Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі
27
Feb
23

Central Asia First Championship



24-26 ақпан аралығында Астана қ. әл-Фараби атындығы оқушылар сарайында Central Asia First Championship – робототехника бойынша Халықаралық турнир өтті, оған Алматы РФММ-нің 4 командасы қатысты: Avianci, AENTA, Bolt.м3 және 5х1. 1200-ден астам қазақстандық оқушылар, сондай-ақ Орта Азиядан келген командалар 2023 жылғы 19 сәуірде Хьюстонда (АҚШ) өтетін Әлемдік финалдық кезеңге жолдама алу үшін күресті.

Жарыс қорытындысы бойынша біздің оқушылар келесі марапаттарға ие болды:

▪ ️ “5х1” командасы – BREAKTHROUGH номинациясы бойынша марапат;
▪ ️ “Avianci” командасы – BEST PIT AWARD номинациясы бойынша марапат;
▪ ️ “Bolt.m3” – INSPIRE AWARD FINALIST номинациясы бойынша марапат және Австралияның Сидней қаласына Asia Pacific Ocean Championship-ке жолдама;
▪ ️ “АЕNТА” командасы – турнирдің бас жүлдесі INSPIRE AWARD WINNER иегері және 2023 жылғы FIRST CHAMPIONSHIP Хьюстон қ. (АҚШ) болатын әлемдік финалдық кезеңіне жолдама;
▪️ “Bolt.m3” командасының мүшесі Ргымбай Нурай (10B) First Dean List’s Finalist номинациясы бойынша марапаттың иегері атанды және Хьюстондағы Әлемдік турнирге жолдама жеңіп алды.

Балаларымызды және олардың жаттықтырушысы Ордабаев Айдос Еркінұлын марапаттарымен құттықтаймыз, келесі кезеңдерде жақсы дайындық пен лайықты өнер көрсетулеріңізді тілейміз.

Командалардың демеушілеріне ерекше алғыс білдіреміз:
– Fizmat Endowment Fund
– GSC Study
– Caravan of Knowledge
– Chevron Kazakhstan
– Aspan Capital
– Kappar Family

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    10
    May
    25

    Қалалық Жәутіков олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті

    2025 жылдың мамыр айында қалалық Жәутіков олимпиадасының қорытынды кезеңі сәтті өткізілді. Олимпиаданың қорытынды кезеңіне жалпы саны 278 оқушы қатысты. Зияткерлік сайыстың нәтижесінде жоғары…

      08
      May
      25

      Ақпараттық хат ҚЖО 2025

      2025 жылдың 9-10 мамыр арасында Алматы және Астана қалаларында КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебінде» оқушылар арасында математика (6-8 сынып), физика (7-8 сынып), информатика (6-8…

        06
        May
        25

        Оқушыларымыз республикалық тілдер олимпиадасынан олжалы оралды

        Көкшетау қаласында өткен ағылшын, неміс және француз тілдерінен Республикалық олимпиадада мектебіміздің 8 оқушысы қатысып, барлығы медаль мен мақтау қағазына ие болып, жетістікпен оралды!…

          06
          May
          25

          Абай мұрасы — мәңгілік.

          Ұлы ойшылдың даналығына жүрекпен үңіліп, мұрасының терең мәнін зерделей білген шәкірттеріміз республикалық деңгейде мектебіміздің мерейін асқақтатты! VII Республикалық «Абайтану» олимпиадасында жеңімпаз атанған оқушыларымыз:…

            06
            May
            25

            Тәжікстанда топ жарған таланттар

            Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен Western Asia Youth Chess Championship 2025 чемпионатында Швейцариялық жүйе бойынша өткен 7 турдың қорытындысы бойынша, рапид шахматынан Батыс Азия…

              06
              May
              25

              Мектеп президенті: 2025 жылғы сайлау

              Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде Мектеп президенті сайлауы сәтті өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Өмірзақ Саният көпшілік басым дауыспен жеңімпаз деп танылды.✨ *…

                06
                May
                25

                Fizmat Chess Open – 2025 қорытындысы

                Республикалық физика-математика мектебі мен серіктестері – Қазақстан шахмат федерациясы, Фридом Банк ұйымдастырған Fizmat Chess Open 2025 халықаралық шахмат турнирі биыл төртінші рет өткізілді….

                  02
                  May
                  25

                  1–10 сынып оқушыларын Халықаралық IFSS Junior Turkey 2025 жазғы мектебіне шақырамыз!

                  Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) мен Fizmat Academy орталығы бірлесе отырып, Түркия елінде оқушыларға арнап қызықты демалыс ұйымдастырады Балаңызға оқу, теңіз, жаңа достар және…

                    02
                    May
                    25

                    Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания)

                    Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания) 20 шілде – 3 тамыз 2025 жыл. Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) Fizmat Academy орталығымен бірлесе отырып, 8–10…

                      01
                      May
                      25

                      Эдгар Мамедов — Қазақстан тарихында ең жас гроссмейстер халықаралық атағын иеленген шахматшы!

                      Испанияда өткен беделді IX Open Internacional Semana Santa San Vicente del Raspeig Costa Blanca 2025 A турнирінде Эдгар 9 мүмкіндіктен 7 ұпай жинап,…