«Физтех» Олимпиадасы

Россотрудничество және Мәскеу физика-техникалық институты
Сіздерді физика мен математикадан «Физтех» 2020 Олимпиадаға
https://olymp-online.mipt.ru/ сайтында
қатысуға шақырады !
МФТИ туралы не білу керек?
Мәскеу физика-техникалық институты – іргелі және қолданбалы физика, математика, информатика, химия, биология, компьютерлік технологиялар сонымен қатар басқа да жаратылыстану және нақты ғылымдар бойынша оқытатын алдыңғы қатарлы ғылыми орталық. 90 озық зертханаларда қартаю және жас аурулары, қолданбалы және іргелі физика, нанооптика, фотоника және т.б. мәселелерін зерттейтін әлемдік аты бар ғалымдар жұмыс істейді.
МФТИ түлектерінің арасында — Нобель лауреаттары Андрей Гейм және Константин Новоселов, ABBYYY компаниясының негізін қалаушы Давид Ян, Veam Software негізін қалаушы және президенті Ратмир Тимашев, Revolut компаниясының негізін қалаушы Николай Сторонский, РФ Президенті сыйлығының және Берлиндегі Falling Walls Халықаралық жас инноваторлар конкурсының лауреаты Максим Никитин, ғарышкерлер Александр Калери, Юрий Батурин және Александр Серебров.
«Физтех» олимпиадасы дегеніміз не?
“Физтех” олимпиадасы – 30 жылдан астам 9-11 сынып оқушылары арасындағы өткізілетін олимпиада.
Жыл сайын Физтех олимпиадасының қорытынды кезеңінің шетел жеңімпаздары мен жүлдегерлері үшін Ресей Федерациясының Үкіметі мен Россотрудничество МФТИ-де және Ресей Федерациясының басқа да жетекші жоғары оқу орындарында тегін оқуға квота бөледі.
Олимпиадаға қалай қатысуға болады?
“Физтех” олимпиадасы математика мен физикадан бөлек екі кезеңде өтеді. Қорытынды кезеңге өту үшін әр пән бойынша іріктеу кезеңдерінің бірінде жеңімпаз немесе жүлдегер болу қажет. 9-11 сынып оқушылары 2019 ж. 15 қазан мен 2020 ж. 02 ақпан аралығында “Физтех” олимпиадасының іріктеу онлайн-кезеңіне қатыса алады. Іріктеу кезеңдері туралы толық ақпаратты мына сілтеме бойынша табуға болады olymp.mipt.ru/olympiad/stages.
Қорытынды (күндізгі) кезең Ресейдің көптеген қалаларында және жақын және алыс шетелдерде математикадан-22 ақпан, физикадан-23 ақпан күндері өтеді.
Қорытынды кезеңіне қатысу үшін міндетті түрде тіркеу процедурасынан олимпиаданың ресми сайтында olymp.mipt.ru 2020 жылдың 16 ақпаны сағат 23:59 (мәскеу уақыты бойынша) мерзіміне дейін өту қажет. Тіркеу қаңтар айының соңында-ақпан айының басында ашылады.
Тіркеу барысында өз деректерін көрсетіп, іріктеу кезеңдеріне қатысу нәтижесін растап, қатысу орнын таңдап және тіркеу нөмірі мен сауалнаманы алу қажет.
Назар аударыңыз! Тіркелу рәсімінен соңына дейін өтпеген оқушылар олимпиадаға қатысуға жіберілмейді.
Сәттілік тілейміз!
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Ақпараттық хат ҚЖО 2025
2025 жылдың 9-10 мамыр арасында Алматы және Астана қалаларында КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебінде» оқушылар арасында математика (6-8 сынып), физика (7-8 сынып), информатика (6-8…
Оқушыларымыз республикалық тілдер олимпиадасынан олжалы оралды
Көкшетау қаласында өткен ағылшын, неміс және француз тілдерінен Республикалық олимпиадада мектебіміздің 8 оқушысы қатысып, барлығы медаль мен мақтау қағазына ие болып, жетістікпен оралды!…
Абай мұрасы — мәңгілік.
Ұлы ойшылдың даналығына жүрекпен үңіліп, мұрасының терең мәнін зерделей білген шәкірттеріміз республикалық деңгейде мектебіміздің мерейін асқақтатты! VII Республикалық «Абайтану» олимпиадасында жеңімпаз атанған оқушыларымыз:…
Тәжікстанда топ жарған таланттар
Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен Western Asia Youth Chess Championship 2025 чемпионатында Швейцариялық жүйе бойынша өткен 7 турдың қорытындысы бойынша, рапид шахматынан Батыс Азия…
Мектеп президенті: 2025 жылғы сайлау
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде Мектеп президенті сайлауы сәтті өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Өмірзақ Саният көпшілік басым дауыспен жеңімпаз деп танылды.✨ *…
Fizmat Chess Open – 2025 қорытындысы
Республикалық физика-математика мектебі мен серіктестері – Қазақстан шахмат федерациясы, Фридом Банк ұйымдастырған Fizmat Chess Open 2025 халықаралық шахмат турнирі биыл төртінші рет өткізілді….
1–10 сынып оқушыларын Халықаралық IFSS Junior Turkey 2025 жазғы мектебіне шақырамыз!
Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) мен Fizmat Academy орталығы бірлесе отырып, Түркия елінде оқушыларға арнап қызықты демалыс ұйымдастырады Балаңызға оқу, теңіз, жаңа достар және…
Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания)
Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания) 20 шілде – 3 тамыз 2025 жыл. Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) Fizmat Academy орталығымен бірлесе отырып, 8–10…
Эдгар Мамедов — Қазақстан тарихында ең жас гроссмейстер халықаралық атағын иеленген шахматшы!
Испанияда өткен беделді IX Open Internacional Semana Santa San Vicente del Raspeig Costa Blanca 2025 A турнирінде Эдгар 9 мүмкіндіктен 7 ұпай жинап,…
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Алматы қаласындағы РФММ-де ұлттар достығын дәріптеген ерекше фестиваль өтті.
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына – 30 жыл. Біз бәріміз – түрлі тілде сөйлейтінімізге қарамастан, бір шаңырақ астында, ортақ тарих пен құндылықтарды бөліскен…