Математика, физика және информатика пәндерінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларының халықаралық ашық шығармашылық байқауын өткізу туралы ақпарат

«Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «РФММ» КеАҚ) «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірге математика, физика және информатика пәндерінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларының халықаралық ашық шығармашылық байқауын өткізеді. Байқау дарынды, шығармашылық қызмет ететін мұғалімдерді және кәсіби біліктіліктерді оңтайлы меңгергендігін көрсететін олимпиада жаттықтырушыларын анықтауға, оларға қолдау көрсетуге, ынталандыруға бағытталған.
Байқау әрбір пән бойынша келесі екі лигада өтеді:
1) меншік нысанына қарамастан орта білім беру ұйымдарының барлық түрлерінің мұғалімдері;
2) мектептердің және білім беру орталықтарының олимпиада жаттықтырушылары.
Апталық жүктемесі 18 сағаттан аз болатын, республикалық оқушылар олимпиадасының жүлдегерлерінің жетекшілері болып табылатын мұғалімдер бірінші лигаға қатыса алмайды.
Байқау Математика, физика мен информатика пәндері бойынша XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасы (2019 ж. 9-15 қаңтар) уақытында «РФММ» КеАҚ негізінде келесі кестеге сәйкес өтеді:
Математика, физика мен информатика пәндері бойынша XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасы | Күні | Математика, физика және информатика пәндерінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларының халықаралық ашық шығармашылық байқауы |
Келу | 9.01 | |
Олимпиаданың ашылуы | 10.01 | Келу Тіркеу (09.00 – 15.00) |
I тур | 11.01 | Тур (9.00 – 13.00) |
II тур | 12.01 | Үйлестіру (12.00 – 15.00) Сертификаттарды табыстау, семинарлар, жеңімпаздарды марапаттау (18.00-19.00) |
Үйлестіру | 13.01 | Кету |
Жабылуы | 14.01 | |
Кету | 15.01 |
Байқауға облыстық білім мекемелері, сондай-ақ Алматы қ., Астана қ., Шымкент қ., НЗМ ДББҰ мен «РФММ» КеАҚ білім беру ұйымдары ұсынған мұғалімдер мен жаттықтырушылар қатысады, республиканың әрбір өңірі үшін квота – әр пәннен әр лига бойынша 1 адам (Алматы қ. үшін квота – 5 адам, қосымша білім беру орталықтары үшін – ұйымдастырушылық комитетпен келісім бойынша).
Жүлделі орындарды алған жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Қатысушылардың іс-сапар шығыстары, 15 000 теңге мөлшеріндегі ұйымдастырушылық жарна жіберуші тараптың есебінен төленеді (мемлекеттік меншік нысанындағы білім беру ұйымдарынан келген тек 1 лиганың қатысушылары ғана ұйымдастырушылық жарнаны төлеуден босатылады).
Қаржылық шығыстарды қысқарту мақсатында Байқауға қатысушыларды Математика, физика мен информатика пәндері бойынша XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасына қатысатын командалардың жетекшілері етіп тағайындау ұсынылады.
Байқауға қатысу ерікті болып табылады, әрбір қатысушыға жеке код беріледі, сол код бойынша қатысушы өзінің нәтижелерін біле алады. Байқаудың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне өңірлердің рейтингі ұсынылады.
Облыстық білім басқармалары, Алматы қ., Астана қ., Шымкент қ., НЗМ ДББҰ білім басқармалары жетекшілерінің қолы мен мөрі қойылған өтінімдерді (нысан бойынша) ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін келесі электронды мекен-жайға жолдауыңызды сұраймыз e-mail: gulnur.aubakirova@fizmat.kz, тел.: +7(705)118-02-91
«Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
БСН 941240001210
050040, Алматы қ., Бұхар Жырау к-сі 36
тел. 8/727/395-01-84, 395-01-78
ЖСК KZ 146017131000052888
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
БСК HSBKKZKX, Кбе 18
Математика, физика және информатика пәндерінің мұғалімдерінің және жаттықтырушыларының халықаралық ашық шығармашылық байқауына қатысуға өтінім
Қатысушының Т.А.Ә (Жеке куәлігі, төлқұжаты бойынша).
| Мемлекет, аймақ
| Жұмыс орны, лауазымы (пәнді көрсетумен)
| 2018-2019 оқу жылындағы апталық жүктемесі | Педагогикалық өтілі | Қатысушының байланыс телефондары, е–mail | Қатысушының лигасы |
«Астана» халықаралық қонақ үйі
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050022, Байтұрсынов к-сі 113
Тел.: +7 (727) 250 70 50
Факс: +7 (727) 250 10 60
E-mail: info@astanainterhotel.kz
Қатысушылар үшін Astana International Hotel халықаралық қонақ үйі
Баға тізбесі бойынша:
1-орынды (стандарт) 22 000
2-орынды (стандарт) 26 000
3-орынды (люкс) 34 000
Жеңілдікпен
1-орынды (стандарт) 10 000
2-орынды (стандарт) 14 000
3-орынды (люкс) 21 000
Таңғы ас, сауна, бассейн және жаттығу залы кіреді
Garden Park Inn
Мекен-жайы: Байтұрсынов к-сі 137/139
Телефон: + 7 727 220 2002
Моб. Тел.; + 7 707 22222 17
E-mail: info@gardenparkinn.kz
Прикрепленные файлы
Положения твор. конкурса учителей и тренеров (доп)Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Ақпараттық хат ҚЖО 2025
2025 жылдың 9-10 мамыр арасында Алматы және Астана қалаларында КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебінде» оқушылар арасында математика (6-8 сынып), физика (7-8 сынып), информатика (6-8…
Оқушыларымыз республикалық тілдер олимпиадасынан олжалы оралды
Көкшетау қаласында өткен ағылшын, неміс және француз тілдерінен Республикалық олимпиадада мектебіміздің 8 оқушысы қатысып, барлығы медаль мен мақтау қағазына ие болып, жетістікпен оралды!…
Абай мұрасы — мәңгілік.
Ұлы ойшылдың даналығына жүрекпен үңіліп, мұрасының терең мәнін зерделей білген шәкірттеріміз республикалық деңгейде мектебіміздің мерейін асқақтатты! VII Республикалық «Абайтану» олимпиадасында жеңімпаз атанған оқушыларымыз:…
Тәжікстанда топ жарған таланттар
Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен Western Asia Youth Chess Championship 2025 чемпионатында Швейцариялық жүйе бойынша өткен 7 турдың қорытындысы бойынша, рапид шахматынан Батыс Азия…
Мектеп президенті: 2025 жылғы сайлау
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде Мектеп президенті сайлауы сәтті өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Өмірзақ Саният көпшілік басым дауыспен жеңімпаз деп танылды.✨ *…
Fizmat Chess Open – 2025 қорытындысы
Республикалық физика-математика мектебі мен серіктестері – Қазақстан шахмат федерациясы, Фридом Банк ұйымдастырған Fizmat Chess Open 2025 халықаралық шахмат турнирі биыл төртінші рет өткізілді….
1–10 сынып оқушыларын Халықаралық IFSS Junior Turkey 2025 жазғы мектебіне шақырамыз!
Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) мен Fizmat Academy орталығы бірлесе отырып, Түркия елінде оқушыларға арнап қызықты демалыс ұйымдастырады Балаңызға оқу, теңіз, жаңа достар және…
Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания)
Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания) 20 шілде – 3 тамыз 2025 жыл. Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) Fizmat Academy орталығымен бірлесе отырып, 8–10…
Эдгар Мамедов — Қазақстан тарихында ең жас гроссмейстер халықаралық атағын иеленген шахматшы!
Испанияда өткен беделді IX Open Internacional Semana Santa San Vicente del Raspeig Costa Blanca 2025 A турнирінде Эдгар 9 мүмкіндіктен 7 ұпай жинап,…
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Алматы қаласындағы РФММ-де ұлттар достығын дәріптеген ерекше фестиваль өтті.
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына – 30 жыл. Біз бәріміз – түрлі тілде сөйлейтінімізге қарамастан, бір шаңырақ астында, ортақ тарих пен құндылықтарды бөліскен…