Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі
10
Sep
18

Ғылыми жобалардың байқауы (10 қыркүйектегі жаңартылған ақпарат)



Құрметті РФММ оқушылары және олардың ата-аналары! Сіздерде «Дарын» республикалық орталығы www.daryn.kz  өткізетін ғылыми жобалардың байқауына дайындалуға мүмкіндігіңіз бар.

Табысты дайындалған жоба республикалық және «Intel International Science and Engineering Fair», «Ғылым әлемін ашамыз» және т.б. сондай сияқты халықаралық деңгейдегі байқауларда ұсынылу мүмкіндігін иеленеді.

Көптеген шетелдік жоғары оқу орындары студенттерді қабылдау кезінде талапкерлердің осындай байқауларға қатысқандығын назарға алады.

Ережелерге сәйкес дәстүрлі Ғылыми жобалардың республикалық байқауы келесі секцияларға сәйкес келетін 4 бағыт бойынша өткізіледі:

1 бағыт – «Ғылыми техникалық үрдіс – экономикалық өсудің басты буыны ретінде» – «Физика», «Техника», «Жер және Ғарыш туралы ғылымдар» секциялары;

2 бағыт – «Экономикалық және әлеуметтік үрдістерді математикалық моделдеу» – «Математика», «Қолданбалы математика», «Экономика», «Информатика» секциялары;

3 бағыт – «Дені сау табиғи орта – «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырудың негізі» – «Химия», «Биология», «Қоршаған ортаны қорғау» секциялары;

4 бағыт – «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашағы зор туристтік бағдар жолдар» – «Тарих», «Құқықтану», «Өлкетану», «Әдебиет», «Этникалық мәдениеттану», «Тіл білімі» секциялары.

Бір жобаны бір немесе екі оқушы ғана ұсына алады.

Байқауға қатысу үшін өтінімді ұсыну қажет, онда келесі ақпарат көрсетіледі:

  • Оқушының құжат бойынша аты-жөні (орыс және ағылшын тілдерінде), ЖСН, телефоны (үй, ұялы), электронды мекен-жайы, сыныбы, төлқұжаттың болуы (бар, жоқ);
  • Еңбектің секциясы мен атауы (орыс және ағылшын тілдерінде);
  • пән бойынша мұғалімнің Т.А.Ә.
  • ғылыми жетекшінің Т.А.Ә., оның жұмыс орны, ғылыми дәрежесі, телефоны.

Жобаның атауы, ғылыми жетекшісі уақыт өте келе өзгеруі мүмкін, алайда тіркелмеген жобалар ағымдағы оқу жылының Республикалық байқауына қатыса алмайды.

Тіркеу 11 қыркүйекті қоса алған мерзімге дейін ұзартылады.

Тіркеу 215 кабинетте жүргізіледі.

Шығармашылық табыстар тілейміз!

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    08
    May
    25

    Ақпараттық хат ҚЖО 2025

    2025 жылдың 9-10 мамыр арасында Алматы және Астана қалаларында КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебінде» оқушылар арасында математика (6-8 сынып), физика (7-8 сынып), информатика (6-8…

      06
      May
      25

      Оқушыларымыз республикалық тілдер олимпиадасынан олжалы оралды

      Көкшетау қаласында өткен ағылшын, неміс және француз тілдерінен Республикалық олимпиадада мектебіміздің 8 оқушысы қатысып, барлығы медаль мен мақтау қағазына ие болып, жетістікпен оралды!…

        06
        May
        25

        Абай мұрасы — мәңгілік.

        Ұлы ойшылдың даналығына жүрекпен үңіліп, мұрасының терең мәнін зерделей білген шәкірттеріміз республикалық деңгейде мектебіміздің мерейін асқақтатты! VII Республикалық «Абайтану» олимпиадасында жеңімпаз атанған оқушыларымыз:…

          06
          May
          25

          Тәжікстанда топ жарған таланттар

          Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен Western Asia Youth Chess Championship 2025 чемпионатында Швейцариялық жүйе бойынша өткен 7 турдың қорытындысы бойынша, рапид шахматынан Батыс Азия…

            06
            May
            25

            Мектеп президенті: 2025 жылғы сайлау

            Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде Мектеп президенті сайлауы сәтті өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Өмірзақ Саният көпшілік басым дауыспен жеңімпаз деп танылды.✨ *…

              06
              May
              25

              Fizmat Chess Open – 2025 қорытындысы

              Республикалық физика-математика мектебі мен серіктестері – Қазақстан шахмат федерациясы, Фридом Банк ұйымдастырған Fizmat Chess Open 2025 халықаралық шахмат турнирі биыл төртінші рет өткізілді….

                02
                May
                25

                1–10 сынып оқушыларын Халықаралық IFSS Junior Turkey 2025 жазғы мектебіне шақырамыз!

                Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) мен Fizmat Academy орталығы бірлесе отырып, Түркия елінде оқушыларға арнап қызықты демалыс ұйымдастырады Балаңызға оқу, теңіз, жаңа достар және…

                  02
                  May
                  25

                  Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания)

                  Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания) 20 шілде – 3 тамыз 2025 жыл. Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) Fizmat Academy орталығымен бірлесе отырып, 8–10…

                    01
                    May
                    25

                    Эдгар Мамедов — Қазақстан тарихында ең жас гроссмейстер халықаралық атағын иеленген шахматшы!

                    Испанияда өткен беделді IX Open Internacional Semana Santa San Vicente del Raspeig Costa Blanca 2025 A турнирінде Эдгар 9 мүмкіндіктен 7 ұпай жинап,…

                      01
                      May
                      25

                      1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Алматы қаласындағы РФММ-де ұлттар достығын дәріптеген ерекше фестиваль өтті.

                      Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына – 30 жыл. Біз бәріміз – түрлі тілде сөйлейтінімізге қарамастан, бір шаңырақ астында, ортақ тарих пен құндылықтарды бөліскен…