Алматы РФММ «Robotix_fm» командасы «Almaty Balafest» фестивалінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа өз жобасын таныстырды

1 маусым күні ботаникалық бақта Президент жариялаған «Балалар жылы» аясында «Алматы БалаFEST» мерекелік балалар фестивалі ұйымдастырылды.
Ботаникалық баққа бір ай бойы байқауға қатысқан әртүрлі жастағы балалар жиналды. Қала мектептерінің, гимназиялардың, интернаттардың 5 пен 17 жас аралығындағы 300 мыңнан астам оқушысы қабілетін, шеберлігін және дарынын көрсете отырып, спорт, шығармашылық және интеллектуалдық сайыстарға қатысқан.
Фестиваль аясында ботаникалық бақ аумағы бірнеше негізгі аймақтарға бөлінді:
– «ART SPACE» аймағы
– «Кітаптар қазынасы» кітап көрмесі
– «ECO LAB» экологиялық аймағы
– «Шахмат әлемі» аймағы
– «ROBO LAND» аймағы
– «Жас өрендер» концерт алаңы
Алматы РФММ оқушыларынан құралған «Robotix_fm» командасы ҚР Президенті Қ.Тоқаевқа және Алматы қаласының әкімі Е.Досаевқа өз жобаларын таныстырды.
Естеріңізге сала кетсек, «Robotix_fm» командасы ақпан айында өткен First Lego League турнирінде бірінші орынға ие болған. Команда құрамында өнер көрсеткен 9G және 7Е оқушылары Мирамбек Береке, Жомарт Шапағат, Шакуров Тимур.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Қалалық Жәутіков олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті
2025 жылдың мамыр айында қалалық Жәутіков олимпиадасының қорытынды кезеңі сәтті өткізілді. Олимпиаданың қорытынды кезеңіне жалпы саны 278 оқушы қатысты. Зияткерлік сайыстың нәтижесінде жоғары…
Ақпараттық хат ҚЖО 2025
2025 жылдың 9-10 мамыр арасында Алматы және Астана қалаларында КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебінде» оқушылар арасында математика (6-8 сынып), физика (7-8 сынып), информатика (6-8…
Оқушыларымыз республикалық тілдер олимпиадасынан олжалы оралды
Көкшетау қаласында өткен ағылшын, неміс және француз тілдерінен Республикалық олимпиадада мектебіміздің 8 оқушысы қатысып, барлығы медаль мен мақтау қағазына ие болып, жетістікпен оралды!…
Абай мұрасы — мәңгілік.
Ұлы ойшылдың даналығына жүрекпен үңіліп, мұрасының терең мәнін зерделей білген шәкірттеріміз республикалық деңгейде мектебіміздің мерейін асқақтатты! VII Республикалық «Абайтану» олимпиадасында жеңімпаз атанған оқушыларымыз:…
Тәжікстанда топ жарған таланттар
Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен Western Asia Youth Chess Championship 2025 чемпионатында Швейцариялық жүйе бойынша өткен 7 турдың қорытындысы бойынша, рапид шахматынан Батыс Азия…
Мектеп президенті: 2025 жылғы сайлау
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде Мектеп президенті сайлауы сәтті өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Өмірзақ Саният көпшілік басым дауыспен жеңімпаз деп танылды.✨ *…
Fizmat Chess Open – 2025 қорытындысы
Республикалық физика-математика мектебі мен серіктестері – Қазақстан шахмат федерациясы, Фридом Банк ұйымдастырған Fizmat Chess Open 2025 халықаралық шахмат турнирі биыл төртінші рет өткізілді….
1–10 сынып оқушыларын Халықаралық IFSS Junior Turkey 2025 жазғы мектебіне шақырамыз!
Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) мен Fizmat Academy орталығы бірлесе отырып, Түркия елінде оқушыларға арнап қызықты демалыс ұйымдастырады Балаңызға оқу, теңіз, жаңа достар және…
Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания)
Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания) 20 шілде – 3 тамыз 2025 жыл. Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) Fizmat Academy орталығымен бірлесе отырып, 8–10…
Эдгар Мамедов — Қазақстан тарихында ең жас гроссмейстер халықаралық атағын иеленген шахматшы!
Испанияда өткен беделді IX Open Internacional Semana Santa San Vicente del Raspeig Costa Blanca 2025 A турнирінде Эдгар 9 мүмкіндіктен 7 ұпай жинап,…