорытынды кезеңіне жалпы саны 278 оқушы қатысты. Зияткерлік сайыстың нәтижесінде жоғары…

      08
      May
      25

      Ақпараттық хат ҚЖО 2025

      2025 жылдың 9-10 мамыр арасында Алматы және Астана қалаларында КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебінде» оқушылар арасында математика (6-8 сынып), физика (7-8 сынып), информатика (6-8…

        06
        May
        25

        Оқушыларымыз республикалық тілдер олимпиадасынан олжалы оралды

        Көкшетау қаласында өткен ағылшын, неміс және француз тілдерінен Республикалық олимпиадада мектебіміздің 8 оқушысы қатысып, барлығы медаль мен мақтау қағазына ие болып, жетістікпен оралды!…

          06
          May
          25

          Абай мұрасы — мәңгілік.

          Ұлы ойшылдың даналығына жүрекпен үңіліп, мұрасының терең мәнін зерделей білген шәкірттеріміз республикалық деңгейде мектебіміздің мерейін асқақтатты! VII Республикалық «Абайтану» олимпиадасында жеңімпаз атанған оқушыларымыз:…

            06
            May
            25

            Тәжікстанда топ жарған таланттар

            Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен Western Asia Youth Chess Championship 2025 чемпионатында Швейцариялық жүйе бойынша өткен 7 турдың қорытындысы бойынша, рапид шахматынан Батыс Азия…

              06
              May
              25

              Мектеп президенті: 2025 жылғы сайлау

              Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде Мектеп президенті сайлауы сәтті өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Өмірзақ Саният көпшілік басым дауыспен жеңімпаз деп танылды.✨ *…

                06
                May
                25

                Fizmat Chess Open – 2025 қорытындысы

                Республикалық физика-математика мектебі мен серіктестері – Қазақстан шахмат федерациясы, Фридом Банк ұйымдастырған Fizmat Chess Open 2025 халықаралық шахмат турнирі биыл төртінші рет өткізілді….

                  02
                  May
                  25

                  1–10 сынып оқушыларын Халықаралық IFSS Junior Turkey 2025 жазғы мектебіне шақырамыз!

                  Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) мен Fizmat Academy орталығы бірлесе отырып, Түркия елінде оқушыларға арнап қызықты демалыс ұйымдастырады Балаңызға оқу, теңіз, жаңа достар және…

                    02
                    May
                    25

                    Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания)

                    Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания) 20 шілде – 3 тамыз 2025 жыл. Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) Fizmat Academy орталығымен бірлесе отырып, 8–10…

                      01
                      May
                      25

                      Эдгар Мамедов — Қазақстан тарихында ең жас гроссмейстер халықаралық атағын иеленген шахматшы!

                      Испанияда өткен беделді IX Open Internacional Semana Santa San Vicente del Raspeig Costa Blanca 2025 A турнирінде Эдгар 9 мүмкіндіктен 7 ұпай жинап,…