Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі
25
Jan
19

Fizmat Elemetary Math Olympiad Almaty



Алматы қ. математика пәнінен 1-4 сынып оқушыларына арналған «Fizmat Elementary Math Olympiad (FEMO)» олимпиадасына қатысу ережесі

 Құрметті Олимпиада сүйер қауым! Алматы қаласында алғаш рет бастауыш сыныптардың оқушыларына арналған математика пәні бойынша дәстүрге айналып кеткен «FEMO» олимпиадасы өткізіледі.

Олимпиаданы ұйымдастырушы:  «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ.

Олимпиаданың басты мақсаты: математика пәніне деген қызығушылықты арттыру; балалардың  өз бетімен білім алу ниеті мен икемділігін  дамыту және оны тәжірибе жүзінде қолдана білу; деңгейі күрделі стандартты емес сипаттағы  тапсырмаларды дұрыс қабылдау; таныс емес жағдайда жұмыс жасауда  психологиялық жүктемені жеңу.

Тіркелу  www.olympiads.fizmat.kz сілтемесі арқылы 2019 жылдың 24 қаңтарынан бастап 31 қаңтарына сағат 10.00 (жергілікті уақыт) дейін жүргізіледі.

Олимпиада өтетін күн: 2019 жылдың 3 ақпаны.

Басталу уақыты: сағат 9.00 (1-2 сыныптар); сағат 11.00 (3-4 сыныптар).

Ұзақтығы: 60 мин.

Есеп саны: 10.

Олимпиада тілдері: қазақ немесе орыс (таңдау бойынша).

Өтетін орны: Алматы қ., Бұхар жырау бульвары 36, Байзақов көшесінің қиылысы  (РФММ ғимараты)

Қатысу бағасы: тегін

Қандай да бір себептермен олимпиадаға тіркелмеген оқушылар оған ҚАТЫСА АЛМАЙДЫ. 

Олимпиаданың ұйымдастырушылық комитеті тіркеуді аяқтау мерзімін өзгерту құқығын өзіне қалдырады. 

Нәтижелер дербес есепке алынады және 14 ақпанда тіркеу кезінде көрсетілген жеке электрондық пошта мекенжайына жіберіледі. 

Қатысушылар өзімен бірге келесі керек-жарақтарды алып келу керек: кеңсе жабдықтарын, 12 беттік тор көз дәптер, қажет болса шағын тамақ. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер олимпиаданың тапсырмаларын орындау кезінде жинаған ұпай сомасы бойынша анықталады. 2019 жылдың 16 ақпанында олимпиадаға табысты қатысқандығы үшін дипломдар мен грамоталар мұғалімдерге беріледі. Толығырақ ақпарат алу үшін femo@fizmat.kz электронды мекенжайына жазыңыз.

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    08
    May
    25

    Ақпараттық хат ҚЖО 2025

    2025 жылдың 9-10 мамыр арасында Алматы және Астана қалаларында КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебінде» оқушылар арасында математика (6-8 сынып), физика (7-8 сынып), информатика (6-8…

      06
      May
      25

      Оқушыларымыз республикалық тілдер олимпиадасынан олжалы оралды

      Көкшетау қаласында өткен ағылшын, неміс және француз тілдерінен Республикалық олимпиадада мектебіміздің 8 оқушысы қатысып, барлығы медаль мен мақтау қағазына ие болып, жетістікпен оралды!…

        06
        May
        25

        Абай мұрасы — мәңгілік.

        Ұлы ойшылдың даналығына жүрекпен үңіліп, мұрасының терең мәнін зерделей білген шәкірттеріміз республикалық деңгейде мектебіміздің мерейін асқақтатты! VII Республикалық «Абайтану» олимпиадасында жеңімпаз атанған оқушыларымыз:…

          06
          May
          25

          Тәжікстанда топ жарған таланттар

          Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен Western Asia Youth Chess Championship 2025 чемпионатында Швейцариялық жүйе бойынша өткен 7 турдың қорытындысы бойынша, рапид шахматынан Батыс Азия…

            06
            May
            25

            Мектеп президенті: 2025 жылғы сайлау

            Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде Мектеп президенті сайлауы сәтті өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Өмірзақ Саният көпшілік басым дауыспен жеңімпаз деп танылды.✨ *…

              06
              May
              25

              Fizmat Chess Open – 2025 қорытындысы

              Республикалық физика-математика мектебі мен серіктестері – Қазақстан шахмат федерациясы, Фридом Банк ұйымдастырған Fizmat Chess Open 2025 халықаралық шахмат турнирі биыл төртінші рет өткізілді….

                02
                May
                25

                1–10 сынып оқушыларын Халықаралық IFSS Junior Turkey 2025 жазғы мектебіне шақырамыз!

                Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) мен Fizmat Academy орталығы бірлесе отырып, Түркия елінде оқушыларға арнап қызықты демалыс ұйымдастырады Балаңызға оқу, теңіз, жаңа достар және…

                  02
                  May
                  25

                  Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания)

                  Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания) 20 шілде – 3 тамыз 2025 жыл. Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) Fizmat Academy орталығымен бірлесе отырып, 8–10…

                    01
                    May
                    25

                    Эдгар Мамедов — Қазақстан тарихында ең жас гроссмейстер халықаралық атағын иеленген шахматшы!

                    Испанияда өткен беделді IX Open Internacional Semana Santa San Vicente del Raspeig Costa Blanca 2025 A турнирінде Эдгар 9 мүмкіндіктен 7 ұпай жинап,…

                      01
                      May
                      25

                      1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Алматы қаласындағы РФММ-де ұлттар достығын дәріптеген ерекше фестиваль өтті.

                      Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына – 30 жыл. Біз бәріміз – түрлі тілде сөйлейтінімізге қарамастан, бір шаңырақ астында, ортақ тарих пен құндылықтарды бөліскен…